400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Оқушыларға механикалық қозғалыс, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы туралы түсіндіру. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

7-сынып.


Сабақ тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың

салыстырмалылығы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға механикалық қозғалыс, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы туралы түсіндіру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, слайдтар, эксперименттік тапсырма, виртуальды зертхана

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

І.Ой қозғау

ІІ. Өткен тарауды қорытындылау:

    1. Атом дегеніміз не?

    2. Молекула дегеніміз не?

    3. Молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай?

    4. Диффузия дегеніміз не?

    5. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

    6. Заттың қандай күйлері болады?

    7. Температура дегеніміз не?

    8. Денінің массасы және заттың тығыздығы туралы не білесің?

    9. Есептер шығарту: өмірмен байланыс (арқан тартыс, қол күрес)


9 жаттығу(2)

Массасы 3 кг, ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?

БDrawObject1 ер:

m= 3кг р =m/V

V= 200см3=2*102* 10-6 = 2*10-4 м3 pметал = 3 кг/ 2*10-4 м3 = 1.5*10 4 кг/м3

DrawObject2

Т/к: p-?


ҰБТ есептері №1

Автомашинаның бензин сайымдылығы 30 л. Оған толтыра құйылған бензиннің массасы неге тең?

БDrawObject3 ер:

V= 30 л=30*10-3 = 0.03 м3 p = m/V m =p*V

Р бензин =710 кг/м3 m = 710 кг/м3* 0,03 м3=21,3 кг

DrawObject4

Т/к: m -?


ҰБТ есептер №2

8 кг керосин саятын құтының көлемі неге тең? Р керосин = 800 кг/м3

mDrawObject5 = 8 кг

Р керосин = 800 кг/м3 p = m/V

DrawObject6 V = m/p

Т/к V- ?

V =8 кг/ 800 кг/м3=0,01 м3



Эксперименттік тапсырма: Алюминий кесегі, таразы берілген Алюминийдің көлемін табу керек.

Алдымен алюминийдің тығыздығын кестеден тауып аламын. Сосын албминийді

таразы тартып өлшеймін. Сосын көлемін табамын.

Бер:

mDrawObject7 = 100г= 0,1 кг

Р алюминий= 2700 кг/м3 p = m/V

DrawObject8 V = m/p

Т/к: V- ? V\= 0,1 кг/ 2700 кг/м3 =0,000037037м3 = 3*10-5 м3

Электронды оқулықтан таразыға тартып өлшеу витуальды зертхана жасату.


ІІ. Мағынаны ажырату

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушылар бүгінгі өткелі отырған сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Сынып оқушыларына жалпылама тапсырма беремін. Жекелей. Енді топқа бөлінеміз. «Дене», «Уақыт», «Қозғалыс», «Жүйе». Әр топқа тақырып бойынша мәтінді бөліп беремін. Оқушылар оқып болғаннан кейін постер құрады «Дене» тобына: «Дененің басқа денелермен салыстырғанды бастапқы орнының өзгертуі», «Уақыт» тобына: «дене бөліктерінің уақыт өтуіне қарай бұрынғы орнының өзгертуі», «Қозғалыс» тобына: «Механикалық қозғалыс», ал «Жүйе» тобына «Санақ жүйесі» бойынша өз білімдерін қорғайды.

Электронды оқулықтан қозғалыстың салыстырмалылығы туралы көрсету.

Денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады. Сол сияқты денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады.

Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.

Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды.

Ал, онымен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталады.

Кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы болып табылады.

Қозғалып бара жатқан және қозғалмай тұрған денелер жайлы келтірілген мысалдар тек қозғалыс қана емес, сондай-ақ тыныштық та салыстырмалы екенін көрсетеді. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ. Қозғалыс- барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет болып табылады.

Санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтады. Қозқалысты сипаттау үшін әр түрлі санақ жүйесін таңдап алуға болады. Бір ғана дененің әртүрлі санақ жүйесіне қатысты қозғалысы түрліше көрініс береді. Мысалы: Жер бетіндегі денелердің қозғалысын салыстырғанда Жермен байланысты санақ жүйесін алған тиімді, Ал Жердің өз қозғалысын қарастырғанда санақ жүйесін Күнмен байланыстырған ыңғайлы болады.

ІІІ.Ой толғаныс.

ІV. Пысықтау.

1. Механикалық қозғалыс деп нені айтады? Мысал келтіріңдер?

2. Санақ денесі деген не? Мысал келтіріңдер.

3. Тыныштық салыстырмалы дегеніміз не? Мысал келтіріңдер



V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау. Стикерге «Қосу», «Алу» «Қызықты» стратегиясы

VІІ. Үйге тапсырма: §11 8 тапсырма №2 орындап келу


§12 Планеталардың қозғалысы» тақырыбын өз беттерінше қосымша оқисыңдар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1444
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі