15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Механикадағы күштер" 7 сынып
Новеньков ОЖББМ
«Бекітілді» «Келісілді»
Оқу ісінің меңгерушісі: ӘБ жетекшісі:
___________________ ________________
Тақырыбы:
«Практикалық жұмыс №6. Механикадағы күштер»

Пән мұғалімі: Есенова Т.Қ
2016 – 2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Практикалық жұмыс №6. Механикадағы күштер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға практикалық жұмыста тапсырмаларды орындаудың тәсілдерін қарастыру, «Күш» ұғымына байланысты графиктік және экспериметтік тапсырмалар орындау кезінде оқушылардың теориялық алған білімдерін практикада қолдана білулерін ұйымдастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың зерттеушілік, талдау қабілеттерін және ғылыми дүниетанымын дамыту, танымдық белсінділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шығармашылыққа және еңбектенуге тәрбиелеу, күнделікті тұрмыстық жағдайды, қоршаған ортаны түсінеге жетелеу.
Сабақтың түрі: Жалпылау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: ребус, тест, сұрақ – жауап, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: стикер, доп, динамометр, серіппе, металл шар, сызғыш, ағаш кесінділері, ермексаз, проектор, слайдтар.
Сабақтың құрылымы:
-
Ұйымдастыру бөлімі.
-
Ребус шешу .
-
Топқа бөлу.
-
«Білім жинақтау». Постермен жұмыс.
-
Есептер шығару
-
Сергіту сәті
-
Тест жұмысы
-
«Полиглот». Терминологиялық сөздікпен жұмыс
-
«Кім жылдам?» (Формулаларды табу)
-
Бағалау. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі (5 мин):
-
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
-
Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
-
Топқа бөлу: «Күш» және «Динамометр» топтары.
-
«Білім жинақтау». Постермен жұмыс (12 – 15 мин).
Әр топ өздеріне берілген екі күш туралы мәлімет дайындайды. Оны топпен қорғап, келесі топқа түсіндіреді. Күш мысалына демонстрация көрсетеді.
![]()
![]()
![]()
Үйкеліс күші
Ауырлық күші
![]()
![]()
![]()
![]()
Серпімділік күші
Теңәрекетті күш
![]()
-
Есеп шығару (5 мин)
№1
Суретте Fүйк – үйкеліс күші модулінің N- қысым күшіне тәуелділігі көрсетіген. График бойынша сырғанау үйкеліс коэффициенті.

№2
Сендер бір планетада болып, ондағы бір дененің массасын және оған әрекет ететін ауырлық күшін есептедіңдер делік. Нәтижелер: 150 г, 0,57 Н. Сендер қандай планетада тұрсыңдар?
№3
Серіппе 20 Н күш әрекетінен 10 мм-ге ұзарған. Қандай күш әрекетінен серіппе
15 мм-ге ұзаратынын есептендер
№4
Бір түзу бойымен денеге 2Н және 3Н күштер әсер етеді. Осы күштердің теңәрекетті
күштері нешеге тең блуы мүмкін? Қандай жағдайларда?
-
Сергіту сәті. (2 мин) «Атом – молекула » ойыны
-
Екі топқа бірдей 10 сұрақтан тұратын тест беріледі. Орындау уақыты 10 минут. Екі топ бір – бірінің жұмыстарын тексереді.
1.Күшті қандай әріппен белгілейді?
А) F В)A С)m
2. Дененің деформациялануы артқан сайын пайда болатын серпімділік күші?
А) кемиді В) өзгермейді С) артады
3. Серпімді деформацияның шамасы түсірілген күшке тура пропорционал бұл заң қалай аталады?
А) Гук заңы В) Тартылыс заңы С) инерция құбылысы
4. Жүктің массасы 10 кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді?
А) 5 Н В) 10 Н С) 98 Н
5. Күшті өлшейтін құрал қалай аталады?
А) телескоп В) динамометр С) термометр
6. Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?
А) 0,1 В)0,3 С) 0,4
7. Болат серіппе 245 Н күш әрекетінен 35 мм-ге ұзарады. Серіппенің қатаңдығын анықтаңдар.
А)7000 Н/м В) 6000 Н/м С)700 Н/м
8. Дене массасы өскен сайын үйкеліс күші...
А) артады В) кемиді С) өзгермейді
9. Дененің массасын динамометр көмегімен анықтауға бола ма?
А) мүмкін В) болады С) болмайды
10. Массасы 80 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең.
А) 140 Н В) 240Н С) 340 Н
Тесттің дұрыс жауаптары:
1) А 2) С 3) А 4) С 5) В 6) С 7) А 8) А 9) В 10) В
-
«Полиглот». Терминологиялық сөздікпен жұмыс (5 мин)
-
Термин қазақ тілінде
Ағылшын тілінде
Жылдамдық
Velocity
Уақыт
Time
Жол
Way
Масса
Mass
Күш
Force
Салмақ
Weight
Көлем
Volume
Деформация
Strain
Динамометр
Dynamometer
Орын ауыстыру
Displacement
Инерция
Inertia
Заң
Law
Физика
Physics
Тығыздық
Density
Диффузия
Diffusion
Қозғалыс
Motion
Молекула
Molecule
Гук заңы
Hook`s law
-
«Кім жылдам?» . Формулаларды табу. (2 мин)
Мен физикалық шамалрды атағанда оқушылар алдындағы формулалардың ішінен дұрысын тауып, көрсету қажет.
-
Жылдамдық
-
Орын ауыстыру
-
Заттың тығыздығы
-
Ауырлық күші
-
Серпімділік күші
-
Үйкеліс күші
-
Теңәрекетті күш
-
Нормаль қысым күші
-
Салмақ
-
Еркін түсу
-
Бағалау. Үйге тапсырма: Тарауды қайталау. Бақылау жұмысына дайындалу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген