400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Математика Пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика Пайызға байланысты мәтіндік есептерді шығару
Материалдың қысқаша нұсқасы

218 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әли Бота Қанатбекқызы

Бөлім:

5.4А Пайыз

Педагогтің Т.А.Ә.

Әли Бота Қанатбекқызы

Күні:


Сынып:5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді есептерді шығару

Оқыту бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару;

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылар берілген санның пайызын табу,пайызы бойынша санды табу жолдарын пайдалана отырып,пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара алады;

*ЕББҚ ететін оқушы 4 минут ішінде қалыптастырушы бағалауға берілген үш есептің кемінде екеуін орындайды.


Ойлау деңгейі

Түсіну,қолдану

Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Сабақтың кезеңі

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.


Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың тақырыбы хабарланады. Оқушылардың назарын сабаққа жинақтаймын.

Сынып алдын ала қағазға жазылған есептерді шығару арқылы 3 топқа бөлініп отырады.Есептер ауызша шығарылады. Топқа бөліну есептері мысалыға:50- дің 10%-ы,20-ның 25%-ы деген есептерде бірдей 5 деген жауап шығады.

Бірдей жауап шыққан оқушылар бір топқа жинақталады.Топтарда орындалған әр дұрыс тапсырмаға жұлдызшалар таратылып отырады.Жеңімпаз топ анықталады.



Парақшалардағы есептерді ауызша шығарып,топтарға бөлініп отырады.









Топқа бөлу тапсырмаларын шапшаң шығарған оқушылар мадақталады.








Топқа бөлу тапсырмалары жазылған парақшалар.








3 мин.

1.Үй тапсырмасын тексеру.Үй жұмысына берілген есепті дайын жауап арқылы тексеремін.

«3 сұрақ» әдісі бойынша пайыз ұғымын еске түсіреміз.

1.Неге? Пайыз сөзін қазір неге көп естиміз?

2.Не үшін? Пайыз ұғымы не үшін қолданылады деп ойлайсыңдар?

3.Қайда? Күнделікті өмірде пайыз ұғымы қайда қолданылады?

Оқушылар топтп бір-бірінің дәптерлерін ауыстыру арқылы дайын жауаптан үй жұмысын тексереді.

«3 сұрақ» әдісінде оқушылар күнделікті тұрмыста пайызға байланысты мысалдарды айтады.Мысалы,дүкендердегі пайызға байланысты маусымдық жеңілдіктерді, банктен ата аналары тұрмыстық жағдайға байланысты кредит алғанда пайыздық мөлшерлемелерін,азық-түлік сыртындағы пайыздық көрсеткіштері т.б. мысалдар келтіреді.

Сұрақтарға ұтымды ,креативті жауап берген оқушылар мадақталады:

«Жарайсың!» «Жақсы!», «Талпын!».



Неге? Қайда? Не үшін? Сөздері жазылған парақшалар.

Слайд(пайызы көрсетілген азық түлік суреттері,акция болып жатқан дүкен сөрелерінің суреттері )



Сабақтың ортасы

15 мин.

2.Жаңа білім«Жылдам болсаң тауып көр» әдісі арқылы топтық тапсырма беремін.

1 топ тапсырмасы:

Арман кітап дүкенінен кітаптар сатып алды.Сатып алынған кітаптардың 20%-ы оқулықтар,15%-ын әдеби кітаптар,30%-ын ертегілер құрады. Егер Арман ертегі кітаптарға 1500 теңге төлесе,онда оқулықтар мен әдеби кітаптарға қанша ақша төледі?

Дескриптор:Білім алушы

-Мәтін есептің шартын жазады.1 балл

-Пайызы бойынша санды табады.1 балл

-Жауабын жазады.

2 топ тапсырмасы:

Ерлан 500000 теңге тұратын үй жихазын сатып алғысы келеді.Бастапқы төлем 100000 теңгені құрап,алты ай бойы 70000 теңгеден төлеуге тиіс.Мұндай төлем жоспары бойынша жихаздың құны бастапқы бағасынан қанша пайызға жоғары болады?

Дескриптор:Білім алушы

-Мәтін есептің шартын жазады.1 балл

-Санның пайызын табады.1 балл

-Жауабын жазады.


3 топ тапсырмасы:

Жұмыс орындау жоспарлары бірдей екі бригаданың бірі 2 сғатта жоспардың 40%-ын орындайды,бұл 160 бөлшекті құрайды.Егер екінші бригада осы екі сағатта жоспардың 30%-ын орындайтын болса,онда олардың орындаған бөлшектер саны қанша?


Дескриптор:Білім алушы

-Мәтін есептің шартын жазады.1 балл

-Пайызы бойынша санды табады.1 балл

-Жауабын жазады.





Әр тапсырманы оқушылар өз топтарында орындап,жауптарын ортаға жариялайды.Әр топ жауаптарына кері байланыс жасайды.

1.20%+15%=35%

1500/ =1500 =5000

5000 =50*35=1750

Жауабы:1750

2.

Жоспар бойынша:

100000+70000*6=520000

Теледидардың бағасы.500000 теңге,онда

520000-500000=20000

Пайыздық шамасы:

=4%

Жауабы:4%

3.

160/ =160 =400

400 =120

Жауабы:120 бөлшек.



Кері байланыс.

Дескриптор арқылы бағалау.

Мадақтау.









Дескриптор арқылы бағалау.

Мадақтау.







Кері байланыс.

Мадақтау.







Дұрыс шешімін тапқан топтарға жұлдызшалар таратылады.

Әр топқа тапсырмалары жазылған плакаттар таратылады.

Слайд



8 мин.

3.«Жұптық жұмыс» Ойлан!Жұптас! әдісі.Берілген тапсырмаларды жұптасып орындайды.

*ЕББҚ ететін оқушыны сыныптағы қаблеті жоғары оқушымен жұптастырамын.

Адам тіршілік ету үшін дені сау болу керек. Ол үшін дәрумендерге бай тағамдармен қоректену керек.Олай болса сондай тағамдардың тіршіліктегі қажеттілігін байқап көрейік.

Есеп№1

1-топ оқушылары жұптасады

Сүт құрамының 6%-ы кілегей,12 кг кілегей алу үшін қанша кг сүт қажет?

2-топ оқушылары жұптасады

Картоптың 21%-ы крахмал,10,5 кг крахмал алу үшін қанша картоп керек?

3-топ оқушылары жұптасады

105г дәннің 84 грамы өсіп шықты,дәннің өнімділік пайызын табыңыз?

Оқушы:

-Мәтін есептің шартын жазады.1 балл

-Пайызы бойынша санды табады.1 балл

-Санның пайызын табады.1 балл

-Жауабын жазады.



Ойлан!Жұптас! әдісі бойынша оқушылар тапсырманы өз топтарында жұптасып орындап,дайын жауаптармен тексереді.

Қаблеті жоғары оқушы *ЕБҚ

ететін оқушыға түсіндіре отырып,бірлесіп шығарады.


1)шешуі:х= =200

2)шешуі:х= =50

3)шешуі:х= =80

Жұптар тақтада есептерінің шығарылу жолын қорғайды.

Бірін бірі толықтырады.

Мадақтау.

Жұлдызшалар тарату.

Есептер жазылған парақшалар.



8 мин

4.Жеке жұмыс.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында тапсырма беріледі. «Кім жүйрік»әдісі

Тапсырма.

Айдынның «Каспий Депозитке»осыдан екі жыл бұрын салынған ақшасы 1288225 теңге болды.Жылдық өсімі 13,5% болғанда алғаш банкке қанша ақша салынған.

Оқушы:

-пайызды бөлшекке айлдырады.1 балл

-күрделі пайызбен есептеу формуласын пайдаланады.1 балл

-жауабын жазады.























*ЕББҚ ететін оқушының білім алуына арналған тапсырма.

Оқушы мұғалімнің бағыт бағдары арқылы орындайды.

Тапсырма.

Сыныптағы 30 оқушының 60%-ы шахмат үйірмесіне қатысады.Неше оқушы шахмат үйірмесіне қатысады?

Оқушы:

-санның пайызын табады:

-жауабын жазады.

.«Кім жүйрік»әдісі бойынша оқушылар жеке жұмыс жасайды.Шығарып болған оқушы тақтада есептің шешімін көрсетеді.Есепті екі жағдаймен шығару мүмкін,соның ішінде күрделі пайызбен шығару формуласын пайдаланған тиімді. Кері байланыс жасайды.

Шешуі:

1-жағдай.ең алғаш салынған ақша х мың теңге.Бірінші жылдың соңында салынған ақша х+(13,5/100)х=1,135х мың теңге

Екінші жылдың соңында

1,135х(1+0,135)=1,288225 х мың теңге,яғни 1,288225х =1288225

Х=1000000

Жауабы.84000 теңге салған.

2- жағдай:

Күрделі пайыз формуласы = *


=1288225 -бастапқы салған ақша

* =1288225

х=131250

1,288225х=1288225

Х=1000000






Шешімі:

30* =18

Жауабы.18

Оқушыларды мадақтау.

Жұлдызша беру


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.02.2023
326
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі