жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Математика "Санды өрнектерді салыстыру"
Сабақ тақырыбы: |
Санды өрнектерді салыстыру |
Ш. Смаханұлы атындағы №62 гимназия |
||||
Күні : |
|
Мұғалім: Шынгысова Д.Ж |
||||
СЫНЫП: 1 |
||||||
Оқу мақсаты: |
1.1.2.1.теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады; “+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, (□) белгісіз сан символын қолданады. |
|||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
Ресурстар: |
Әр жұп оқушыға арналған: ламинатталған қағаз парақтары; маркерлер; санды өрнектер жазылған парақшалар
|
|||||
Тірек сөздер |
өрнектің мәні. |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау дағдысын дамыту; салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағдыларын дамыту, кір жаю әдісі арқылы өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстырып тақырыпты ашу. Сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту. |
|||||
Сабақтың барысы 5 минут |
Нұрлы күн аспанға көтеріледі де , өзінің алтын сәулесін жан- жаққа таратып, жер бетіндегі бар тіршілікті ұйқысынан оята бастады, сол күн сәулесінің шуақтары біздің сыныпқа да түскенін сезінейік! Қуан шаттан, қуан шаттан! Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң, қайырлы күн Күліп шықты күн бүгін —Рахмет, балалар, орнымызға отырайық.
|
|||||
Күтілетін нәтиже |
Санды өрнектерді ажырата алады, мәнін таба алады, |
|||||
Қызығушылықты ояту |
Математикалық өрнектер нешеге бөлінеді? Математикалық өрнек
Санды өрнек Әріпті өрнек
|
|||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
Ресурстар, жұмыс түрі |
||||
Санды өрнектерді салыстырғанда, олардың сан мәндерін өзара салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Кез келген екі санды өрнектің мәндері бірдей болса, олар өзара тең болады. Ал өрнек мәндері тең болмаса, мәндерінің не артық, не кем екенін анықтауға болады. Кіріспе тапсырма.Кір жаю әдісі: Оқушыларға әріпті өрнек тер мен санды өрнектерді таратып беремін. Сол жағына әріпті өрнектерді қыстыруды сұраймын. Ал оң жақғына санды өрнектерді ілуді сұраймын. Әріпті өрнектері бар оқушылар өрнектерін жіпке іледі. Келесі бір оқушы санды өрнекті жіпке іледі. Тағы бір оқушы жіпке келесі санды өрнекті іледі. Енді осы кезде сұраймын қараңдаршы балалар енді біз осы санды өрнектерді салыстырайық. Олар есептеп санды өрнекті салыстырады. Тағы бір оқушы артық не кем деген белгіні санды өрнектің ортасына іледі. Осылайша тағы үш оқушы тақтаға санды өрнектерді іліп өрнектерді салыстырады. Мысалы: 2 + 5 < 6+4 Әріпті өрнек х+3
|
Хайуанаттар дүкенінде.Қане балалар бәріміз видеодан дауыстарды тыңдайықшы. Видеороликтен хайуанатардың дауысын тыңдату. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен әңгіме жүргіземін. Хайуанат дүкені туралы не білетінін сұраймын. Хайуанат дүкенінде жануарларға арналған қорек түрлері, торлар, аквариумдар, түрлі аксессуар сатылады.
Әр қатарға тапсырма беремін.
оқушылар жұппен орындайды. Оқулықтағы суреттер бойынша санды өрнек құрастыруды ұсынамын. Құрастырған санды өрнектерді салыстырады. Жұпта өзара тексеруді тапсырамын. Жауабы: 3 + 4 = 2 + 5; 6 + 6 > 8 + 3; 4 + 4 < 2 + 8. 3-4 оқушыдан сұрау. Ойлан :Ауызша 8кг+7кг > 6кг+5кг Орындап
көр.
Тақтада жұмысты орындату. Оқушылармен
құпия шифрлар туралы әңгімеу.
Суреттердің көмегімен санды ақпараттың
қалай шифрленгенін айтып түсіндіру.
Бірдей суреттерде бірдей сандар
шифрленгенін ескерту. Оқушыларға
құпия шифрді шешіп, санды өрнектерді
салыстыруды ұсынамын.
Жауабы: а) 2 + 2 < 3 + 3 ә) 3 + 5 > 2 + 5 б) 5 + 4 > 3 + 4 в) 4 + 5 + 2 > 4 + 3 + 2.
|
Оқулықпен жұмыс
Жұптық жұмыс. Маркерлі тақталарын дайындау.
Тақтамен жұмыс
Дәптермен жұмыс |
||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру «Кім жылдам» Шығарып көр. Оқушылар санды өрнектерді салыстырады. Тапсырманы жеке парақтарға жазып тақтаға жазып қоямын . Тапсырманы орындағанда оқушылар тақтаға шығып өздері өрнектерді математика тілінде айтып орындап шығады. Тапсырманың орындалу жылдамдығы мен қатесіз орындалуын бағалату. Оқушылар тапсырманың орындалуын өзара немесе мұғалім бағалайды. Жауабы: 18 + 1 < 13+7; 7 + 10 > 10 + 2; 5 + 3 = 4 + 4 16 + 2 < 14 + 5 2 + 0 < 0 + 5. 18 + 1 = 0 + 19 7+2 <9+4 6+3 >5+1 8+2 >5+3 4+2 >3+2 50+40 = 40+50 20+80 =90+10
|
|
|||||
Қосымша тапсырмалар: |
Қар лақтыру әдісі Дорба лақтыру (санды өрнек) айту. М: 3+4 қосындысы 7 тең 5+1 қосындысы 6 тең
|
Дайын дорба |
||||
Рефлексия |
|
• Егер сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң сұңқарды жасыл түске толық боя • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң сұңқарды сары түске боя • Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, сұңқарды қызыл түске боя
|
|
|||
Бағалау |
Оқушылар сабақтың соңында: сандар, шамалар мен санды өрнектер арасын дағы қатынастарды (=, ≠, >, < ) таңбалары арқылы көрсетуді үйренеді. Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өз -өзін бағалату.
|
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген