400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Мәтінді есептерді шығару. ҚМЖ 5 сынып матем 4 тоқсан.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс түріндегі ашық сабақ Оқу мақсаттары: 5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару; Сабақ мақсаты: Бөлшекті және натурал санды пайызбен өрнектеу, пайызды бөлшек немесе натурал сан түрінде жазу, санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу ережелерін мәтінді есептер шығаруда қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таныстым:


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Математика

Ашық сабақ тақырыбы: Мәтінді есептерді шығару


Бөлім:

5.4А Пайыз

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

10.04.2024ж

Сынып: 5 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару;

Сабақтың мақсаты

Бөлшекті және натурал санды пайызбен өрнектеу, пайызды бөлшек немесе натурал сан түрінде жазу, санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу ережелерін мәтінді есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару
Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Оқу мақсаттарымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Бөлшекті пайызға айналдырып, бірдей жауаптар бойынша 2 топқа бөлу.

Жинақтала

ды, сабаққа ынталанады.

Кеспе қағаздар таңдап алып, онда берілген есептердің шешімін табады.




Мақтау, мадақтау әдісі арқылы бағалау.


5 сынып математика 2-бөлім оқулығы.
АКТ

Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ түсіндіру.

1-мысал.

Шебер жоспар бойынша аптасына 80 орындық жасау қажет. Бірінші күні ол жоспардың 15%-ын орындады. Шебер бірінші күні неше орындық жасады?

Шешуі. (санның бөлігін табу арқылы).

15% ол жоспардың   бөлігіне тең. 80-нің   бөлігін (санның бөлігін) табу үшін келесі көбейтуді орындау қажет:

∙ 80 = 12 (орындық) – жоспардың 15%-ына тең.

Жауабы: 12 орындық.


Дескриптор:

- пайызды бөлшекке айналдырады

- бөлшекті берілген санға көбейтеді

- санның пайызын табады.

2-мысал.

Саяхатшылар 18 км жол жүрді. Бұл жоспар бойынша жүріп өтетін жолдың 60%-ына тең. Жоспар бойынша саяхатшылар неше километр жол жүруі қажет?

Шешуі. 18 км барлық жолдың 60%-ын, яғни   бөлігін құрайды.

Берілген бөлігі бойынша санды табу үшін келесі бөлуді орында:

18 ∶  = 18 (км)

Жауабы: саяхатшылардың жоспарлаған барлық жолының ұзындығы 30 км.


Дескриптор:

- пайызды бөлшекке айналдырады

- берілген санды бөлшекке бөледі

- пайызы бойынша санды табады.


Жаңа сабақты бекіту

«Алтын балық» әдісі

Топтағы оқушылар қармақпен балық аулау арқылы берілген есептерді шығарады, ең көп балық аулаған топ жеңімпаз атанады. Дұрыс жауап интерактивті тақтада көрсетіледі.

1 балық: Турист қайықпен 504 км жүзді. Бұл барлық жолдың 36%-і болса, барлық жолды табыңыз. (1400 км)


2 балық: Заттың бағасы 760 тг. Егер заттың бағасы 15 %-ға қымбаттаса, қанша теңге қосылады ? (114 тг)


3 балық:  10%-ы 480 теңге болатын тауардың бағасын анықта. (4800 тг)


4 балық: «Дарын» мектебінде орта буында 210 оқушы оқиды. Бұл мектептегі барлық оқушылардың 70%-ын құрайды. Мектепте барлығы неше оқушы оқиды? (300 оқушы)


5 балық: Саяхатшылар 50 км жол жүру керек еді. Олар барлық жолдың 46 %-ын жүрді. Саяхатшылар қанша км жүрді (23 км)


6 балық: Кітапханада 6500 кітап бар. Олардың  94%-ы орыс тілінде және қазақ тілінде жазылған. Қалған кітаптар шет тілінде жазылған. Шет тіліндегі кітаптар санын тап. (390 кітап)

«Постер қорғау» әдісі

Екі топқа берілген пайыз бен сан арқылы мәтін есеп құрастырып, топ басшысы қорғайды.


Сабақты қорытындылау.

Шығармашылық тапсырма

Банкке 15%-дық жылдық өсіммен 60000 тг салынды. Банкке салынған ақша 2 жылдан соң неше теңге болады?

Жаңа тақырыпты меңгереді.

Мысалдарды түсінеді, дәптерге жазады


Дескрипторларды қажеттілігіне қарай қолданады



































Тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. Есептің берілгеніне байланысты дескрипторды таңдап алып, қолданады.





























Орындарынан тұрып, сергіту жаттығуларын жасайды.









Топтар цифрларды пайдаланып мәтін есеп құрастырады




Топтар шығармашылық тапсырманы орындайды.








Түрлі смайликтер арқылы бағалау.


































Жауабын тапқан оқушыларға смайликтер беріледі.













































Бағдаршам әдісі арқылы бағалау

Тез орындап болған топ жеңімпаз атанады

bilimland.kz





Слайд Смайлик




































Қармақ, балықтар
















































А3 форматтағы плакаттар, маркер









Сабақтың соңы

Үй жұмысы:

№1171, 1172 есептер


Рефлексия:

Сабақ

Мен сабақта

Қорытынды

Қызық

жұмыс істедім

материалды түсіндім

қызықсыз

демалдым

білетінімнен де көп білдім.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 сәуір
362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі