жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. М.Әуезов "Кешкі дөң басында", Ә Нұрпейісов "Кеш" 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов Кешкі дөң басында
Ә.Нұрпейісов Кеш
Сабақтың мақсаты: М. Әуезовтің, Ә. Нұрпейісовтің шығармаларын оқи отырып кешкі уақыттың өзіндік ерекшелігімен танысу, шығармаларды өзара салыстыруға үйрету. Табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, бейнелі теңеу сөздермен сөйлей білуге жаттықтыру. Тілдік қорын молайту.
Көрнекілігі: суреттер, тірек сөздер.
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, БжС технологиясы.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері. Диалог-сұхбат, топтық жұмыс, талдау, суреттеу, шығармашылық жұмыс.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Үлестірмелі қағаз, автор суреті, кесте, оқулық, интерактивті тақта.
Күтілетін нәтиже: Табиғаттағы құбылысты, сұлулықты,әдемілікті суреттеу, шығарманың көркемдік жағын ашады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу
2. 3 топқа бөлініп отыру
1-топ. «Ақындар»
2-топ. «Жазушылар»
3-топ. «Суретшілер»
3. Поэзия минуты: Балалар біздің өтіп жатқан тарау табиғат, Жер Ана туралы болғандықтан С.Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңімен бастасақ сабағымызды.
Кеңсің, дала-
Туған ана,
Көйлегің кең көк ала
Жан беретін,
Тән беретін,
Мейірімді ана-сен ғана.
4. Бағалау критерийлерімен таныстырып кету.
-Әдебиет сабағы болғандықтан әр тапсырманы орындауда крийтерилерді ескереміз. Әңгімеден бейнелі сөздерді табу, мәтін талдау барысында кешкі уақыттың ерекшелігін суреттеу, кешкі ауыл көрінісін теңеу сөздермен сипаттап біліп, шығармаларды өзара салыстыра білуіміз қажет.
ІІ. Үй тапсырмасы «Домино» ойыны арқылы «Малсақ бала» өлеңін қайталап өту. Тақтада ілулі тұрған сұрақтарға әр топ тиісті жауаптарын апарып іледі.
1.Ө.Тұрманжанов кім?
2.Қандай шығармасымен таныстық?
3.Атасы немересіне не тапсырды?
4. Кімге алғыс айту керек?
5. Өлеңдегі иттің аты.
6.Маңайдағы ағайын қалай мақтаса дейді?
7. Иттің пайдасы туралы не делінген?
8.Мал шаруашылығына байланысты қандай еңбектер атқарады?
9. Бұл қай уақытта болды?
ІІІ: Мақсат қою кезеңі.
-
«Малсақ бала» өлеңіндегі оқиға кеешкі уақытта болған екен. Қане, тауып айтып көрейікші.
-
Олай болса бейнеүзіндіге назар аударсақ.
-
Күннің қай сәті екен, балалар?
-
Топтық тапсырма
-Олай болса қазір әр топқа тірек сөздер таратып беремін. Соларды қолдана отырып бейнеүзіндіден алған әсерімізді қағазға түсіреміз. Ақындар өлеңмен, жазушылар сөзбен, суретшілер бояу арқылы кештің бейнесін суреттейміз.
(жұмыстар қорғалады)
-
Жаңа сабақ.
-Бүгінгі сабақта М.Әуезовтің Кешкі дөң басында мен Ә.Нұрпейісовтің Кеш мәтінімен танысамыз.
Авторлардың өмірі мен шығармашылық жолдарына қысқаша шолу.
М.О.Әуезов 1897 жылы Шығыс
Қазақстан облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде дүниеге келген.
Шебер жазушы «Абай жолы» романын, «Қараш-қараш» оқиғасын, «Қилы
заман» повесін жазған. Біздің жерлес
жазушымыз.
Ә.Нұрпейісов 1924 жылы
Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық
жазушысы, ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан
суреткерлерінің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы ІІ
дүниежүзілік соғыс ардагері. «Қан мен тер», «Соңғы
парыз», «Күткен
күн» атты шығармалардың
авторы.
3.Мәтінмен жұмыс.
Әр топқа азат жолдан бастап оқып, мазмұнында не туралы екенін айту. Оқушылар сын есім тұлғалас әсерлі сөздерді тауып астын сызып отыру.
-Тақырыбы жағынан ұқсастық неде?
- Мәтінде не туралы айтылған?
-Қандай әсер алдыңдар? Жазушының айтпақ ойы не? (бейнелі сөздерді әр топтан келіп тақтаға жазу.)
- Біздің суреттеуде кездеспеген қандай басқада теңеулер болды?
4. Жұптық тапсырма. (Дәптермен жұмыс)
«Ақындар» тобына: 1. Жаздың жайлы кеші қандай?
2. Күн батардағы тау басын неге теңейді?
3. Ұясына кіріп бара жатқан күнді жазушы қалай
Суреттейді?
«Жазушылар» тобына: 1. Дөң басы қандай еді?
-
Кешке қарай ауыл маңы қандай жағдайда болады?
-
Кешкі ауыл көрінісі қай шығармада берілген?
«Суретшілер» тобына: 1. Ақын күннің қай кезеңін суреттеп отыр?
-
Күн батырға тақалған кезде аспан қандай түске боялады?
-
Екі шығармадан кешкі батып бара жатқан күнді суреттейтін тұсты тауып оқы.
5.Слаид арқылы. Сөздікпен жұмыс
Самал жел,
Аузы-мұрнынан шығады,
Желіні жер сызған,
Хош иісті – деген сөздің мағынасын айтқызу.
ІV. Сабақты пысықтау.
Сергіту сәті. «ИӘ-ЖОҚ» ойыны. (иә болса қол шапалақтайды, жоқ болса аяқтарын тарсылдатады)
-
Оқиға қыста болды (жоқ)
-
Күн ұясына әлсізденіп кіріп барады (иә)
-
Қара көк тұңғиық аспан толқынданады (иә)
-
Дөң басы көңілсіз (жоқ)
-
Биік таулар аспанға созылғандай (иә)
-
Балалар кешкі самалға мән де бермейді (иә)
-
Биік сары дөңге көтерілгенде төмен түскендей боласың (жоқ)
-
Күн ұясына жақындаған сайын қоюлана түседі (иә)
V. Қорытындылау.
ВЕНН диаграммасы арқылы екі шығармадағы ұқсастық пен айырмашылықты талдау.

VІ. Бағалау. Сабақ басында көрсетілген критерийлерді басшылыққа ала отырып белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма. Екі шығарманы оқи отырып «Отбасымдағы жазғы кеш» тақырыбына қысқа әңгіме-суреттеме жазып келу.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген