Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Математика негіздері Мектепалды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика негіздері бөлімі бойынша балабақша тәрбиешілеріне арналған ашық сабақ, жаңа тың ой желісінен алынған есептер мен тапсырмалар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Балбұлақ” бөбекжай

балабақшасының меңгерушісі

___________А.Т.Жақсымағамбетова




Білім беру саласы: «Таным»

Оқу қызметі:Математика негіздері

Тақырыбы: «Сиқырлы кейіпкерлер қорапшасы»

Мақсаты: 10 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. Тура және кері санау тәртібімен таныстыруды жалғастыру. Қызықты математикадан өткен білімдерін қайталату. 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10 көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндегі сандардың құрамын қайталау.Сандардың таңбасын танып білуге үйрету.Сандардың қатарын ажырата білу қабілеттерін дамыту.Шапшаң есептеуге баулу. Сұрақ қою және дағдыларын дамыту. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды табуы. Логикалық ой өрісін дамыту, есепке қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтай отырып, бекіту. Айтқанды мұқият тыңдауға, өзгенің ойымен келісе білуге, сыпайы бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу

Билингвальды компонентібір-один,екі-два,үш-три,төрт-четыри,бес-пять,сандарды қосу-сложение

Сөздік жұмысыадасқан сандар,шатасқан аңдар.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сандар,есептер , салыстыру шамалары, апта күндері, қыс мезгілінің суреті, пішіндер бейнесі мен макеті


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің басқару қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық - қозғаушылық

- Балалар қане бәріміз тұрып шаттық шеңберін құрайық.

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз.

Сәлеметсіздер ме?

Дұрыс, балалар бізге келген барлық қонақтармен амандасып өз әдептілікпен ізетілігімізді білдірдік.


Шаттық шеңберіне тұрып орындайды


Қонақтармен амандасады.


Ұйымдас- тырушылық – ізденістік






















-Балалар бүгін біз математика негіздерін өтеміз.Алдымен не білетінімізді тексерейік.


Сұрақ-жауап:

1.Бір жылда неше жыл мезгілі болады?

2.Бір аптада неше күн бар?

3.Апта күндерін атаймыз.

4. Бүгін аптаның қай күні?

5. Кеше,бүгін,ертең дегенді қалай түсінесіңдер?

6. Ал, қазір жылдың қай мезгілі?

7.Қыс мезгілінің ай аттарын атай аласыңдар ма?

Сұрақтарды суреттерді көрсетіп сұрау

Кенеттен белгісіз жерден музыка ойнайды.

Тәрбиеші топта гүлдердің арасынан белгісіз қорапша тауып алады.Қорапшаның әр жағында пішіндер бейнеленгенін ішінде бірнеше тапсырмалар бар екенін айтады.Ал бұл қорапша қайдан келгенін білу үшін сыртында тұрған флешкадан видеоны қарайды.Видеода «Балапан» арнасының мультфильм кейіпкерлерінің арнайы қалдырған жазбасын көреді.

Міне ,балалар көрдіңдер бүгінгі оқу –қызметіміз өте қызықты болғалы тұр.Мұнда мультфильм кейіпкерлері сендерге өздері шеше алмаған тапсырмалар ретін салып жіберіпті.Ал біз оларға тапсырмаларды орындап шешімдерін тауып беретін болсақ бізге сый әкеп берулері мүмкін.Көмек береміз бе?

Ендеше қандай тапсырмалар екенін көрейік. Оны көру үшін 1-ден - 10 -ға дейін тура және кері санауымыз керек.Және оны орысша,ағылшынша санап көрейік.

Кенеттен қораптың бір бетінен жарық түсе бастайды.

-Балалар қараңдар нені көріп тұрсыңдар?

Дұрыс , енді біз ең алдымен қызыл түсті шеңбердегі тапсырманы орындау керекпіз


  1. «Сүйкімді понилердің тапсырмасы»

«Аңдардың адасқан бейнесі»

Әр балаға 1-10 ға дейінгі қиылған аңдардың суреттері беріледі.Соны сан реті бойынша реттеу керек.

Жарайсыңдар балалар енді келесі тапсырмаға көшейік.Осы сөзден кейін қораптың екінші жағы жанады.

-Балалар,қандай пішін шықты?


  1. «Көліктердің тапсырмасы»

« Көршісін тап»

Тақтаға әр балаға сандар ілінеді.Балалар шығып сол сандардың көршілерін тауып іледі.

Тапсырма аяқталған соң кенеттен қораптың үшінші жағы жанады?


  1. «Эльзаның тапсырмасы»

«Есептер қосамыз,аламыз»

Әр баланың алдына қағазға есептер тапсырмасы беріледі.Онда сандарды қосу мен азайту есептері берілген.

Қораптың төртінші жағы жанады


  1. «Құтқарушы күшіктердің тапсырмасы»

«Үйлерді салыстырамыз,артық ,кем»

Балалар алдыларына берілген қағаздағы салыстыру тапсырмасын орындайды.


Сергіту сәті:


«Тура және кері сандар»

Балалар қолдарына 0 ден-10 ға дейінгі сандарды ұстап шығады.Музыка ырғағына билеп жүріп белгі берілгенде тура реттеліп тұрады.Келесіде кері қарай тұрады.


Қораптың бесінші жағы жанғанда балалар қызғылт сары түсті сопақшаны көреді.


  1. «Сүйкімді Софияның тапсырмалары»

«Адасқан сандар»

1-10 дейінгі сандардың араларында бірнеше сандар жоғалып кетіпті ,соларды тауып жазу.


Жарайсыңдар,балалар сендер барлық тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар.Енді бізде қораптың соңғы жағы қалды .Ол қораптың қақпағы оны ашудың соңғы тапсырмасы бізге берілген ойынды ойнау екен.


Ойын: «Көңілді пішіндер»

Балалар 4 топқа бөлініп отырады. Әр топқа әр түрлі түсті пішіндер беріледі.

1 топқа қызыл,сары,көк түсті кішкене шеңберлер.

2 топқа дәл сол түсті үшбұрыштар.

3 топқа шаршылар.

4 топқа тіктөртбұрыштар.

Осы пішіндерді әр бала өз түсін түтікше арқылы өз ыдысына жинап алуы керек.

Жарайсыңдар, балалар сендер барлық тапсырмаларды орындап,ойынды да дұрыс ойнадыңдар.






4 мезгіл

7 күн

Атап береді

Сәрсенбі

Кеше өтіп кеткен күн,бүгін болып жатқан күн,ертең келе жатқан күн.

Қыс мезгілі

Желтоқсан,қаңтар,ақпан





Балалар қызыға қарайды.







Көмек беруге талпынады.

Бірден –онға дейін тура, кері,орыс тілінде және ағылшын тілінде санап береді.



Қызыл түсті шеңберді







Балалар реттеп қояды.





Көк түсті үшбұрыш


Сандардың көршілерін табады.



Сары түсті шаршы

Есептерді есептеп шығарады.




Жасыл түсті тіктөртбұрыш



Үйлерді салысытырады.




Тура және кері реттеліп тұрады.









Ойланып жазады.





Мұқият тыңдайды








Ойынға қызыға қатысады.


Рефлексиялық –

Түзетушілік


Қорытынды:

Сұрақ-жауаптар:

-Бүгінгі оқу –қызметі сендерге ұнады ма?

-Барлық тапсырмаларды орындадық па?

-Сандарды тура және кері санайық

-есептер шығару оңай ма екен,әлде қиын ба?

Балаларды бағалау

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.




Сұрақтарға жауап береді.



Балалардың іс-қимылдары



Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1ден-10ға дейінгі сандардың таңбасын білу керек.

Игереді: 10 көлеміндегі сандарды қосуды және азайтуды.

Меңгереді: сандарды танып білуге, тура және кері санауды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
12460
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі