400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары. Ашық сабақ ерекше форматта қазіргі заман талабына сай жасалған. Сабақты "NASA миссиясы" форматында өтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі ЖШС
(білім беру ұйымының атауы)



КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН

Басшының ОӘЖЖО Каспий өңірі «Болашақ»

_________Ж.К.Улыкманова колледж басшысы
«___» ________ 202
5 ж. ___________Г.М.Қаламқали
«___» _________ 2025 ж.



Оқу сабағының жоспары

Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары

(сабақтың тақырыбы)

Модуль/пән атауы

Физика

Педагогтің аты-жөні:

Игібаева Тазагүл Өмірханқызы

Күні

25.02.2025

1.Жалпы мәліметтер

Курс, топ: Қ-24-1

Сабақтың түрі

Теориялық

2.Мақсаты, міндеттері

• Студенттердің импульс пен механикалық энергияның сақталу заңдары туралы түсінігін тереңдету;

• Ойлау, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

• Теорияны өмірмен байланыстыру арқылы оқуға деген қызығушылықты арттыру.

3. Күтілетін нәтижелер

Студенттер импульс пен энергияны сақтау заңдарын есептерді шығаруда қолданады. Импульс пен энергияны өмірмен байланыстырады.

4. Қажетті ресурстар

Проектор, слайд, массалары әр түрлі шарлар, резинка шар, Ньютон маятнигі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Студенттің әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу.

2.Топты түгендеу.

3.Топқа бөлу. І топ «Импульс зертханасы»,

ІІ топ «NASA зертханасы»

4. Топ ережесін құру.

Сәлемдеседі, «Ғарышкер бейдждерін» тағып топқа бөлінеді.


Стикерлер, карточка, слайд арқылы

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбы: Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары.

Сабақты "NASA миссиясы" форматында бастау.

"Сіздер – NASA-ның болашақ ғалымдарысыздар. Сіздерге ғарыш кемесін жобалау және астероидтардың қозғалысын болжау міндеті жүктелді. Бірақ ол үшін сіздерге ең маңызды екі заңды білу керек: Импульс сақталу заңы және Энергия сақталу заңы!"

Ол үшін қайталау сұрақтарына жауап береміз. (Сұрақтар пазл слайд арқылы қойылады, артынан тақырып ашылады)

  1. Механикалық энергия дегеніміз не?

  2. Кинетикалық энергия дегеніміз не?

  3. Потенциалдық энергия дегеніміз не?

  4. Дененің кинетикалық пен потенциалдық энергиялары қалай байланысқан?

Импульс – қозғалыстағы дененің инерциясы (массасы мен жылдамдығының көбейтіндісі).

? Мысалдар:

Жүк көлігі мен жеңіл көліктің жылдамдығы бірдей болса, қайсысын тоқтату қиынырақ? (Әрине, массасы үлкен болғандықтан жүк көлігі)

Боксшының жеңіл соққысы мен ауыр соққысының айырмашылығы қандай? (Жылдамдық пен масса әсері)

✅ Қарапайым тәжірибе:

Доп пен ауыр шарды үстелден итеру → қайсысын тоқтату қиынырақ екенін бақылау.

Жабық жүйеде барлық денелердің жалпы импульсі өзгермейді.

? Егер екі объект соқтығысса, олардың соқтығысқанға дейінгі және кейінгі жалпы импульсі бірдей болады.

✅ Қарапайым тәжірибе:

Маятник Ньютонды пайдалану (бір шарды көтеріп жіберсек, қарама-қарсы жақтан дәл сондай шар қозғалады).

Үрленген шармен "реактивті қозғалыс" (Импульстің кері әсері) ?

? Тапсырма: Үрленген шарды жіберіңіздер. Ол қай бағытқа қозғалады?

? Түсіндіру: Бұл ракета қозғалысының негізі – газдардың сыртқа шығуы артқа импульс береді.

? Серпімді және серпімсіз соқтығысу:

Серпімді соқтығысу – кинетикалық энергия сақталады (мысалы, бильярд шарлары).

Серпімсіз соқтығысу – энергия жылу немесе деформацияға айналады (мысалы, көлік соқтығысы).

Студенттер сабақтың маңызын сезінеді және тақырыпқа қызығушылықтары артады.



















Студенттер үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады.















Студенттер жаңа тақырып меңгереді.






Студенттер «Ғарышкерлер күнделігін» толтырып отырады яғни ол өз дәптерлері.



























































Слайд презентация














































Доп және ауыр шар













Маятник Ньютона







Үрленген шар

Сабақтың ортасы

✔ NASA-стиліндегі миссия тапсырмалары:

  1. NASA миссиясы "Ракета жіберу сәті"?Сценарий:

Сіз – NASA ғарышкерісіз. Сіздің экипажыңызбен бірге Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) маңызды миссияны орындап жүрсіз. Бірақ күтпеген оқиғалар орын алды! Тек импульс пен энергияның сақталу заңдарын пайдаланып, қиындықтарды шешуіңіз керек. (кітаппен жұмыс 49 беттегі 4-жаттығудың 1,3 есептерін шығару)

  1. NASA миссиясы "Жоғалған серіктес" ?‍?

Сценарий:

Сіздің экипаж мүшелеріңіздің бірі ашық ғарышта кабельден ажырап қалды! Егер ештеңе істемесеңіз, ол ғарыштың шексіз кеңістігіне ұшып кетеді! Сізге импульс заңын пайдаланып, оны құтқару қажет.(Берілген физикалық шамаларды пайдаланып формула құрастыру)

Сергіту.Шығармашылық тапсырма: Импульс туралы рэп немесе өлең

? Тақырып: "Импульс пен энергия"

? (Куплет 1)

Біз ғарышта, жоғары ұшамыз,

Физиканы білсек, қате қылмаймыз.

Импульс сақталар, заңы – күш,

NASA бізге сенеді, алға түс!

(Припев)

? Импульс бар! Энергия жар!

Жоғалмайды, айналар, айналар!

Физика – life, ғылыммен vibe,

Жұлдыздарға жетеміз, NASA tribe! ??

(Куплет 2)

Зымыран ұшты, от жанып тұр,

Импульс сақталып, заң анық бұл.

Күшпен соқсаң, жауап та бар,

Энергия өтеді басқаға дәл!

NASA миссиясы "Марстағы гравитациялық секіру" ?‍♂️ тест жұмысы. Сабақты бекіту. (Quizizz платформасы арқылы)

? Сценарий:

Сіз Марс бетіне қондыңыз! Бірақ Марста гравитация Жерден әлдеқайда әлсіз, сондықтан жүру және секіру ерекше болады. Бұл жағдайда энергияның сақталу заңын зерттеу керек!




Студенттер қағазға есепті жазып ұшақ бейнесін жасап, "ұшу" эффектісін береді.



















Студенттер формула құрастырады.




















Студенттер бұл рэпті хип-хоп битке салып орындайды.





















Студенттер тест сұрақтарына жауап береді.





Студенттер өздері бір-бірін тексеріп бағалайды.































































Экранға жинаған ұпайлар шығады.





Түрлі-түсті қағаздан жасалған ұшақтар.



















Қағазға жазылған физикалық шамалар.










































Quizizz платформасы

Сабақтың соңы

Кері байланыс. Миссияларды аяқтаған соң, NASA сізден ресми есеп күтеді! NASA пресс-конференциясы – экипаж мүшелері сабақты қорытындылайды.

Не білдім?

Не үйрендім?

Осы сұрақтарға жауап сұрайды, сабаққа қатысқан студенттерді бағалайды, үй тапсырмасын беріп, сабақты аяқтайды

? Барлық миссияларды орындаған команда – "NASA чемпиондары" атағына ие болады! Сертификат беріледі.

Студенттер сұрақтарға жауап береді,кері байланыс рефлекция жасау, мұғаліммен қоштасады.


Сертификат






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
221
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі