400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Мейірімділік» әлеміне саяхат. Мектепалды даярлық топ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ойымша бұл материал балабақшада жұмыс істейтін тәрбиешілерге керек деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Меірімділік» әлеміне саяхат

Мақсаты: Адамның құнды сапасы ретінде балалардың мейірімділік туралы түсінігін тереңдету.

Міндеттері:

- балаларға дұрыс сөзді таңдауға, оны сөйлемдегі басқа сөздермен үйлестіруге үйрету; мағынасы жақын сөздерді табуға үйрету.

- қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруді жалғастыру (жолдасты тыңдау, өз пікірін шын жүректен айту, басқа адамдардың пікіріне ізгі ниет білдіру); логикалық ойлауды, танымдық саланы дамыту.

- жақын адамға деген сүйіспеншілікті, зұлымдыққа қарсы тұруды тәрбиелеу; баланың мінез-құлқын жақсартуға, мінезін жұмсартуға көмектесу; сөйлеу этикетіне сүйене отырып, балалардың құрдастарымен мәдени қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Білім беру үдерісінің интеграциясы: "коммуникация", "әлеуметтік орта", "таным", " музыка”

Алдын ала жұмыс: көркем әдебиетті оқу, "Мейірімділік пен зұлымдылық туралы" әңгіме, "Сыпайы сөздер", "Жақсы қарым-қатынас”,”Үлкендерге құрмет", “Мейірімділік” тақырыбына байланысты дидактиалық, үстел үсті, қимыл-қозғалыс ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, тақпақтар үйрену, ата-аналармен жұмыс.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Бүгінгі күн біз үшін ерекше сияқты. Өйткені бізге көп қонақтар келіпті.

Балалар қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте!

Тәрбиеші: Қане, балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді)

Қарады маған да (қолдарын кеуделеріне қояды)

Күлімдеп күн бүгін (қасындағы балаға қарайды)

Қарады саған да

Шуақпен төгіп нұр.

Kүн нұpындaй көңiлiм,

Дaлaмдaй кeң пeйiлiм.

Жүpeгiм тoлы мeйipiм,

Бәpiнe opтaқ шyaғым.

Мейірімді бoлaмын!

(Әдемі әуен естіледі)

Ойын: «Сиқырлы жүрек».

Тәрбиеші: Балалар, шеңберде тұрып бір-бірімізге қош келдіңіздер деп айтып алайық. Қараңдаршы менің қолымда "сиқырлы жүрек" бар, осы сиқырлы жүректі қасымызда тұрған балаға беріп тұрып, сол баланың атын еркелетіп айтуымыз керек. Мысалы: Інжу-Інжуім, Арсен-Арсентайым т.б.

Тәрбиеші: Балалар міне байқадыңдарма,бүгін біз мейірімділік туралы сөз қозғаймыз. Бүгінгі оқу іс –әрекетінің тақырыбы: «Мейірімділік» әлеміне саяхат - деп аталады.

- Мейірімділік дегеніміз не?

- Неліктен жақсылық жасау керек?

- Біз қандай адамды мейірімді деп атаймыз?

- Ал, егер адам мейірімді болмаса, онда ол қандай болғаны?

- Сендердің ойларыңша, мейірімділікке қол жеткізуге болады ма, оның иісі, дәмі бар ма?

- Егерде саған біреу мейірімділік көрсетсе сен қандай сезімде боласың?

Балалардың жауаптары: Жақсы адам ата-анасы мен достарын және жалпы әлемдегі барлық адамдарды жақсы көреді. Мейірімді - бұл үлкендерге көмектесетін, кішілерді ренжітпейтін, әлсіздерді қорғайтын адам. Ол табиғатқа қамқорлық жасайды және оны қорғайды. Мейірімді адам мұқият, жанашыр, қамқор, жомарт болады. Ол әрқашан көмекке келеді. Мейірімділікті адамның іс-әрекетінен, сезімінен көруге болады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ал енді, өздеріңнін бір-бірлеріне немесе жақындарыңа жасаған жақсы істеріңді естеріне түсіріп көріндер.

(Балалардың болжамды жауаптары.)

Тәрбиеші: Мейірімділік-бұл сезімталдық, бір-біріне деген жауапкершілік. Бұл адамдарға, жануарлар мен өсімдіктерге көмек. Ойланып көріңдерші, "жақсы" деп кімді немесе нені айтуға болады?

Балалар: күн, адам, іс т.б.

Тәрбиеші: Қане сендермен бірге қосылып таңғажайып және сиқырлы сөздерді айтқым келіп тұр. Ол сөздер “мейірімділік" және “жақсылық” деген сөздер. (Тәрбиеші балалармен бірге “мейірімділік”, “жақсылық” сөздерін хормен айтады.) Ал енді, осы сөздерді орыс тілінде айтайық. Мейірімділік- милосердие, жақсылық-доброта.

Тәрбиеші: Жақсы, дұрыс! Балалар, сендер сиқырлы елге барғыларың келе ме? (Иә) Орындықтардың жанында тұрып, көздеріңді жұмып, осындай сөздерді айтайық:

Мейірімді Феясы бізге көмек берші,

Әлеміне сиқырлы бізді алып келші,

Алақанды соғайық,

Аяқты да қағайық.

1, 2, 3, 4, 5 – көзді ашуға да болады.

(Сиқырлы әуен естіледі. Балалар сөздерді қайталайды. Бұл уақытта тәрбиеші тез жамылғыны киіп, сиқырлы таяқшаны алады).

Тәрбиеші (фея): Сәлеметсіңдер ме, Мен–мейірімді Феямын.

Сендер маған қонаққа келгендеріңе өте қуаныштымын. Менде сендерге арналған сыйым бар, мен оларды сиқырлы сандыққа салдым. Ой, балалар, сандығым жоғалып кетті. Сендер кездейсоқ көрген жоқсындар ма?

(Таңқаларлық сәт. Проектордың экранында зұлым сиқыршы пайда болады.)

Зұлым сиқыршы: Ха-ха-ха. Мен сиқыршы Сүлейманмын. Мен сендерге сыйы бар сандықты жай ғана бермеймін. Сиқырлы гүлде, түрлі-түсті жапырақшаларында мен сендерге тапсырмалар дайындап қойдым. Сендер орманға барып, сол менің сиқырлы гүлімді табыңдар. Егерде тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сиқырлы сандықтарынды беремін, ал, егер дұрыс орындай алмасаңдар сыйымен сандық менде қалады. Ха-ха-ха.

Тәрбиеші (фея): Ой, балалар, не істесем болады енді? Мен жалғыз өзім зұлым сиқыршыға төтеп бере алмаймын, маған жасаған тапсырмаларды да жалғыз орындай алмаймын. Сендер маған көмектесесіңдер ме? (Балалардың жауаптары.)

Тәрбиеші (фея): Менің сиқырлы таяқшам бар, ол бізге зұлым сиқыршының тапсырмаларымен гүлге апаратын жолды көрсетеді. Сиқырлы таяқшаға көз салыңыз!

Міне, біздің қысқы орман!

Онда көптеген ертегілер мен ғажайыптар бар! (Таяқшамен дөңгелек қозғалыс орындалады).

Сол жақта – қарағай, оң жақта-шырша. (Қозғалыс таяқшамен солға-оңға орындалады).

Жоғарыда тоқылдақ, тук-тук. (Таяқтың жоғары-төмен қозғалысы орындалады).

Бұралмалы жолдар бойымен жүріп өтеміз. (Қозғалыс жылан таяқшасымен орындалады)

Гүлімізді біз таптық. (Таяқша гүлдің орналасқан жерін көрсетеді)

Қараңдар! (Тәрбиеші мольберттің пердесін ашады, ал балалар гүлді көреді). Сендермен бірге гүлдің қанша жапырақшасы бар екенін санап көрейік? 1,2,3,4,5 (жеке және хор жауаптары).

Балалар, әр жапырақшаның артында, зұлым сиқыршы тапсырма дайындады. Мади, маған сары жапырақшаны алып берші:

Тәрбиеші (фея): Зұлым сиқыршының бірінші тапсырмасын орындайық.

1 тапсырма: «Ертегі кейіпкерлері» ойыны (үстелдің үстінде пиктограммалар бар: жақсы адамның бейнесі мен зұлым адамның бейнесі)

Енді кішкене ойнайық. Барлықтарың ертегілерді жақсы көресіңдер, солай емес пе? Жақсы және зұлым кейіпкерлер ертегілерде кездеседі. Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай ертегілердің кейіпкерлері, олардың сыртқы түрі, мінез-құлқы, іс-әрекеті осы пиктограммаларға сәйкес келеді?

(Ертегі кейіпкерлері: Мыстан кемпір, қасқыр, түлкі, Қар ханшайымы, Түймедақ қыз, Күлшеқыз, Қолтырауын Гена, Қайырымды дәрігер Айболит)

Айзере, маған жасыл жапырақшаны алып бере қойшы:

2 тапсырма: «Жақсылық дегеніміз не, жамандық дегеніміз не»

Екінші тапсырмада сиқыршы жаман іс-әрекеттермен мен жақсы іс-әрекеттерді бір-бірімен шатастырып қойыпты. Енді, осы іс-әрекеттерді екіге бөлуіміз керек. Ол үшін, балалар, бір-бірден үстелге келіп, жақсы қылықтары бар суреттерді таңдап, маған көрсетесіңдер, ал жаман әрекеттері бар суреттерді үстелге қалдырасыңдар.

(Тапсырманы орындағаннан кейін балалар суреттердің дұрыс таңдалған-таңдалмағанын талқылайды).

Тәрбиеші (фея): Жарайсыңдар! Балалар! Естисің бе, зұлым сиқыршы, балалар бұл тапсырманы да орындады!

Ал енді, кішкене демалып алайық.

Сергіту сәтті

Күнге қарап қолымды

Бір, екі, үш деп соғайын /қолды соғу/

Қарап тұрған көршіме

Мен қолымды бұлғайын /бір - біріне қол бұлғау/

Жылы - жылы жүзбенен

Маңдайыннан сипайын /сипау/

Жылы - жылы сөзбенен

Жүрегімді сыйлайын /жүректі ұсыну/

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын /қолды қысу/

Амандасып өзіңмен

Құшақтасып алайын /құшақтасу/

Тәрбиеші (фея): Жарайсыңдар балалар! Қараңдаршы, бізде үш тапсырма қалды. Ильяс маған көк жапырақшаны алып берші.

3-тапсырма: Мейірімділік және жақсылық туралы мақал-мәтелдер.

(Балалар мақал-мәтелдерді айтып береді.)


Жақсының соңынан көп ереді,

Жаманның соңынан шөп ереді.  (Айназ)


Біреу – біреуге сүйеу. (Айзере)


Жақсының айтқаны келмейді,

Жаманның сандырағы келеді.  (Р. Арсен)


Басыңа іс түссе,

Жақсы көмек етеді,

Жаман күліп кетеді. (М. Арсен)


Жақсылық қылсаң, жасыр,

Жақсылық көрсең, асыр. (Мади)


Кең болсаң, кем болмайсың. (Кәусәр)


Жамандық пайда етпейді,

Жақсылық зая кетпейді. (Амир)


Мейірімділік жүректен,

Мейірімсіздік білектен. (Адиет)


Әркім жолдас болады амандықта,

жаман тастап кетеді жамандықта. (Талшын)


Атасы жақсы, көргенін айтады,

Атасы жаман, бергенін айтады. (Нұрша)


Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер. (Ержігіт)


Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,

Бір жақсы мың қолды ерітеді. (Інжу)


Кісінің көзіне көзің түссе, мейірімі түседі. (Абылай)


Мырза болмасаң да, мейірімді бол. (Аңсар)


Мейірімі мол ананың-

Жүрегі жылы, қолы кең. (Ильяс)


Тәрбиеші (фея): Жарайсыңдар! Талшын қызғылт жапырақшаны алып берші.

4-задание: Ойын «Мейірімді сөзбен ауыстыр»

Доппен ойналатын ойын. Допты кезекпен лақтырып, жылы сөздермен ауыстыру. Жаман - жақсы

Дөрекі - мейірімді

Алып алу - беру, сыйлау

Ұрысу - мақтау

Жалқау - еңбексүйгіш

Ренжіту - қорғау

Көңілді - көңілсіз

Шулы - үнсіз

Қорқақ - батыл

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Мейірімділік - бұл адамның маңызды қасиеті. Тәрбиеші (фея): Бұл тапсырманы да орындай алдық. Жарайсыңдар! Амир, қызғылтсары жапырақшаны алып берші.

5-тапсырма «Сөйлемді аяқта»


- Мен сендерге бірнеше баланың бастарынын өткізген оқиғалары туралы оқып беремін, бірақ бұл оқиғалар соңына дейін аяқталмаған. Сендер жақсылап ойланып, осы оқиғаларды аяқтауларын керек. Келістік пе?


1) Арман мен Дастан бірін-бірі қуып ойнап жүрген. Арман қашып жүрді, ал Дастан Арманды қуып жүрді. Бір кезде Арман құлап қалды. Сол кезде Дастан.... Дастан не істеді? Неліктен?


2) Айжан аулада ойнап жүрді. Кенеттен ол суықтан мяулап тонып тұрған кішкентай марғауды көреді. Сол кезде Айжан… Айжан не істеді? Неліктен?


3) Айым мен Шолпан “Дүкен” ойынын ойнап отырады. Бір кезде оларға бір кішкентай бала жақындап “Мен сендермен ойнағым келеді” – дейді. “Біз сенімен ойнамаймыз, өйткені сен әлі кішкентайсын”, - деп Айым жауап береді. Ал Шолпан .... Шолпан не деп жауап береді? Неге?


- Жарайсыңдар балалар! Берілген оқиғалардың аяғын жақсы аяқтадыңдар.

Біз үлкендерге, балаларға, жануарларға көмектесіп, оларға қамқорлық жасауымыз керек. Сондай-ақ, бір-бірімізді мақтап, бір-бірімізге қуануды ұмытпайық. Біз бұл тапсырманы да орындадық. Ура! Керемет!

(Тосын сәт. Проекторда зұлым сиқыршының жазбасы қосылады.)

Сиқыршы: Сендердің мейірімді іс-әрекетттерін мені өзгерті. Күнің сәулесімен жылынып, мен мүлдем мейірімді болдым. Мен қазір мүлдем басқамын, мен жақсымын, жаман емеспін! Жақсылық жолымен жүрудің жақсы екенін түсіндім, кішкентай сандықтарынды алыңдар.

Тәрбиеші (фея): Міне, балалар жақсы істер жасап, жаман істерге төтеп бере алдық , тіпті зұлым сиқыршы да мейірімді болды! 1, 2, 3, 4, 5 – сиқыр қайта болады. 

(Фея салфетканың астынан сандықты шығарады.) Балалар, қараңдаршы, сиқыршы бізді алдаған жоқ және сандықты тәттілермен қайтарып берді. Бірақ, өкінішке орай, біз балабақшаға оралатын кез келді, және біз сандықты өзімізбен бірге топқа апарамыз, сонда сендерге тәттілеріңді табыс етемін. Орындықтарыңнын жанында тұрып, көздеріңді жұмып, сиқырлы сөздерді айтамыз :

Мейірімді Феясы бізге көмек берші,

Балабақшаға сүйікті бізді алып келші,

Алақанды соғайық,

Аяқты да қағайық.

1, 2, 3, 4, 5 – көзді ашуға да болады.

(Сиқырлы жазба - «Ертегі әуені» естіледі. Балалар сөздерді қайталайды. Осы кезде тәрбиеші жамылғыны тез шешіп алады.)

Тәрбиеші: Балалар, балалар біз балабақшаға келдік, сендерге саяхат ұнады ма? Ертегі елінде кімдерді кездестірдік? Біз бүгін не туралы сөйлестік? (балалардың жауаптары)

Бүгін біз сендермен мейірімді және сыпайы болудың нені білдіретінін білдік. Жүздеріңнен күлкі үйіріліп, жылы сөздерді, тіпті жүректен шыққан сөздерді естігенде, біз бір-бірімізге жылимыз. Бір-бірімізге жылы сөздер айтып, күлімсіреу керек.

Кез-келген сәлемдесуде ең бастысы - күлімсіреу!

Күлімсірейтін адам - ​​скрипкасыз ішектер

Еш тартынбаңыз, ұялмаңыз -

Жымиыңыз, күліңіз!

Балалар мен сендерді әуені: В. Шаинский, сөзі: М.Пляцковскийдің «Улыбка» әнін айтуға шақырымын.

Бүгін сендер мені қатты қуанттыңдар. Барлық тапсырмаларды орындадыңдар. Жарайсыңдар!

























Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Бір күні ол анасынан «мейірімділік деген не?»- деп сұрайды. Сен әлі кішкентайсың, өскеннен кейін түсінесің – дейді анасы.

- Бірақ балапан мазасыз еді. Ол мейірімділіктің не екенін тезірек білгісі кеп, жолға шығады. Жолда келе жатып жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып беруге көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»- дейді. Мен мейірімділік дегеннің не екенін білуім керек – дейді де ұшып кетеді. Алдынан бір қыз кездеседі, ол ағашқа ілініп қалған шарын ала алмай жүр екен. «Балапан, балапан маған шарды алуға көмектесші»- дейді. «Менде уақыт жоқ мейірімділік дегеннің не екенін білуім керек»,- дейді

- Бірінші сен шарды алып бер – дейді қыз.

Балапан ұшып барып шарды алып береді. «Мінекей сен қайырымды іс істедің, мейірімділік деген осы» - дейді.

«Қандай оп - оңай» - деп таң қалады балапан.

- Міне осылайша мазасыз балапан мейірімділік не екенін түсінген екен.


Бірде кішкентай күшік аулада ойнап жүріп көшеге шығып кетеді. Кенет нөсерлетіп жаңбыр жауады. Бүрсеңдеп тоңып қалған күшікті көрген Айжан мен Маржан оны аяп үйге алып келеді. Күшіктің астына төсеніш төсеп,жылы сүт береді. Жылы сүт ішкен күшік маужырап ұйықтап қалады. Қыздар кішкентай күшікке мейірлене қарап өз істеріне риза болды.



Теме: «Дорогою добра»

Цель: углублять представление детей о доброте – как о ценном качестве человека.

Задачи:

- учить детей подбирать подходящее слово, согласовывать его с другими словами в предложении; формировать умение подбирать слова в уменьшительно-ласкательной форме; учить находить слова близкие по смыслу.

- продолжать совершенствовать коммуникативные навыки (умение выслушивать товарища, искренне высказывать свое мнение, проявлять доброжелательность к суждениям других людей); развивать логическое мышление, познавательную сферу.

- воспитывать любовь к ближнему, противление злу; содействовать улучшению поведения ребенка, смягчению характера; воспитывать у детей навыки культурного общения со сверстниками, следуя речевому этикету.

Интеграция образовательного процесса: “ коммуникация”, “социализация”, “познание”, “музыка”

Предварительная работа: чтение художественной литературы, беседа «О доброте и жадности», «Вежливые слова», «Добрые отношения - уважение к старшим»,обыгрывание ситуаций, разучивание игр, стихотворений, работа с родителями.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
1581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі