Сабақ
тақырыбы:
«Пішіндер бізде қонақта» 2 сәбилер тобы
Білім
беру саласы:
«Таным», «Қатынас».
Білім
көздері:
Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты:
Балалардың пішіндер туралы білімдерін
толықтыру оларды ажыратып, атай білуге
үйрету, пішіндерді бақылау арқылы
айналадағы заттардың пішіндерінің
ұқсастығын салыстыра отырып, ажырата
білуін және ой өрісін жетілдіру.
Дамтушылық:
Ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту,
өздігінен жұмыс істеуге машықтандыру.
Қарапайым сұрақтарға жауап беруге
үйрету.
Іс-әрекет
бөлімдері:
Тәрбиешінің
іс-әрекеті.
Балалардың
іс-әрекеті.
-Балалар
бүгін бізге қонақтар келіпті, кәне
амандасайық.
Сәлеметсіздерме,
балалар шаттық шеңберіне тұрайық!
Бір-бірімізге
қарап күлкі сыйлайық.
Міне, көңілімізде
көтеріліп қалды.
Тосын
сәт. Есік қағып ішке қуыршақ - Сәуле
кіреді.
-
Сәлеметсізбе, қуыршақ - Сәуле?
-
Сәлеметсіңдерме, балалар? Мен – қуыршақ
Сәулемін. Мен сендерге достарымды ерте
келдім. Сендер оларды танисыңдарма?
Қазір мен олар туралы жұмбақ жасырайын
таба ала ма екенсіңдер?
Атына
сай балалар,
Үш бұрышы, үш жағы
бар.
Ол
пішінді кім табар?
Жауап: Ол-үшбұрыш
-Дұрыс айтасыңдар,
балалар.
-Неге
үшбұрыш деп атаймыз?
-Оның үшбұрышы
бар.
-Үшбұрыштың
түсі қандай екен?
-Сары үшбұрыш.
-Менің
қолымдағы үшбұрыштың көлемі қандай?
-Үлкен, кіші.
-Алдарыңдағы
пішіндердің ішінен үшбұрышты көрсетіңдерші
(Балалар көрсетеді).
-Үшбұрыштар
неге ұқсайды екен?
-Үйдің шатырына,
тұмарға.
Енді келесі
жұмбағымызды жасырайық.
Төрт
бұрышы бар, төрт қабырғасы бар. Бұл қай
пішін?
Жауап: Төртбұрыш.
Төртбұрыш
неге ұқсайды?
-Терезеге, есікке,
жастыққа, тақтаға.
-Алдарыңдағы
пішіннің ішінен төртбұрышты көрсетіңдер.
Балалар көрсетеді.
-Дұрыс
айтасыңдар балалар.
-Ал менің
қолымдағы төртбұрыштың түсі қандай?
-Қызыл төртбұрыш.
-Қараңдаршы
балалар, Сәуле көңілсіз болып қалды,
сұрап көрейікші неге көңілсіз екен?
-Сәуле
саған не болды?
-Мен мысығымды
сағындым.
-Сәуле
саған біздің балалар төртбұрыштардан
мысық құрастырып береді.
-Сендер
төртбұрыштардан менің сүйікті мысығымда
құрастырып бере аласыңдарма?
-Әрине.
Тәрбиеші:
Сәуле
мен сенің мысығыңның суретін тақтаға
ілейін, балалар соған қарап жұмыс
істесін. (балалар пішіндерден мысық
құрастырады.).
Ой қандай керемет
балалар! Енді мысыққа арнап тақпақ
айтып беріңдерші.
Тікірейіп құлағы,
Елден бұрын тұрады.
Бойын
жазып керіліп,
Беті
қолын жуады.
Сәуле:
Балалар мен қандай сергіп қуанып қалдым.
Ендеше тағы бір
жұмбақ жасырайын.
Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін
бар.
Атын оның атаңдар.
Жауап
- Дөңгелек.
Түсі
қандай?
Көк түсті.
Дөңгелек
неге ұқсайды?
Допқа, алмаға,
күнге ұқсайды.
Ал енді алдымыздағы
пішіндердің ішінен дөңгелектерді
көрсетейік.
(
Балалар
дөңгелекті көрсетеді).
Қол
моторикасын дамыту:
Қортындылау:
Біз
бүгін қандай пішіндермен таныстық.
Үшбұрыш, төртбұрыш,
дөңгелек.
Күн
қандай пішіннен құрастырылды?
Дөңгелектен.
Жарайсыңдар
балалар. Балалар, кәне бәріміз үлкен
шеңбер жасап, қонақтар қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді
біз құрайық.
Көріскенше,
күн жақсы,
Сау - саламат
болайық.