400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Математика. Тік бұрыш салу.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні, айы:

Пәні: математика

Мұғалімнің аты-жөні:

Бисенова Умит Молдахметовна

Сыныбы: 2 «ә»

Қатысып отырған оқушылардың саны:

Қатыспаған оқушылардың

саны:

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыш және тік төртбұрыш сызу

Сабақтың түрі

Бастапқы жаңа білімді оқып-үйрену және есте сақтау іс- әрекеттерінің тәсілдері

Сабақтың мақсаты

Геометриялық фигураларды және олардың элементтерін бір-бірінен ажыратады, үшбұрыш және тік төртбұрыш сызады;

геометриялық фигураларды пайдаланып,ғимараттардың моделін құрастырады;жұпта өрнекті құрып,оның мәнін табады.

Бағалау критериилері

оқушылар геометриялық фигураларды ажырата алады;

  • үшбұрыш пен тік төртбұрыш сызады;

  • ғимараттардың моделін сызады;

  • топта өрнек құрады, мәнін табады

Алдыңғы білім

Жазбаша қосу және азайту тәсілдері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс (төменде көрсетілгендердің орнына өз тапсырмаларыңызды жазыңыз)

Ресурстар

  1. Жағымды көңіл күй туғызу.

0-2 минут


Өмірлік тәжірибені өзектендіру.

2-4 минут

Мақсат қою.


  • (Ұ) Жағымды көңіл күй туғызу.

Топқа бөлу.

Балалар,әркім менің қолымнан келіп,өзіне ұнаған геометриялық фигураны алсын.Енді,сол алған фигуралары бойынша бірге отырсын.

Геометриялық  фигураларыңыздың нені білдіретіндігін  білесіздер ме? Олай болса біле жүрейік:Психологиялық тест бойынша:

Шаршы. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады.

Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілетің жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілетің, ой- өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.


Сабақ тақырыбын хабарлап, күтілетін нәтижемен таныстырамын











Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

Сабақ тақырыбы бойынша жұмыс.

6-40 минут



(Т) Графикалық диктант:

1. -Дәптердің шетінен 2 тор көз аттаңдар және нүкте белгілеңдер.

- Сол нүктеден оңға қарай 6 тор көз аттаңдар. Екінші нүкте белгілеңдер.

-Екінші нүктеден төмен қарай 4 тор көз аттаңдар. Үшінші нүкте белгілеңдер.

-Сол нүктеден солға қарай 6 тор көз аттаңдар. Төртінші нүктені белгілеңдер.

-Қандай фигура шықты? Дәлелдеңдер.

2. Кез-келген үшбұрыш сызып, оның үшбұрыш екенін дәлелдеп,периметрін табыңдар.

Топтық тапсырма:

3-тапсырма

І топ- 1-есепті топ арасында талдап,қысқаша шартын құрып, шығарады;

ІІ топ-2-есепті топ арасында талдап,қысқаша шартын құрып, шығарады;

ІІІ топ-өз отбасы туралы есеп құрастырып,қысқаша шартын құрып, шығарады;

ІV топ- 3- есепті топ арасында талдап,қысқаша шартын құрып, шығарады;.

Дескрипторы:

  • есептің қысқаша шартын құрады,шешімін табады;

  • есепті сурет арқылы құрастырып, дәлелдейді;

  • кері есеп құрастыра алады

Слайд: Тас қалаушы қандай жұмыс атқарады?

Ағаш шебері ше?

Сылақшы ше?

Топтық тапсырма: 4-тапсырма

Мақсаты: геометриялық фигураларды пайдалана отырып ғимараттар моделін жасайды,ортада қорғайды.

  • Дескрипторы:

  • Берілген уақытта ғимарат моделін құрайды

  • Оның ерекшеліктерін атайды

Сергіту сәті

(ЖЖ) 5-тапсырма (161 бет)

Оқушылар жұптаса отырып өрнекті баған түрінде талдап,түсіндіре отырып шығарады,өзара тексереді және кеткен қателерді талдайды.

  • Дескрипторы:

  • 1.екі таңбалы санды қосып, азайтады;

  • 2.бірін-бірі өзара тексереді;

  • 3.қатемен жұмыс жасайды



дәптер,қалам,

қарындаш,

сызғыш


























Лего құрастырғыш,

маркер,ақ парақ,









Сабақтың соңы



Сабақты қорыту. Рефлексия.


40-45 минут

(Т) «Шығармашылық тапсырма» «Ғажайып көзілдірік»

Мына көзілдірік арқылы сен не көре аласың?

Әр оқушы өз ойын жазып, топ арасында бір-біріне оқып береді.Әр топтан бір оқушы ортада оқиды.

Дескрипторы:

  • өз ойларын жүйелі түрде жеткізе алады;

  • белгіленген уақытта жазады;

(Ж) «Көңілді бауырсақтар» әдісі бойынша кері байланыс жасалады.

Үйге: 161-бет 7-тапсырма



Ақ парақтар,

көзілдіріктер,

қалам










Бағдаршам

Дифференциация - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрделендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз?


Жоспардағы тақырыпты қиыстырыңыз. Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АҚТ-ны байланыстыру.


  • Қабілеті жоғарырақ оқушыларға шағын топтағы шығармашылық жұмыс шеңберінде көшбасшы болу мүмкіндігін беру.

  • Қойылған сұрақтарға берілген жауаптардың деңгейі арқылы.

  • Сұхбат кезіндегі белсенділік.

  • Өз бетімен және топта жұмыс істеу білігі.

  • Рефлексиялық бағалау.

  • Жұлдызшалар арқылы





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі