400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Математикалық Ғаламға саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
). ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Математикалық Ғаламға саяхат
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту; есептеу дағдыларын жетілдіріп, математика пәніне деген қызығушылығын ояту; жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сабақтың жабдығы: ракета моделі; үлкен қағазда белгіленген ұшудың жоспары; жұлдызшалар (қызыл, сары, көк).

Сабақтың барысы:
Экипаж командирі дайындығы жөнінде рапорт беріп, ракетаның үшуына секундтарды санайды.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сіздей өренді
Математика сырына.
- Жарайсыңдар! Біздің ракетамыздың стартына дейін 10 секунд қалды.
Санауышты жағыңдар!
Секундтарды санаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Старт!

«Есептеуіш» аялдамасы.
- Балалар, сендер барлықтарың қазір – ғарышкерсіңдер. Ұшу кезіндегі сендердің ең бірінші сынақтарың – «Қай ракета жылдам?» сайысы. Қаламдарыңды дайындап, ережелерін мұқият тыңдаңдар.
Әр командир ішінде тапсырма жазылған ракета алады. Тапсырманы тез орындап, келесі оқушыға беруі тиіс. Соңғы тапсырманы орындаған экипаж мүшесі ракетаны орнына әкеледі. Егер экипаж тапсырманы тез және дұрыс орындаса, ол жұлдызшамен марапатталады (1 орын – қызыл, 2 орын – сары, 3 орын – көк жұлдызша).
1 - тапсырма:
1. 256 :□ + 101 • 2
6 • (240 - □) = 240
63 =□• 9
54 =□ • 2

2.740 + 180 □ 560 + □
(□ + 60) □ 3 □ 30
54 □□□ 6
63 □□□ 3

Экипаж командирлері ортаға шақырылады.
Әрбіреуіне тапсырма жазылған карточкалар таратылады.
- Назар аударыңдар! Старт! Есептеуге кірісеміз.
2 - тапсырма:
1. Наурыз, сәуір және мамыр – көктем айлары. Көктемде неше күн барын сана. (90 күн)
2. Баспалдақта 15 басқыш бар. Баспалдақтың орта тұсындағы басқыш нешінші болады? (сегізінші басқыш)
3. Ұзындығы 10 м жіпті әрқайсысы 2 м болатын бөліктерге бөлу қажет. Сонда жіпті неше рет қию керек? (2 метрден 4 рет)
4. Дене шынықтыру сабағында оқушылар араларына 1м салып, бір қатарға тұрды. Қатар 25 метрге созылды. Қатарда қанша оқушы бар?(26 оқушы)
- Есептерді жылдам шығарға оқушы үлкен жұлдызша алып, ішіндегі тапсырманы экипажбен бірге орындайды.

3 - тапсырма:
1. Суретте неше шаршы суреттелген?
2. Суретте неше үшбұрыш бейнеленген?
(30 сурет) (20 сурет)

Сайыстың қорытындысы шығарылады. Экипаждың алға орыны белгіленіп, қажетті жұлдызша беріледі.
- Біздің ракетамыз ұшуын жалғастырады. Келесі аялдамаға ұшамыз.
Санауышты жағыңдар! Секундтарды санаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Старт!

«Қызықты» аялдамасы
- «Қызықты» аялдамасында сендерді қуанышты хабар күтіп тұр: Ғарышқа геометриялық фигуралардан және цифрлардан құрастырылған адам ұшып кетті.
Қазір экипаж суретшілері сол адамның суретін салуға кіріседі.
- Жарайсыңдар, балалар! Ал қазір сурет сайысының қорытындысын шығарайық. Мына адамның
суретіне қарап келесі сұрақтарға жауап беріңдер: қандай геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар және олардың саны қанша? (сурет көрсетіледі: үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер)
4 - тапсырма:
5 - тапсырма:

Осы аялдаманың қорытындысы шығарылады.
«Спорт» аялдамасы.
- Балалар, ғарышкерлер әрқашан спортпен айналысып, жаттығулар жасайтынын білесіңдер ме?
Тіпті ұшу кезінде де спорттық жаттығуларға уақыт табуға тырысады. Шаршағанды басу үшін біз де сендермен жаттығу жасайық. (Барлығы орындарынан тұрып, спорттық жаттығуды қайталайды).
Ғаламшарға ұшу үшін
Жылдам ракета күтіп тұр.
Ұшқымыз келген әр жерде
Әп сәтте – ақ ұшамыз.
Бар ойынның бір сыры
Шапшаң бала озады,
Аңқау бала қалады.
1, 2, 3. Старт!
- Жарайсыңдар! Сендер – жақсы спортшысыңдар. Әр топ қызыл жұлдыздан алады.
Назар аударыңдар! «Ой қозғау» аялдамасына ұшып келеміз. Экипаж штурманы санауышты жақ!
Секундтарды санаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Старт!

«Ой қозғау» аялдамасы.
- Осы аялдамада сендер ғарыш туралы есептерді шығарасыңдар.
6 - тапсырма:
1. Тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин болды. Ол Жер айналасын 108 минутта ұшып өтті. Жер айналасындағы ғарыштық ұшу неше сағат жіне неше минутқа созылды? (1 сағат 48 минут)
2. «Союз - 9» ғарыштық кемесі 18 тәулік бойы ғарышта болды. Ұшу неше сағатқа созылды? (432 сағат)
3. 1979 жылдың 25 ақпанында «Союз - 33» ғарыштық кемесі ұшты. Ұшу 175 күнге дейін созылды. Ғарыштық кеменің жерге орылу мерзімін атаңдар. (19 тамыз 1979жыл).
4. «Союз - 35» ғарыштық кемесі 1980ж. 10 сәуірінен 11 қазанды қоса ұшуда болды. Ұшу қанша күнге созылды? (185күн)
7 - тапсырма: «Жоғалған санды тап».

Назар аударыңдар! Енді біздің ракетамыз соңғы аялдамаға ұшып барады. Экипаж штурманы санауышты жақ! Секундтарды санаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Старт!

«Сиқырлы» аялдамасы.
- Біз осында немен айналысатынымызды кім ойлап тапты?
(Балалар математикаға байланысты ребустарды шешеді.)

8 - тапсырма:
Сандарға байланысты ребустар
9 - тапсырма:
Сөзжұмбақ шешу.
1. Қосудың компоненттері
2. Қыс айы
3. Жаз айы
4. Айырманың компоненттері
5. Ең кіші үш таңбалы сан
6. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш
7. Кемітетін амал
8. Уақыттың өлшем бірлігі
9. Арифметикалық амал таңбасы
10. Ең үлкен бір таңбалы сан.

Осы бөлімнің және барлық ойынның қорытынды бағасы шығарылады. Экипаж жерге оралып, алған әсерлерімен

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі