400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ мектепалды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр жыл мезгілінле қандай өзгерістер болады? Маусымдық өзгерістердің ерекшеліктерін анықтай алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

тАҚырыБы: Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.2.2.2 . Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалын анықтау.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

  • бақылауға қатыса алады;

  • маусымдық өзгерістерді атай алады;

  • табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады;

  • жыл мезгілдеріне байланысты маусымдық өзгерістердің ерекшеліктерін көрсете алады.

Көпшілік балалар:

  • маусымдық өзгерістердің ерекшеліктерін анықтай алады;

  • маусымдық өзгерістерге байланысты табиғат құбылыстарының өзгермелілігін айта алады;

  • практикалық жұмысты орындай алады.


Кейбір балалар:

• бақылау үдерісін талқылай алады және қорытынды шығара алады.

тілдік мақсат

Дағдыны дамыту: маусымдық өзгерістерді бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау. Көптілділік: жыл мезгілдері – времена года – seasons

негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Маусым, маусымдық өзгерістер, жыл мезгілдері, табиғат құбылысы, т.б.

талқылауға арналған сұрақтар.

Әр маусымда қандай өзгерістер болады?

Маусым дегеніміз не?

Маусымдық өзгерістер дегеніміз не?

Маусымдық өзгерістер неге байланысты құбылады?

Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалы қандай?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Маусымдық өзгерістер туралы ұғымдар; қарапайым бақылау дағдылары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) «Мен жерімді сүйемін» өлеңінің көмегімен дұрыс әсерлі көңіл күй жасау.

Мен жерімді сүйемін, Жеріме дән себемін. Ауа таза болсын деп, Жылда ағаш егемін.

Өлең.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

2–5 мин.

(Ұ) Балалар, табиғат құбылысы дегеніміз не? Есімізге түсірейікші. Бүгін біз сендермен әр маусымдағы өзгерістер болатыны туралы айтатын боламыз. Маусымдық өзгерістер дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар?

Мақсатты болжам.


Маусымдық

өзгерістер бейнеленген оқулықтағы суреттер.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

( Ұ) Өзекті мәселелер.

Жұмбақтарды шешу арқылы маусымдық өзгерістер туралы түсінік беру. 1. Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды. Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Қыс).

Жұмбақтардың жауабына байланысты суреттер.


  1. Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай-салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Көктем).

  1. Өрік, алма,

Жидек жүзім піседі.

Қауын-қарбыз,

Қияр, сәбіз дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Жаз)

  1. Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала нұры қашады.

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Күз)

Балалар, қандай жыл маусымдарын білесіңдер?

Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз, күз.

Маусымдық өзгерістерге анықтама беріп көрейікші.



Маусымдық өзгерістер – әр жыл мезгілінде өзіне тән табиғат



құбылыстары мен өзгерістері.

Ертегі: «Жыл атайдың төрт баласы»

Ерте, ерте, ертеде Жыл атай өмір сүріпті. Ол бүкіл табиғат құбылыстарының иесі болыпты. Табиғаттың әрбір мүшесі Жыл атайдың құзырында екен. Жыл атайдың мінездері әртүрлі төрт баласы болыпты. Бірінші баласының аты – Қыс екен. Оның мінезі өте қатал, ашушаң болған екен. Мінезінің қатты болғанымен, көңілі пәк, ниеті түзу екен. Бірақ ашуланса, бүкіл әлемді өзінің суық ызғарымен тоңдырып тастайтын көрінеді.

Ал үлкен баласынан кейінгі баласының аты – Көктем екен. Көктем өте көңілді, жайдары, жан-жағына шуағын, нұрын төгіп жүреді екен. Қыс ағасының ашуланған кезінде осы Көктем ашуын басып, сабырға келтіріп отыратын көрінеді. Көктемнің ерекшелігі бүкіл тіршілік иелеріне мейірлене қарап, жан бітіреді екен. Сондықтан оны жануарлар мен өсімдіктер патшалығы ерекше құрметтейді екен. Бірақ Көктем кейде мұңайып та қалады екен.

Осындай мұңайған сәтте көмекке келетін үшінші баласы Жаз екен. Жаз Жыл атайдың барлық балаларының ішінде ең жайдары, ең мейірімдісі екен. Жаз бүкіл жер бетіне өзінің ыстық шуағын төгіп, жеміс-жидектердің пісуіне септігін тигізеді екен. Жазға бүкіл гүлдер патшалығы бағынатын көрінеді. Бүкіл жәндіктер мен жануарлар да оған дән риза.

Жыл атайдың ең кенже баласы – Күз екен. Күз үнемі мұңайып, томсырайып жүреді екен. Бірақ кейде қуанышты сәттері де болады. Томаға тұйық мінезіне қарамастан, Күз өте жомарт, қолы ашық екен. Әсіресе, оған Адамдар патшалығы дән риза. Өйткені астықпен, жеміс-жидектермен, көкөністермен қамтамасыз ететін осы Күз екен.

Жыл атай әр баласының мінездерінің ерекшеліктеріне қарамастан, оларды өте жақсы көріпті.

Жыл мезгілдерінің суреті.


  • Ертегі не жайында айтылған?

  • Жыл атайдың қанша баласы бар екен?

  • Ертегіде қандай мезгілдер туралы айтылған?





Сергіту сәті







Дәптермен жұмыс









Топтыұқ жұмыс











Дидактикалық ойын «Саңырауқұлақ»




Балалар қимылдарды қайталайды.







Әліппе дәптердегі тапсырманы орындау.









Әр топқа берілген тапсырманы балалар орындайды,қорғайды.

Маусымдық өзгерістерді табу .Сурет бойынша.











Мақал –мәтел айтқызу.

Әліппе-дәптер.


• бақылау қорытындылары бойынша жазбаларды жүргізе білуі; • бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Жаз мезгілінде адамдар қалай киінеді? Қыста ауа райы неге суық болады? Астық пен жеміс-жидектің толық пісіп-жетілетін кезі қай мезгіл?

Өрік пен құлпынай жемісі қай кезде піседі?

ҚОрытынДы:

Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалы зор.

Көктемде жан-жануарлар мен өсімдіктер тіріліп, тіршілік басталады.



Жануарлардың кейбір түрі жаз, күз мезгілдерінде азықтарын жинап, қыста қысқы ұйқыға кетеді. Адамдар да әр маусымдық өзгерістерге байланысты киім киеді. Көктемде жерді жыртып, дәнді-дақылдар мен көкөністерді, жемістерді отырғызып, жазда күтіп-баптап, күзде жинап алады.

Әр маусымдық өзгерістердің өзіндік ерекшеліктері бар.



(Ө) «МЕН БАҚЫЛАП ҮЙРЕНЕМІН» практикалық жұмысы.

Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады:

Маусымдық өзгерістердің – жанды табиғат иелеріне тигізер ықпалы зор.

( Ұ) Өзекті мәселе.

«Маусымдық өзгеріс» дегенді ғылыми тұрғыдан қалай түсіндіресіңдер?

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізуге болады (2-3-тапсырмалар).

Жыл мезгіліне қарай бақылау түрін таңдау.

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Қалыптастырушы бағалау.

Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Балалардың өз жұмысын

Мезгіл ағашы арқылы бағалайды


Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.



Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Жоламан ауылы



Жоламан орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Ш.Дауренбаева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
659
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі