Ақжар
ауданы
Қазан орта
мектебінің
Бастауыш сынып
мұғалімі
Исхан
Маржан
Сабақтың тақырыбы:
Мәтін
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі
Логикалық ойлау арқылы мәтін
құрастыру,мәтін мазмұнына лайықты ат қоюға
үйрету.
Дамытушылығы
Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта
құру арқылы ондағы сөйлемдердің өзара байланысын
анықтау,шығармашылық ой өрісін,ой шапшаңдығын
дамытыу.
Тәрбиелігі
Бауырмалдыққа ,тазалыққа
тәрбиелеу.Бірін-бірі тыңдауға,көркем жазуға
баулу.
Сабақтың
түрі: Жаңа материалды игерту,аралас
сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: ертегі,мәтін,ереже,ойын
т.б
Сабақтың
әдісі: оқу мен жазуда сыни тұрғысынан
ойлау техникасы,ой қозғау стратегиясы
Пәнаралақ
байланыс: ана тілі, дүниетану,
математика
Сабақтың
барысы: ұйымдастыру
кезеңі
Психологиялық
дайындық: Қонақ күту
салтымыз,
Оқып-біліп
жатырмыз.
Келген қонақ
сіздерге,
Сәлемдестік
жалпымыз.
-Қазір қандай сабақ? қазақ
тілі
Үй тапсырмасын
тексеру
6-жаттығу.Х,Һ дыбыстарына
мысал келтіру.
Жаңа
сабақ
Балалар қазақ тілі сабағынан
нені оқып үйрендік?
-Дыбыс,әріп,буын,сөз,сөйлем
Жұппен
жұмыс
Сурет бойынша ертегі
құрастыру. Ертегіге ат қою. Құрастырған ертегілерін
оқыту.
« Бауырсақ»
ертегісі.
Осы ертегіні не арқылы
құрадыңдар?
Дыбыстар бірігіп буын
құраған,буындар бірігіп сөз құраған. Сөз бен сөз
байланысып
сөйлем құрады. Сөйлемдер
бірігіп не құрады? Мәтін
-Демек, бүгінгі сабағымызда
мәтін туралы тақырып пен және мәтіннің тақырыбы туралы
өтеміз.
Ой
шақыру
-Сонымен мәтін дегеніміз
не?
Мәтін сөзіне дыбыстық талдау
жасайық.
м-үнді
дауыссыз
ә-жіңішке дауысты ,
езулік, қысаң
т-қатаң
дауыссыз
і-жіңішке дауысты, езулік,
қысаң
н-үнді
дауыссыз
Мәтін мағына жағынан өзара
байланысты екі не оданда көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға
болады.Мәтін әртүрлі мазмұнға құралады. Мәтінге әртүрлі
газет-журналдар,ертегілер,ережелер,сөйлемдер жатады.Мәтіннің
басы,негізгі бөлімі,соңы болады.
Оқулық пен
жұмыс
1-жаттығу. Оқы. Мәтінге ат
дұрыс қойылған ба? Ауызша орындалады.
Қуанышты
күн
Ит пен мысық дос бола алмайды
дейді.Бірақ үнемі олай емес.Мен бір үлкен итті білемін.Ол
мысқтармен дос болып қана қоймай,оларды күзетеді.Мысықтар да оны
жақсы көреді.Тіптен онымен бірге ойнайды да.
Міне,ғажап!
Дәптер мен
жұмыс
2- жаттығу. Мәтінді оқы.
Мағынасына қарай мәтіннің басталыуын таңда. Өз таңдауыңды түсіндір.
Толығырақ мәтінді көшіріп жаз.
Көжек кіп-кішкентай,өз бетінше
тамақ та жей алмайды. Біз оны мысықтардың қасына қосып қойдық.
Мысық оны өзінің сүтімен қоректендіреді. Олар бір-бірімен достасып
кетті. Мысық оны күшіктермен таласуға да
үйретті.
Көру
диктант
Көлбеңдейді
көбелек,
Көз тартады гүл
өрнек.
Ойын: «Жұбыңды
тап»
Мақал-мәтел жалғастырып айту
арқылы жұптарын табады.
3-жаттығу.Мәтінді түсініп
оқып, ат қою, мәтінді аяқтау.
Ой шақыру
стратегиясы
«Қайсысы мәтін»
дидактикалық ойын
Бірінші және екінші
бағандардағы сөйлемдерді бір-бірімен салыстырып
оқы.
Ара-жәндік. Оқушы құстың
суретін салды. Апам тон тікті.
Адам ауамен дем алады. Ауасыз
өмір жоқ. Ауа таза болуы керек. Ауа таза болса, адамның денсаулығы
да таза болады.
-Қайсысы
мәтін?
-Мәтін не туралы? Сұрағы
арқылы мазмұнның негізгі түйінін анықтап алып,оның қысқаша атауын
мәтінге ат ретінде қоямыз.
Бірінші бағандағы сөйлемдер
кім,не туралы айтылған?
-Ара,оқушы,апам
туралы.
-Екінші бағандағы сөйлемдер не
жайында айтылған?
-Ауа
туралы.
Дәптер мен
жұмыс
Карточка мен
жұмыс
Топтық
жұмыс
Берілген сөздерден мәтін
құрау. Ат қою.
Келді, күз. Суыта, күн,
бастады. Жапырақтары, бастады, сарғая,ағаштардың. Қысқарып,
күн,
Ұзарды,
түн.
Сабақты
қорыту: сынау
тест
Бекіту.-Бүгін қандай
тақырыппен таныстық?
Қандай тапсырмалар
орындадық?
Үйге: 45-бет 4-жаттығу, ереже
жаттау.
Бағалау.Сабаққа қатысқан оқушыларды
мадақтап, бағалау.