400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ мейірімділік қайырымдылық

Материал туралы қысқаша түсінік
дөңгелек үстел сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№41 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ










Тақырыбы: «Мейірімділік, Қайырымдылық.»




Дайындаған: А.Амангелдіқызы

















Семей қаласы

2018-2019 оқу жылы

Тақырыбы: Мейірімділік, Қайырымдылық.

Мақсаты: Оқушылардың жан дүниесіне адамгершілік құндылықтарды, ізгі ниетті, танымдық ой қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларға әлемде мейірімділік бар екендігі туралы түсініктерін дамыту;

  • Оқушыларға адамның жүрегі мейірімділікке толы болу керектігін ұғындыру;

Оқушыларды мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу

Жүргізушарты:сынып немесе кез-келген басқа кең жарық бөлме

Әдістер:топтық пікірталас, ойын әдістері , медитациялық техникалар Көрнекілігі:Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, Сюжетті суреттер. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды алдын-ала топ болып отырғызылады. Ақиқат, Парасат. Оқушы болып 2 топқа бөлінеді. І.Психологиялық дайындық

Сәлемдесу жоралғысы. «Әр түрлі ұлттын амандасуы»

1. Сәлемдесу жаттығуы.

Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топта жағымды атмосфера қалыптастыру.
Нұсқау
: Қатысушыларға 4 түрлі сәлемдесу рәсімі ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кейін әрбір қатысушы қасындағы көршісімен, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» арқаларымен, «италиандықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерде болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.

Топта қалыпты жағдай қалыптастыру үшін жағымды климат тудыру.

2. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

- Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

- Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

- Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болдыма?

3. Ой қозғау:

Бүгінгі пікір алысуға қатысушылар, сіздердің барлықтарыңызға ортақ сұрақ:

Мейірімділік сұрақ:

Мейірімділік дегеніміз не?

Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

Қайырымдылыққа сұрақ:

Қайырымдылық дегеніміз не?

Қайырымдылықды қалай көрсетуге болады?

Келініздер, осы тақырып төңірегінде салиқалы пікір алысайық

Әр топ өздеріне таратылып берілген қағаздарға ойларын жазып, ортадан біреуі шығып қорғап шығады.

4.«Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны.

Оқушыларға екі бағанаға бөлінген ақ парақ таратылып беріледі.

І бағанға «Сатамын», ІІ бағанға «Сатып аламын» деген сөздер жазылады.

Музыка ойналады.

Оқушылар өз бойларындағы қандай қасиеттерді сатқылары келеді және қандай қасиеттерді сатып алғылары келетіндіктерін қағазға түсіреді.

Жазып болғаннан кейін парақты кеуделеріне ұстап тұрып, өзара сатуға ұсынылған қасиеттерімен танысады.

- Қандай қасиеттер көбірек сатылуға ұсынылды?

- Не себепті сатып алғымыз келді?

- Не себепті сатқың келді?

Сұрақтар бойынша оқушылармен қорытындылау жұмыстары жүргізіледі.

Ойыннан шығатын қорытынды: «Кемшіліксіз адам болмайды, Өзіңнің кемшілігін мойындау –ол да бір ерлік».

5. Бейнеролик «Мейірімділік аясы» Мақсаты:Адамдарды қайырымды, мейірімділке шақыру бір-біріне қолдау көрсету. Талқылау:Адамдар бір-біріне қолдау көрсету керекпе

6. Рефлексия

От шашу жаттығуы соңында қатысушылар бір – біріне алған әсерлерін айтады, жылы лебіздерін білдіреді. «От шашу». Барлық қатысушылар ортаға шығып, шеңбер болып тұрып қолдарын төменнен жоғары қарай қатты шапалақтаулары керек.

Қорытынды.

Ендеше бүгінгі пікірталасты мына сөзбен аяқтағым келеді.

Бүгінгі қатысып атсалысқандарыңыз үшін сіздерге рахметімді айтамын.






















«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ

«Мейірімділік-қайырымдылық» тақырыбында дөнгелек үстелге байланысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы

ХАБАРЛАМА


2016 жылдың 7 қазан айында дөнгелек үстел тақырыбы: «Мейірімділік-қайырымдылық» байланысты оқушылармен бірге пікір алмасу, өз ойларын ашық айтылды. Дөңгелек үстелге қатысқан оқушы саны 22 оқушы қатысты.

Мақсаты: Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды мейірімді болуға, қайырымдылық көрсетуге дағдыландыру. Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу. Жүргізілген әдістемелер: Сәлемдесу жоралғысы. «Әр түрлі ұлттын амандасуы» бойынша оқушыларда бір-бірне деген мейірімділік ,сыйластық қалыптасты.

Қызығушылықты ояту. Оқушыларға сұрақтар берілді.

- Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

- Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

- Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болдыма?

қорытындысы бойынша оқушылар әр бір бала өзінің ойларын айтты.

Адамдармен , бір-бірінмен қарым-қатынас жасау арқылы үлкен адамдарға дегенен сенімділік,мейірімге,қамқорлыққа жақсы көңіл күйде боладын айтты.

Ой қозғау: екі топ бір-бірінмен пікір алысты Әр топ өздеріне таратылып берілген қағаздарға ойларын жазып, ортадан екі бала шығып қорғап шықты.

Мейірімділік, Қайырымдылық дегеніміз не?

  • Адамдарға деген сыйластық,құрметтілік,сүйіспеншілік,

  • бауырмалдылық,кішіпейілділік.

Оқушылар арасында. «Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны өткізілді.

Оқушылар өз бойларындағы қандай қасиеттерді сатқылары келеді және қандай қасиеттерді сатып алғылары келетіндіктерін қағазға жазып. Бір-бірімен өздерін жақсы,жағымсыз қасиеттерін сатты,сатып алды. оқушылармен қорытындылау жұмыстары жүргізіледі. Ойыннан шығатын қорытынды: «Кемшіліксіз адам болмайды, Өзіңнің кемшілігін мойындау –ол да бір ерлік. сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бейнеролик «Мейірімділік аясы» көрсеттілді Талқылау:Адамдар бір-біріне қолдау көрсету керекпе дегенде оқушылар адамдарды қайырымды, мейірімділке шақыру бір-біріне қолдау көрсету керек деді.

Оқушыларға мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге жалғасын табатыны туралы айтылды.


Мектеп педагог-психологы: А. Амангелдіқызы
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 маусым
966
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі