400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мәтін дегеніміз не?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне керек. Қысқа мерзімді жоспар жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Х.Санбаев атындағы мектеп









Қазақ тілі







Сабақтың тақырыбы : Мәтін дегеніміз не?





Сыныбы: 2 «В»









Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Оразова Нургул Салкынбаевна









2018-2019 оқу жылы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: қазақ тілі

Күні: 05.11.18 ж Мұғалімнің аты-жөні: Оразова Н.С.

Сынып: 2 «В» Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Мәтін дегеніміз не?

Оқумақсаттары:

2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Сабақмақсаттары:

Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды; мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды; бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады.

Оқушылардың басым бөлігі : мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды; мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды; бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады.

Кейбір оқушылар: мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды; өз бетімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды; бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтайды.

Құндылықтарды дарыту

Үлкенге құрмет, өзара сыйластық, мейірімділік сияқты отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу.

Тілдік мақсат

Сұхбат, тілдесу, ой-пікір, сұхбаттасу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, өзін –өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым.

Бастапқы білім

Өткен бөлімді қайталау.

Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері


Ресурстар

Сабақтың басы

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Психологиялық ахуал

Суреттер


Сабақтыңортасы

ІІІ.Мақсатты болжау.

Мәтінді мұқият тыңда.

Қателік

Тау мен тасты кезіп сейілдеп жүрген Даниярға шашын ақ қырау шалған қарт кісі жолығыпты. Не дерін білмей, кідіріп қалған балаға жақындап келіп:

  • Шырағым, сен өзі есейіп қалған бала көрінесің. Бірақ бұл кемшілігіңді бір жолға кешіремін, – дейді ол.

  • Қандай кемшілікті айтасың, қарт? – депті Данияр үлкен кісінің аяқ астынан өзін кінәлай жөнелгенін түсінбей.

  • Шырағым, сен осы тұрғанда бір емес, бірнеше кемшілік жібердің....

(Н. Ақыш) - Мәтіннің кейіпкерлерін ата.

-Данияр қандай кемшіліктер жіберді деп ойлайсың?

- Әрі қарай не болуы мүмкін? Берілген үзінді мен тақырыпқа сүйеніп, мәтінді жалғастырып айт.

Дескриптор Білім алушы

  • мәтіннің кейіпкерлерін атайды;

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;

  • тақырыбы мен тірек сөздері бойынша мәтіннің соңын болжайды;тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырады

(Оқушылардың жауабынан кейін мақсат таныстырылады)

2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Сабақтың тақырыбы:

Мәтін дегеніміз не?

ІІ.Мағынаны тану

Тыңдалым. « Оқымысты бала »

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Мәтінді тыңдамас бұрын нұсқаулықты таныстырып өту.

Бір бала қалада оқып, жазғытұры ауылына келді. Әкесі «Балам, енді шөп шабатын мезгіл жақындады. Қолыңа тырнауыш ал, мен шапқан шөпті жинап, жәрдеміңді тигіз», - деді.

Баланың жұмыс істегісі келмей: «Мен әртүрлі ғылымдар оқып қайттым. Қазақтың сөздерін ұмыттым. Тырнауыш деген не нәрсе?» - деді.

Осы сөзді айтқан соң тысқа шығып бара жатып, есік алдында жатқан тырнауыштың басын байқамай аяғымен басып кетті. Тырнауыштың сабы тақ етіп маңдайына тиді. Сонда ғана тырнауыштың не нәрсе екені есіне түсіп, маңдайын сипалап тұрып: «Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ екен», - деп ашуланды.

  • Сұрақтарға жауап бер.

  1. Мәтін кім немесе не туралы?

  2. Баланың тырнауышты ұмытып қалуы, білмеуі мүмкін бе?

  3. Кейіпкердің іс-әрекеті туралы ой бөліс.

  4. Мәтіннен қандай ой түйдің?

Дескриптор: Білім алушы

-мәтіннің тақырыбын анықтайды;

-кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;

- мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

Топпен жұмыс. 2-жаттығу Сұрақтарға жауап жаз.Мәтін мазмұнына сәйкес келетін тақырыпты таңда.

  1. Сыныпта қанша оқушы бар?

  2. Оның нешеуі ұл бала, нешеуі қыз бала?

  3. Сыныптастарың бір-бірімен тату ма?

Жеке жұмыс

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

Өлеңді көркем етіп көшіріп жаз.

Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң,

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

(Жүсіпбек Аймауытов)


Дескриптор: Білім алушы

  • -өлеңді қатесіз көшіреді;

  • -әріптердің биіктігін, мөлшерін сақтап жазады;

  • -әріптердің көлбеулігін сақтап жазады;

- әріптерді дұрыс байланыстырып жазады;

(Өз-өздерін бағалайды)

































суреттер





Сабақтыңсоңы

Сабақты қорыту.


Үйгетапсырма

75-жаттығу.


Кері байланыс

Пайыздық сапа көрсеткішімен қорытындылау

-Кім бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендіктеріңізді тақтадағы пайыздық көрсеткіш арқылы анықтайық.





Саралау – оқушыларға қалай

Көбірек қолдаукөрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілетіжоғары

оқушыларғақандайміндетқоюды

жоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу

мақсаттары дұрыс

қойылған ба? Оқушылардың

барлығы ОМ қол жеткізді

ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс

жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай

ауытқулар болды,

неліктен?




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?




Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
751
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі