400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Математика. "Санның жартысы" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ математика
Материалдың қысқаша нұсқасы

О.Бапышев атындағы ЖОМ

Бастауыш сынып мұғалімі:

Ерназарова Н.

Күні: «6» желтоқсан 2016ж Сынып: 1 «А»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Санның жартысы

Мектеп: Б.Бегалиеватындағы жалпы орта мектебі

Мұғалімнің есімі: Ерназарова Н.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сандарды жұп болып келген заттардың жартысын табуды үйрету. Тең бөлу дағдысын қалыптастыру. 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санайды; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табады.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Санның жартысы табуды меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

2, 4, 6, 8, 10 сандарының орналасу ретіне байланысты жартысын табуды меңгереді.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Тірек сөздер

Жарты.Половина it is Half (ит из хэлф)

Сабақтың мақсаты:

Сандары жұп болып келген заттардың жартысын табуды үйрету. Тең бөлу дағдысын қалыптастыру.

Ресурстар:

шаршы фигура модельдері;

санау таяқшалары;

оқу құралдары (дәптер, кітап, қарындаштар);

цифрлар жазылған парақшалар.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Ширату “Бес саусақ

Бас бармағым – атам, үйдің данасы.

Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы.

Ортан терек – әкем отау панасы.

Шылдыр шүмек – шешем шаңырақ ажары

Титтей бөбек – мен бәрінің базары.

Топқа бөлу тапсырма

Пазлдарда қандай сандар жасырылған? Оларды ата.Бұл сандарды бір сөзбен қалай атауға болады? «Тәуелсіздікке 25 жыл»



Шаттық шебері








Сабақтың ортасы

8 минут



Оқулықпен жұмыс

Кіріспе тапсырма. Сабақты оқулықтағы “Сандары жұп заттардың жартысын табуға болады” ұғымды түсіндіру. Осы мақсатта І топ

“Алты қонжықтың тең жартысы үш қонжық болады. Ал сегіз қонжықтың жартысы қанша болады?” суретпен берілген тапсырманы орындау. Суретке қарап оқушылар алты қонжықтың жартысы үш қонжық болатынын түсінеді. Сегіз қонжықтың жартысы қанша болатынын анықтау оларға қиындық туғызады.

ІІ топ

Құстар. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз.

Жауабы:

— екі бұтаққа суықторғайлар мен кептерлер тең бөлініп қона алады, себебі олардың саны 4 және 2;

— екі бұтаққа қарлығаштар мен үйректер тең бөлініп қона алмайды, себебі олардың саны 1 мен 3 (сондай-ақ үйректер ағаштың бұтағына қона алмайды).

ІІІ топ

Құмыралардағы гүлдердің саны туралы не ойлайтынын сұраңыз. Қызғалдақтың саны орындауды ұсыныңыз. Құмыралардағы гүлдердің саны туралы не ойлайтынын сұраңыз. Қызғалдақтың саны — 5, түймедақ — 12. 5 саны мен 12 санының айырмашылығын сұраңыз. Оқушылардың пікірін тыңдаңыз. Олар 12 түймедағын тең етіп бөлуге болатынын, ал 5 қызғалдақты тең етіп бөлуге болмайтыны туралы қорытынды жасайды.

Жауабы: қызғалдағы бар құмырадан жарты гүлді бөліп алуға болмайды.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут


















Аяқталуы


16 минут




І- топ “Сұрақтар банкасы”

10 – нан 20 – ға дейін сандар берілген. Жартысын есептеп табуға болатын сандарды бір банкаға, жартысын есептеуге болмайтын сандарды екінші банкаға жинау. Оны топ мүшелері қорғап айту.

ІІ – топ “Сиқырлы қар”

Сан берілген, сол санның құрамын анықта. Қыс айларын ата.

ІІІ – топ “ Санның жартысын тап”

Жауап екі таңбалы сан ба, бір таңбалы сан ба? Неліктен?


Дәптермен жұмыс: І топ Суреттегі үшбұрыштар мен шаршыларды сана. Олардың жартысын боя. Тапсырма бойынша суреттегі фигуралардың санын анықтайды. Сол санның жартысын тауып, жартысына тең санға сәйкес фигураларды бояйды. Жауабы: 5 үшбұрыш; 4 шаршы.

ІІ топ Сандардың жартысын тауып жаз. Тапсырманы орындай отырып, сандардың жартысын табу керек. Жауаптарын дөңгелектердің ішіне жазамыз.

Жауабы:

6 саны — 3 және 3, 12 саны — 6 және 6,

4 саны — 2 және 2, 10 саны — 5 және 5,

20 саны — 10 және 10, 8 саны — 4 және 4.

ІІІ топ Оқушылар бұл тапсырманы үш кезеңмен орындауы керек. Тапсырманың әр кезеңінде ол боялмаған дөңгелектердің жартысын бояу керек.

Жауабы: көк түспен – 8 дөңгелек;

қызыл түспен – 4 дөңгелек; жасыл түспен – 2 дөңгелек.





Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия


Кеменің суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Оқушылар сабақтың соңында:

2, 4, 6, 8, 10 сандарының орналасу ретіне байланысты жартысын табуды меңгереді. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін мынадай сұрақтар беріп, жауаптарын тыңдаңыз:

— 10 (8, 6, 4, 2) сандарының жартысын қалай табады?

— 3 саны — 6 санының жартысы екенін дәлелдей аласың ба?

Мынадай тапсырма беріңіз:

— 20 санының жартысын айта аласың ба?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
956
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі