400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мәтін түрлері 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілі пәнінен "Мәтін және оның түрлері" тақырыбын өтуге қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Оқу пәні: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Жанды табиғат

Мектеп: «Т. Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 20.09.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Бектенова Кенжегуль Шашымовна

Сынып: 3 «В»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мәтін және оның түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу


Сабақтың мақсаты

Барлық білім алушылар:

Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп,мəтіннің

түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтай алады.

Көпшілігі орындай алады:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Кейбір білім алушылар:

Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Мәтін, мәтін түрлері,негізгі ой, мәтін бөліктері,пікір білдіру.

Құндылықтарға баулу

Ағаш егудің пайдасын білгізу. Ынтымақтастықта жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану.

Термин сөздерді дұрыс қолдануларын қадағалаймын.

Әдебиеттік оқу

Бабалар өсиетін дұрыс жазуды қадағалаймын.


Тақырып бойынша алдыңғы білім

Мəтін түрлері мен құрылымдық бөліктері тақырыбына негізделіп меңгертіледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин











4 мин

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

(Ұ) Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру:

Мұғалім: -Көңіл-күйлерің қалай, балалар?

Оқушылар: -Тамаша!

М:Білім шыңына шығуға дайынсыңдар ма?

О:-Дайынбыз!

М:-Сабағымызды бастайық!

О:-Бастайық!

(Ұ) Топқа бөліну: Анықтама жазылған кеспе қағазды таңдап алу арқылы топқа бөлінеді.

«Әңгімелеу мәтіні» тобы

«Сипаттау мәтіні» тобы

«Пайымдау мәтіні» тобы







Көңілді әуен











Кеспе қағаздар:

Адам, табиғат,жануарлар сипатталады.Қандай? қай?сұрақтарына жауап береді.

Оқиға, құбылыстың себептері түсіндіріледі, дәлелденеді.Неліктен? неге? сұрақтарына жауап береді.

Бір нәрсе жайында хабарлайды.Не істейді? Қайтеді? Қайда болыпты? сұрақтарына жауап береді.





Сабақтың ортасы



4 мин



















2 мин




















6 мин
































6 мин


















2 мин






5 мин













5 мин

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең

(35 минут)

Тақырыпты ашу.

М:-Балалар,қай бөлімді өтіп жатырмыз?(Жанды табиғат)

-Қандай тақырыпты қарастырып жатырмыз?(Мәтін және оның түрлері)

-Олай болса «Жедел жауап» тәсілі (Ұ) арқылы мәтінге тән белгілерді еске түсіреміз (сұрақтарға жауап алу)

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтіннің несі болады?(тақырыбы)

-Мәтіннің тағы қандай белгісі болады? (негізгі ойы болады)

-Мәтін түрлерін ата

-Мәтіннің қандай бөліктері бар? (басы, негізгі бөлімі,соңы)

-Жанры бойынша мәтіндер қалай бөлінеді?(ғылыми және көркем мәтін)

Жаңа тақырып.

М:-Оқулықтан 11-сабақты ашып, тақырыбы мен мақсатын болжаңдар.(Оқушылардың болжамдары тыңдалады)

М:Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мәтін және оның түрлері»

Оқу мақсатымыз: 3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу

Топтық жұмыс.

М: -Осы мақсаттарға жету үшін мен сендерге мынадай жұмыс түрлерін ұсынамын:

«Әңгімелеу мәтіні» тобына

«Еркін әңгіме» тәсілі.

Тапсырма-1 (Т) 41-жаттығу

-Мәтінді түсініп оқы

-Мәтін не туралы? Мазмұнын айт.

-Мәтіндегі негізгі ойды анықта.

-Мәтіннің түрін және бөліктерін анықта.

-Мәтін неліктен «Ағаш ек» деп аталған?Қалай ойлайсың?

-Бабаларымыздың өсиет сөзін көшіріп жаз.

Дескриптор:

Бағалау критерийі

Дескриптор

Білім алушы

Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтайды

Мәтінге сұрақ қояды

Мәтіннің түрін анықтайды

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады

Мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтайды (басы)

Мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтайды (ортасы)

Мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтайды (соңы)



Кері байланыс: «Екі тілек, бір ұсыныс» (екінші топ комментарий береді)

«Сипаттау мәтіні» тобына

«Топтастыру» тәсілі

Тапсырма-2 (Т) Сөйлемді түсініп оқиды. Мән-мағынасын зерттеп, кеспе қағаздарды суретке жабыстырады. «Айналамыздағы ағаштар жарамсыз ауаны жұтып,өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартады.» Өсімдік суретін беремін.Қима қағазда берілген сөйлемге қатысты және қатысы жоқ сөздердің керектісін суреттің үстіне, қажетсізін астына жапсырады.

Қалыптастырушы бағалау: «Сиқырлы сызғыш» (үшінші топ бағалайды, комментарий береді)













Сергіту сәті «Бұл кім?» (оқушы сыныптағы басқа бір оқушының ерекше белгілерін сипаттау арқылы оны жасырады)



«Пайымдау мәтіні» тобына

«Сұрақ құрастыру» тәсілі

Тапсырма -3 (Т) Берілген сурет бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру.

Топта берілген тапсырма бойынша талқылау жасайды. Арнайы берілген флипчартқа құрастырған сұрақтарын жазады.

Үлгі: «Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?»

Табиғатты кім бүлдіреді?

Мұғалімнің кері байланысы



Тапсырма -4 (Ж ж; Ж) «Қатесін тап» ойыны

«Ойлан.Жұптас.Бөліс» тәсілі

Адам таза ауамең дем алады . Адам демінен шыққан ауа қайта жүтуға жарамайды.

Қалыптастырушы бағалау: Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес жұптық бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.



















Интерактивті тақта





















Оқулық





Интерактивті тақта









Интерактивті тақта

























Оқулық, дәптер









































Кеспе қағаз:

Айналамыздағы ағаштар жарамсыз ауаны жұтып,өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартады

Күн сәулесі, көмірқышқыл газы, су, оттегі, глюкоза,адам,бұлт,аула

Өсімдік суреті,желім,маркер

Сызғыш суреті























Сурет

Маркер












Интерактивті тақта


Овал 1 Овал 5 Овал 6



Сабақтың соңы

5 мин


ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)

М:-Сонымен,балалар,маған мына сұрақтарға жауап беріңдерші:

-Мәтіннің қандай түрлері болады екен?

-Мәтіннің қандай құрылымдық бөліктері болады?

(Ө) «Табыс ағашын» бояу арқылы сабақтағы іс-əрекетіне кері байланыс жасау.Өз деңгейлерін анықтайды.



барлығы түсінікті



ж артылай түсінікті,

сұрақтарым бар



түсінген жоқпын

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Саралау тапсырмаларын орындауда қарым-қатынас формалары бойынша саралау (коллаборативті оқыту) тәсілін қолданамын. Шағын топтарда қабілеті орташа оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндік алады,ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.



«Екі тілек,бір ұсыныс» тәсілі арқылы кері байланыс жүргізгенде оқушылар топ жұмыстарының ішінен екі жетістігі мен бір кемшілігін атап көрсетіп, өз ұсыныстарын білдіреді.



«Сиқырлы сызғыш» тәсілі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізгенде оқушы берілген кеспе қағаздардың өз орнын тауып жапсырылуын және постерлерін қорғау барысында тілдік нормаларды сақтап сөйлеулерін бағалайды.



«Сұрақ құрастыру» тәсілін қолданып пікір тудыратын сұрақ құраған тапсырмаға мұғалім кері байланысты мақтау, мадақтау арқылы ынталандыру мақсатында жүргізеді.



«Қатесін тап» тапсырмасында оқушылар өзара жұптық бағалау тәсілін қолданып, шартты белгі арқылы нақты бағалау жүргізеді.

Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлері







Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?








































Бектенова Кенжегуль Шашымовна 3 «В» сыныбы

Қазақ тілі пәнінен «Мәтін және оның түрлері» сабағына рефлексивтік есеп.


Осы сабақтың оқу мақсаттарын басшылыққа ала отырып қойылған сабақ мақсаттары шынайы әрі қолжетімді болды.Сабақ соңында барлық білім алушылар тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп,мəтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтай алды.Көпшілік оқушылар диалогке қатысты, менің көмегіммен негізгі ойды анықтай алды. Кейбір білім алушылар берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алды.Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді.

Сабақта қарым-қатынас формалары бойынша саралау (топтық жұмыс) жұмысы жүргізілді. Ынтымақтастықта (коллаборативті) оқыту – саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Сондықтан шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі болды, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алды.Топпен жұмыс кезінде «Еркін әңгіме», «Топтастыру», «Сұрақ құрастыру» тәсілдері пайдаланылып, кері байланыс «Екі тілек,бір ұсыныс» және мұғалімнің кері байланысы, «Сиқырлы сызғыш» қалыптастырушы бағалауы арқылы жүзеге асты.


Сабақтың соңғы рефлексияляқ-бағалау кезеңінде 1-2 минуттай уақыт жетпей қалды.Бұл сабақтың бастапқы кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланбағаннан болды деп ойлаймын. Сабағымның сәтсіз тұсы осы болды. Уақыт шектеулі болғандықтан оқушылардың пікірін қысқартуға, және сабақ соңында оқушыларға үй тапсырмасын сабақ артынан беруге тура келді.

Жалпы сабақ құрылымы толық қамтылды. Жоспарымның ішінде орындалмай қалған тұстары болмады.

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе:

Ең сәтті өткені: «Еркін әңгіме» тәсілі арқылы 1-топ оқушылары мәтіннің түрі мен құрылымдық бөліктерін сәтті анықтады.Топ басшысы топтағы барлық оқушыларды жұмысқа тарта білді,әрқайсына жауап беретін сұрақтарын бөліп берді.Сол арқылы топта сөйлемей жұмыстан тыс қалған оқушы болмады және осы жұмыс арқылы оқу мақсатына қол жеткізілді. Оқушылардың іс – әрекеті өте әсерлі болды. Тағы да бағалау түрлері,сергіту сәті сәтті өтті. «Екі тілек,бір ұсыныс» өзге сабақтарда қолдану нәтижесінде сәтті өтсе, «Сиқырлы сызғыш»бағалауы анық, нақты, қолжетімді болды.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді? Келесі сабақтарымда біріншіден уақытты үнемді пайдалануды қатты қадағалаймын. Өйткені сабақ үрдісінің нәтижелі болуы үшін әр секундтың маңызы бар екеніне толық көзім жетті. Әрі қарай сабақтарымда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануды және оқушылардың тыңдалым дағдыларын жетілдіре түсуді қолға аламын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1989
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі