400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

ашық сабақ "Мейірімді жүрек" ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану мұғаліміне,тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеумет

Тақырыбы: «Мейірімді жүрек»

Мақсаты: Адамның рухани- адамгершілік дұрыс әрекет құндылықтары туралы ұғымдарын тереңдету.

Қамқорлық,кеңпейілділік түсініктерін кеңейту;

Балалар бойындағы мейірімділік сезімдерін,жақсы қасиеттерін дамыту;

Керектіаақұралдар:слайд,пүнтаспа, бейнебаян, даналық сөздер, «жүректер».

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар бүгін «Өзін өзі тану» оқу іс-әрекетінде кездесіп отырмыз.Бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіп отыр.

Шаттық шеңбері:

Мейірімді жандар айнала

Шеңберге келсін жайлана

Жалықпастан қайта біз,

Махабат сөзін айтамыз

Сүйеміз барлық ананы

Жүрегім оттай жанады

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз

Бір бірімізге жылу сыйладық.Ал енді орнымызға отырайық.

Жағымды күйге келу: Балалар, қазір ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңдар. Қол мен аяқты айқастырмаймыз. Біз қазір тыныс алуға жаттығу жасаймыз. Біз тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш сезімін қабылдап,демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі жаман қасиеттерді сыртқа шығарамыз. Қәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тік ұстап. Қолдарымызды тізеге қоямыз

Дем ал...., шығар (9-10 рет қайталайды) Біз бүгінгі оқу қызметімізде де адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімділік жүректе орналасады, ал мейірімді адамды барлығы жақсыоокөреді. - Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?






Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Дәйек сөз:

 Бүгінгіоқу іс-қызметіміздің дәйек  сөзі: «Жақсылық еткен- алғыс алады» Мәтінмен жұмыс:«Сары тауық пен балапандары»М.Төрежанов

1.    Әңгіме не туралы?

2.    Сары тауық пен балапандар қайда қалды?

3.    Балапандар неге таласты?

1.    Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2.    Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3.    Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?Сергіту сәті: «Шөп шөп шөжелерім» әуенімен балалар балапандар биін билеп береді. Әңгімелеу: Ал енді балалар, менің Сіздерге сыйлығым бар, қәне назарымызды экранға аударайық «Адамдардың мейірімділігі» (видео)

1.Жас бала құлап қалғанда өтіп бара жатқан адам не істеді?

2. Адамдар немен айналысып жүр?

3. Бұл видеода сендер не байқадыңдар?

4. Видеода қандай адамдар болды?

5. Олар бір-біріне қандай іс-әрекет жасап жүрді?

6.      Ал біз осылай жасаймыз ба? Шығармашылық жұмыс: балалар қазір біздер сіздермен отырып, бәріміз тапсырма орындаймыз. Алдарыңызда жүрекшелер жатыр, сол жүрекшелерге көңіл күй сыйлаумыз қажет. Сендердің ойларыңызша мейірімді жүрек қандай болады? Соны бейнелейік.

Жүрекшелерге көңіл-күй сыйлайды. Ән айту: Балалар біз де мейірімділік туралы ән білеміз, соны айтайықшы.

Ән «Мейірімділік жолымен».

Соңғы тыныштық сәті: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тіземізге қойып отырайық. Көздерімізді жұмайық. Күн нұры сіздердің төбелеріңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Бұл күн сәулелері . Сіздің бойларыңызға жақсылық пен қуаныш сезімін таратады. Барлық жақсы сезімдеріңізді жүрегіңізге жиналды. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жәймен көзіңізді ашыңыздар.

Т: Ал енді, қонақтармен қоштасып, тобымызға оралайық.Сау болыңыздар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1801
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі