Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс-әрекет түрі: Математикалық
жазбалар.
Тақырыбы:
Кеңістікте бағдарлау.
Мақсаты: Жаңа міндет – арнайы
құрылған кеңістік жағдайларында бағдарлауға және қойылған шарт
бойынша өз орнын анықтауға үйрету. Баланы тапсырма орындауға
үйрету.
Көрнекілігі: қуыршақ ойыншық,
дидактикалық ойындар.
Оқу іс-әрекет барысы: Ұйымдастыру
кезеңі.
Баланы тапсырма орындауға үйрету
қажет (Мысалы: «оң жағында шкаф, артында орындық болатындай тұр.
Алдыңғы жағыңда Толқын, артқы жағыңда Қуаныш орналасатындай
отыр»).
Мұнымен қоса, балалар заттардың
басқа затқа қатысты орналасуын сөзбен сипаттап үйренуі тиіс.
Мәселен: «Қуыршақтың оң жағында қоян тұр, қуыршақтың сол жағында
пирамида тұр, Толқынның қарсысында терезе, бас жағында шам
орналасқан».
Кеңістікте бағдарлау дағдыларын
қалыптастыру баланың үнемі осы түсініктерді пысықтап отыруы
барысында сәтті болады. Дағды қалыптастыруда балалар қызығатындай
мысалдар қолданылады.
Дәптермен жұмыс.
№1 тап. Сурет бойынша жұмыс
жүргізе отырып, алдыңғы сабақтағыдай заттардың бір-біріне қатысты
орналасқан орнын анықтаңдар. Мына секілді сұрақтар қою. «Қыздың
жоғарғы жағындағы, доптың доптың қасындағы құстарды көрсет. Енді
орындықтың астында неше құс барын айт».
Балалардың толық жауап беруін
өадағалау керек. Содан кейін қозғалыс бағытына байланысты сұрақтар
қойамын. «Ит өай жаққа жүгіріп барады? Ұшақ қай жаққа қарай ұшып
барады?».
Егер бала жауап беруге қиналса,
мәселен, «Ит оң жаққа жүгіріп барады». «Ұшақ сол жаққа ұшып барады»
деп мұғалімнен кейін қайталаған жөн.
№ 2 тап. Сол жақтағы белгіні
пайдаланып, ұлудың жолын сал. Өз жолыңды басқа түсті қарандашпен
түсір. Оң жаққа мынадай бағдаршалар сал. Бұл тапсырманы орындар
алдында балаларды сызбалармен таныстыру.
→ - бағыт оңға қарай
↓ - бағыт төменге қарай
← - бағыт солға қарай
↑ - бағыт жоғарыға қарай.
Бір нүкте – бір торкөзге жылжиды,
екі нүкте – екі торкөзге жылжиды.
Мәселен: «Ұлу солға қарай екі
торкөз¨→, төмен бір торкөз•↓ жүріп өтті», жол бағдаршамен
көрсетіледі.
№ 3 тап. Көзбен шамалау
қабілеттерін арттырады. Балалармен үлестірмелі материалмен жұмыс
жүргізіледі. Үстелге 2-3 фигура қойылады. Содан кейін олар бірінің
үстіне бірі қойылады. Балаларды төмен, орта, жоғары сөздерін дұрыс
түсінгенін тексереміз. «Бір фигура төменде, екінші фигура ортада,
үшінші жоғарыда жатса, үстінен бірін қойғанда не шығатынын
елестетіңдер. Қандай сурет шығады?»
Жауап: жоғары қатарда шаршы,
төменгі қатарда шеңбер ішіндегі щаршы шығады.
№ 4 тап.
Саусақ қимылын дамытамыз. Берілген бағытпен сызықтар бойынша
жоғарыдан төмен көлденең, қиғаш сызықтар саламыз.
Қорытындылау.
Осы және өзге сабақтарда саусақ
қимылын дамытуға арналған дәптер пайдалынады. Тапсырмаларды әр
балаға қабілетіне қарай жеке таңдап беруге болады.
Балалардың іс-әрекеті арқылы
сабақты пысықтаймын.