Материалдар / Ашық сабақ. Математика оқу қызметі Тақырыбы: Сан және санау.Геометриялық пішіндер.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Математика оқу қызметі Тақырыбы: Сан және санау.Геометриялық пішіндер.

Материал туралы қысқаша түсінік
математика оқу қызметінің өтілу әдісін және оқу қызметінде ұлттық нақыштарды қолдану әдістерін көрсетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2021
533
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




«Балапан» ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері

Тақырыбы: Сан және санау.Геометриялық пішіндер.

Мақсаты:

Білімділік: Атадан балаға өнеге болып қалар қазақ ұлтының ұмытылып бара жатқан дүниелерінің бірі асықты балаларға таныстырып көрсету, ойнату, түсіндіру, әртүрлі-түстегі асықтармен қарапайым математикалық сандарды санап үйрету,геометриялық пішіндерді ажыратуды жалғастыру.

Дамытушылық:Асық ойнату арқылы балаларды санай отырып түстерін ажыратуын, асық ойнату арқылы балаларды дәлдігін, ептілігін,шапшаңдығын дамыту.
Тәрбиелік:Асық ойындарына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Керекті құралдар:Асықтар,кілемше,қорапшалар,қоржын

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру, таныстыру,ойын,сұрақ-жауап


Әрекет-кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы




Шаттық шеңбері: «Қайырлы таң»

Қайырлы таң, көздер!

Сіздер ояндыңыздар ма?

(Көзді уқалап,көзді ашып, саусақтармен бинокль жасап, бір-біріне қарау).

Қайырлы таң, құлақтар!

Сіздер ояндыңыздар ма?

(Құлақтарды екі қолмен уқалау)

Қайырлы таң қолдарым!

Сіздер ояндыңыздар ма?

(Қолдарымызды шапалақтау).

Қайырлы таң, аяқтар!

Сіздер ояндыңыздар ма?

(Қолмен тізені ұру,аяқты топ-топ етіп басу).

Қайырлы таң, балалар!

Біз ояндық! (Қолыңызды жоғары көтеру)

Есікті біреу тықылдатады:

Балалар есікті біреу тықылдатып тұрған сияқты,

барып көрейін.

-Сәлеметсіз бе! / есіктен хат тасушы келеді/

Кіріңіз.

Қызықты сәт Хат тасушы: (амандасады)

Бұл «Зейнеп-Амина және балапандар» бөбекжай-балабақшасыма?

15 топтың балаларысыңдарма?

Сендерге «Математика патшалығынан» хат келді.

/ тәрбиешіге беріп кетеді./

Балалар шаттық шеңберде тұрып бір –бірімен сәлемдесіп,тақпақты айта отыры,бірге қимылдайды.














Балалар хат тасушымен амандасады.










Ізденуші

ұйымдастырушы

Негізгі кезең: 

1.Балалар мына әдемі қорапшаның ішінде не бар екенін көргілерің келе ме? Олай болса ашып көрейік.

Балалар не көріп тұрсыңдар?

Қандай әдемі қорапша!

Балалар бұл не?

Қандай әдемі асықтар!

Асық не екенін білеміз бе?

Асық туралы әңгімелеп өту,бүгінгі математика оқу қызметін асықты қолдана отырып,өткіземіз.



1.Ойын жаттығу:«Асықты түсіне қарай қорапшаға сал»

Мақсаты:Түстерді атай білуге, ажырата білуге үйрету.Баланың танымын қалыптастыру.

Шарты:Қоржыннан төгілген түрлі түсті асықтарды өз түстеріне қарай ажыратып,түрлі түсті қорапшаларға салады.

2 Ойын жаттығу:«Кім шапшаң?»

Мақсаты: Сандарды әр түсіне қарай орналастырып,

сандарды атау және шапшаң орналастыру. Асықтарды түстеріне қарай орналастыра отырып геометриялық пішіндерді ажыратып,сандарды санату.

Сергіту сәті:

Жай қимылды ойын: « Асықтарды жина»

Мақсаты:Балаларды сергіте отырып, тездігін,шапшаңдығын дамыту.

Шарты:Балалар ортаға шығады,музыка ырғағымен айналып билеп жүреді,музыка тоқтаған кезде жердегі шашылып жатқан асықтарды түстеріне қарай кілемшелерге жинап алу қажет.Алған асықтарын санайды,кім көп алса сол жеңімпаз болады.

3. Ойын жаттығу: «Санамақ»

Мақсаты: Балалар қолдарына берілген асықтарды тура және ілгері кейін санап үйрену. Есте сақтау қабілетін дамыту.

4.Ойын жаттығу:

Сюжет құрастыру «Кілемшені әдемілейік»

Мақсаты: Асықтар туралы білімдерін кеңейте отырып,балалар түстерді ажыратып,санауды кеңейту.Ұсақ қол бұлшық еттері және тілдері дамиды.

Шарты: Балалар тақтадағы сюжетті суретті асықтармен безендіру.





Түрлі-түсті асықтар.



Балалар асық туралы тәрбиешінің әңгімесін

тыңдайды.






Ойын жаттығуды қызығушылықпен ойнайды.




Балалар асықтарды санайды,түстерді және геометриялық пішіндерді ажыратады.






Балалар сергіту сәттерін орындайды.






Асықтарды тура және кері санайды.




Балалар тақтадағы сюжетті суретті асықтармен безендіреді.

Рефлексті

коррекциялаушы

Сұрақтар беру арқылы оқу қызметін қорытындылайды.

Педагог балаларды жұлдызша арқылы мадақтайды.

Берілген сұрақтарға жауап береді.




Күтілетін нәтеже:


Біледі: Асық туралы білімдері кеңейді.

Игереді: Санауды,түстерді,геометриялық пішіндерді ажыратуды игереді.

Меңгереді: Асықтармен ойын ойнай отырып,математикалық білімдерді меңгереді.































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!