15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ мәтін және оның түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№21 Яссауи атындағы жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Мәтін және оның түрлері
Бастауыш сынып мұғалімі: Белгибаева М.
2017-2018 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Суретпен таныстырамын. Мәтін және оның түрлері |
Мұғалімнің аты-жөні:Белгибаева М Күні: 16.11.2017ж |
||||||
СЫНЫП: 2д
|
Қатысқан оқушылар саны: 20
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2.3.4.1 - мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру 2.3.1.1 – мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу 2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу |
||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер,слайд |
||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||
Сабақтың жоспары |
|||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||
Басталуы 5 минут |
Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу.Сыйқырлы корапша. Оқушылар сыйқырлы қорапшадан жеміс-жидектерді таңдап алады.таңдап алынған жеміс-жидектердің түрлеріне қарай 4 топқа бөлініп отырады. 1-топ «құлпынайлар » 2-топ «алмалар» 3-топ «сәбіздер» 4-топ «қозықұйрықтар» Психологиялық ахуал қалыптастыру: Мен оқушы баламын, Оқу,білім аламын. Мәтін түрін игеріп Сабақта белсенді боламын.
«Ақылды доп» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау: Өткен сабақта қандай үлкен тақырыппен таныстық? (Мәтін) Мәтін неден құралады? (Сөйлемдерден) Мәтін дегеніміз не? (Мазмұны жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады яғни жазбаша,ауызша ойды жеткізу) Мәтіннің атауын не деп атаймыз? (Тақырып) Мәтін тақырыбы неге сүйеніп құрылады?(Негізгі ойға) Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? (Бір-бірімен байланысты сөйлемдер) Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға болама? (Жоқ) Мәтін қандай бөліктерден тұрады? (Басы,негізгі бөлімі,соңы) Мәтіннің әр бөлігі қалай жасалады? (Абзацтан және жаңа жолдан жазылады) Мәтіннің қандай түрлерін білеміз? (Әңгімелеу,сипаттау,пайымдау) |
Тапсырманы орындаған әр балаға смайликтер беріп отырамын. |
|||||
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Ережені есіңде сақта. Бірінен кейін бірі болатын әрекет, оқиға баяндалатын, хабарланатын мәтін әңгімелесу мәтіні деп аталады. Әңгімелесу мәтініне Не болды? Не істеді? сұрақтары қойылады. Заттың немесе құбылстың сын-сипаты берілген мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Сипаттау мәтініне Қандай? сұрағы қойылады. Пайымдау мәтіні 3бөліктен құралады:
Пайымдау мәтініне Неліктен? сұрағы қойылады.
|
Оқулық, мәтіндер. |
|||||
Сергіту сәті 3 минут |
«Қызықты сөзжұмбақ»
|
Оқушылар қызықты сөзжұмбақ шешіп сергіп қалады |
|||||
Ортасы 10 минут
|
Қолдану Дәптермен жұмыс. 19-жаттығу Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқы.
20-жаттығу(ауызша) 84-беттегі суреттерге қара.Оқушылар бұл заттарды дұрыс салыстыра алды ма?Олардың қателерін тауып,өз жауабынды ұсын. 1.Алма – қызыл, ал қарбыз үлкен.(жасыл) 2.Шарлардың түрі мен түстері әртүрлі.Шиелердің түрі мен түсі бірдей. 3.Бір қасық үлкен,екіншісі – темір.(кішкене)
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
|
|||||
Сергіту сәті 2 минут |
Оқушыларға сурет салдырту арқылы олардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту |
Оқушылар берілген сызбалар арқылы сурет салады |
|||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 4 минут |
«Үрмек доп» әдісі арқылы бүгінгі өткен жаңа сабақты бекіту
|
Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы
|
|||||
Бағалау
3 минут
Кері байланыс 3 минут |
|
Кері байланыс «Алма ағашы» әдісі. |
|||||
Үйге тапсырма: 21-жаттығу. 84-бетте. |
|||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген