жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Мекенжай 6 сынып
Ашық сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім. Мекенжай.
Сабақтың мақсаты:Тыңдаушылардың реттік сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
1) Сәлемдесу.
2) Психологиялық ахуал (1мин)
Алуан – алуан ғасырлардың
Шежіресі болған тіл.
Небір ұлы асылдардың
Шын көңілі толған тіл.
3) Тыңдаушыларды екі топқа бөлу. (Қоржыннан теңге алынады, сол теңгедегі сандарға байланысты екі топқа бөлінеді.) (1 мин)
ІІ. Жаңа сабақ.
1-тапсырма. «Сандар сөйлейді» (4 мин)
Әр санның өз құпиясы бар.Сандарды рет-ретімен ашамыз.
16 |
1997 |
30 |
1993 |
1989 |
25 |
2030 |
1 |
16 желтоқсан (1991 жыл) – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні.
1997 жылы (11 шілде) – Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы қабылданды.
30 тамыз (1995 жыл) – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
1993 жыл (15 қаңтар)– Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы Теңге қолданысқа енгізілді.
1989 жылы (22 қыркүйек) – Қазақ тілі Мемлекеттік мәртебе алды.
25 қазан – Құрбан Айт.
«Қазақстан-2030» – Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму бағдарламасы.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күні, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні.
16 |
Реттік сан есім дегеніміз не?
|
1997 |
Есептік сан есімнен реттік сан есім жасаңыздар. Тоқсан бір, он алты, жиырма, жүз, мың, сексен алты. |
30 |
Сұраулық шылауларды атаңыз.
|
1993 |
Сандарды оқыңыз: 25, 201, 894, 1045, 506, 1023, 5,6
|
1989 |
Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып, оқыңыз. 1. Қаңтар-жылдың ... айы. 2. Аптаның ...күні – сәрсенбі, ... күні –жексенбі. 3. Бір тәулікте ... сағат бар. |
25 |
Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз. 21 дом, 6 улица, 1991 год, 8 стол, 16 лет |
2030 |
Мына сөзді жекеше және көпше түрде тәуелдеңіз. Мекенжай |
1 |
-да/-де, -та/-те, -нда/-нде жалғаулары қай септікке жатады?
|
2-тапсырма. «Құрақ құрау» (2 мин)
Берілген құрақтарды дұрыс құрау арқылы мақал құрастыру, сан есімдерді атау.
1-топ - 1) «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» (жеті, бір)
2) «Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жерде –соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады» (он, жүз, мың)
3) «Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» (екі)
2-топ - 1) «Жігіттің құны – жүз жылқы, ары – мың жылқы»(жүз, мың)
«Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – он саулық,
Үшінші байлық – ақ жаулық» (бірінші, екінші, үшінші)
«Екі қоянды қуған, біреуін де ұстай алмас» (екі, біреу)
3-тапсырма.«Елші» (4 мин)
Берілген мәтінді оқып шығып, тақырыпқа ат беру, мазмұнын айту, сан есімдерді тауып, реттік сан есімдерге айналдырып жазу.
1-топ. Қызылжар ауданы
1967 жылы Бескөл ауданы құрылды. 1997 жылы Соколов және Бескөл аудандарын біріктіру негізінде Қызылжар ауданықұрылды. Аудан құрамына 20 ауылдық округ, 77 елді мекен кіреді. Аудан орталығы – Бескөл ауылы.
Ауданда 123-тен астам балық аулайтын көлдер бар. Қазіргі таңда ауданда 8 акционерлік қоғам, 22 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 5 мемлекеттік мекеме бар. Сонымен қатар, 9 мәдениет үйі, 6 клуб, 15 кітапхана бар. Ауданда 1967 жылдан бастап «Маяк» және 2003 жылдан бастап «Қызылжар және қызылжарлықтар» газеттері шығады.
2-топ. Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды.Ол кезде облыстың құрамына 26 аудан, 5 қала болған.Бүгінгі шекарасы 1999жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласының негізі 1752 жылы қаланды. Облыста 13 әкімшілік аудан, 5 қала, 4 қала типтес кенттер бар. Облыстың халқы 588910 адам, жер көлемі – 98 мың шаршы километр.
Солтүстік-Қазақстан облысында 1000-нан аса көлдер бар.Облыс аумағында Есіл өзені ағып өтеді.
Сергіту сәті. «Ойлан, тап!» (2 мин)
Қай топ шешсе, ұпай сол топқа бұйырады.
а) Сан есімдерден басталатын қазақтың ұлттық ойындары?
Жауабы: алтыбақан, тоғызқұмалақ.
ә) Үстел үстінде үш стақан шие тұр.Марат бір стақан шиені жеп қойды.Неше стақан қалды?
Жауабы: 3 стақан
б) 100 шөже, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөже, 10 күнде қанша кг бидай жейді?
Жауабы: 1 кг
в) Қай айда 28 күн бар?
Жауабы: Барлық айда
г) 1 жұмыртқа 10 минутта піседі, 5 жұмыртқа неше минутта піседі?
Жауабы: 10 минутта.
4-тапсырма. «Көршіңмен тілдес» (1 мин)
1-кестеге өзіңіз туралы жазыңыз. Көршіңізге сұрақтар қойып, екінші кестені толтырыңыз.
Бірінші кесте:
Менің аты-жөнім:___________________________________________________
Жасым:____________________________________________________________
Мекенжайым:______________________________________________________
Ұялы телефоным:___________________________________________________
Электронды поштам:________________________________________________
Екінші кесте:
Оның аты-жөні:_____________________________________________________
Жасы:_____________________________________________________________
Мекенжайы:_______________________________________________________
Ұялы телефоны:____________________________________________________
Электронды поштасы:_______________________________________________
5-тапсырма. «Шығармашылық жұмыс» (3 мин)
"Менің болашақтағы мекенжайым" жобасын қорғау
6-тапсырма. «Жаңылмай, жаңылтпаш оқу» (1 мин)
Топ жетекшілеріне арналады.
1) Үш кіші ішік піштім,
Бес үлкен ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім? (3 кіші ішік піштім)
2) Оралдан оралған олардан
Омаржан оң көріп,
Он бөрік,тор беріп,тон алған.
ІV. Қорытынды. Тест тапсырмалары: (1 мин)
1.Сан есім деген не? а) заттың қимылын білдіретін сөздер. б) заттың сынын білдіретін сөздер.
т) заттың санын білдіретін сөздер.
2. Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді? а) нешінші? ә) неше? б) қанша?
3.Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңыз. Ер ... рет өледі, қорқақ ... рет өледі. а) бір,бесінші ә) бір, көп м) бір, мың
4. - ыншы жұрнағы қай сөзге сәйкес келеді? а) он ә) үш б)алты
5. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?
а) Х- сынып ә) 2012- жылы ш) 1- үй
6. Сұраулық шылауды көрсетіңіз:
а). ма,ме; ба,бе; ше. ә) да,де; та,те; шы б) мен, бен, пен.
Тест сұрақтарының жауаптары
1 - Т
2 - А
3 - М
4 - А
5 - Ш
6 - А
Рефлексия (2 мин)
“5+5+1” әдісін қолдана отырып сабақты қорытындылаймыз:
Бүгінгі сабақ жайлы 5 сөйлем жазу
5 сөзге дейін қысқарту
1 сөзге дейін қысқарту
Қорытындылау: "Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын"
Альберт Энштейн

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген