400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мектеп өмірі" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Аталған сабақ жоспарын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үлгі есебінде қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Гүлнар Кәрібаева, Жітіқара қ.

№10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


4 - сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен сабақ әзірлемесі


Сабақтың тақырыбы: мектеп өмірі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың мектеп өміріне байланысты алған білімдерін жинақтау, жүйелеу;

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлей білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: саналы білім ала білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ақпаратты қолдану, қайталау, іздену, индуктивтік, мақтау-мадақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақта, оқулық, сабаққа керекті слайдтар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, орыс әдебиеті, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а/ сәлемдесу;

ә/ түгендеу;

б/ сабаққа деген оқушылардың назарын аудару;

2. Сабақтың мақсат, міндетімен, барысымен таныстыру.

3. Алған білімдерін жинақтау:

а/ слайдта берілген тапсырмалар арқылы оқу құралдарын қайталау;

ә/ оқу құралдарына байланысты берілген тапсырмаларды орындау /дәптерге, бояуға байланысты берілген тақпақты тыңдап, мағынасын түсіну, кітапқа байланысты берілген мақалдың мәнін түсіндіру, қарындаш, қаламға байланысты берілген жұмбақтарды шешу/.
4. Сергіту сәті: «Қонжықты мектепке жинаймыз» ойыны.

5. Алған білімдерін пысықтау:

а/ суреттерге қатысты сөздерді қолданып. 5 сөйлем құрастыру;










ә/ мәтінді түсініп оқып, ат қою;

Біздің мектеп өте әдемі, биік. Мектептің сыныптары кең, жарық, таза. Мектеп екі қабатты.

Бірінші қабатта спорт залы, еңбек кабинеті, асхана бар. Екінші қабатта қазақ тілі, орыс тілі, математика, бейнелеу өнері, шет тілі кабинеттері бар.

Мен өз мектебімді жақсы көремін.


  1. Мектеп қандай?

  2. Мектептің сыныптары қандай?

  3. Мектеп неше қабатты?

  4. Бірінші қабатта не бар?

  5. Екінші қабатта не бар?


б/ фонетикалық жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу;

Қар...ндаш, өш...ргіш, к...нделік, к...тап, оқ...шы, қал...м, с...рет, әл...ппе, с...нып, қаб...т.

в/ көру диктантын орындату;

О қу – білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.


Сергіту сәті: жұмбақтарды шешу;

Т ілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.

(...)

Өшірді, сүртті,

Өзгені құртты.

Өзін де құртты.

(...)

Жазу жазып, жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған.

(...)

Дәптермен жұмыс:

а/ суреттердің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.


Оқушылар сыныпқа кірді. Болат –ға отырды. Ол - сін ашты.

С Picture 9 өмкесінен алды. Әлия - ға шықты. Сабақ қызық болды.

ә/ көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жаз.

М ен оқи... . Мен шық... .

Сен оқи... . Сен шық... .

Сіз оқи... . Сіз шық... .

Ол оқи... . Ол шық... .

б/ сөйлемдерді оқы. Олардың дұрыс, бұрыс екенін көрсетіп, кестені толтыр.


№

Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

1

Ғарышкер сыныпта ұшады.



2

Әже үшінші сыныпта оқиды.



3

Оқушы дәптерге жазады.



4

Біз қазақша үйренеміз.



5

Сөмкеге мысықты салады.



6

Ұстаз күнделікке баға қояды.



7

Оқу жылы жазда басталады.



8

1 қыркүйек – білім күні.



9

22 наурыз – тәуелсіздік күні.



10

Кітап – оқу құралы.




Сергіту сәті: «Бұл қай пәнде болады?» ойыны





Кім не істеді?


6. Қорытынды: деңгейлік тапсырмаларды орындау;

1Shape1 . Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді аяқтап жаз.

  1. Партада қалам, қарындаш ... .

  2. Әселде дәптер мен күнделік ... .

  3. Арман үшінші сыныпта ... .

  4. Кітапханада қызық кітаптар ... .

  5. Мектепте оқушылар ... .

2. Суреттерді сөзбен жаз.


Мынау –


Мұнымен күнді бояймын.


Мынау –


М ұнымен құмды бояймын.


Мынау -


Мұнымен гүлді бояймын.


Мынау -


Мұнымен суды бояймын.

1Shape2 . Сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

  1. Көп, кітап, Ермек, оқиды, ана тілінде.

  2. Отыр, сыныпта, оқушылар.

  3. Қазақ тілі, Асан, сабағында, оқыды, өлең.

  4. Жазамын, мен, дәптерге, жаттығу.

5. Сен, бар, кітапханаға.


2. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемді көшіріп жаз, қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сыз.

Мен с...рет салуды жақсы көремін. Мен...ң сурет дәптерім бар. Оған мен т...рлі түсті қар...ндаштармен таби...ат суретін салдым. Ал қыз...л, сары, к...қ, жас...л түсті бояумен мект...птің суретін салдым.

1Shape3 . Сурет бойынша 4-5 сөйлем құрастыр.





2. Тест тапсырмасын орында.

1. Математика сабағында не істейсің?

1. жүгіремін

2. есеп шығарамын.

3. ойнаймын

4. диктант жазамын

5. сурет саламын.

2. Сурет сабағына не әкелесің?

1. кітап

2. сөздік

3. ойыншық

4. бояу

5. күнделік

3. Ән сабағында не істейсің?

1. кітап оқимын

2. сурет саламын

3. ән айтамын

4. жүгіремін

5. есеп шығарамын.

7. Рефлексия.

8Shape4 . Үй тапсырмасы: деңгейлік тапсырмалар орындау:

мектеп өміріне қатысты 5 мақал-мәтел жазып, жаттау;

мShape5 ектеп өміріне байланысты сөзжұмбақ құрастыру;

Shape6 мектеп өмірі туралы эссе жазу.

9. Бағалау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
784
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі