жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Мектепалды даярлық. Б дыбысы мен әрпі
|
Сауат ашу ТАҚЫРЫБЫ: Бауырсақ пен құрт. Б дыбысы мен әріпі |
Мектеп/МҰ: Алғазы ОМ |
|||||
|
Саны:13.02.19 |
Педагогтің аты-жөні: Муханова А |
|||||
|
СЫНЫП-ТОП: МАД |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
|
|||||
|
Күтілетін нəтиже |
Барлық тəрбиеленушілер Б дыбысы – дауыссыз дыбыс, б дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі б дыбысының орнын ажыратады. |
|||||
|
Көпшілік тəрбиеленушілер: Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады. Б дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы б дыбысының орнын ажыратады. |
||||||
|
Кейбір тəрбиеленушілер: - Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. Б дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Қазақтың дəстүрлері туралы айтады |
||||||
|
Тілдік мақсат |
Тəрбиеленушілер :
|
|||||
|
|
Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Бидай масағы ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Суреттен Б дыбысы естілетін зат атауларын ата. Қазан бетінен аспанға ұшып жатқан не? Зат атауларын буынға бөліп, дыбыстық талдау жаса. Бауырсақты неден жəне қалай пісіреді? Қай цифр Б-ға ұқсайды? |
|||||
|
Жоспар |
||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал «Шаттық шеңбері» Сәлем саған туған жер Сәлем саған жер ана Сәлем саған достарым Арайлап атсын әр таңым «Ойлан тап» ойыны арқылы өткенді пысықтау. Сөйлем деген не? Сөйлемнің неше түрі бар? Сөйлем түрлерін ата. Дыбыс деген не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Достар сөзін буынға бөл. Балапан сөзін буынға бөл. Балық сөзін буынға бөл Бүлдірген сөзін буынға бөл Топқа бөлу: «Мозайка әдісі» Бұзау мен ботаның суреттерін құрайды. Бұзау мен бота сөздері қандай дыбыстан басталып тұр? Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы қандай әріп екен балалар? Сабақ тақырыбын ашады. Демек балалар бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы Б дыбысы мен әрпі. Видео талдау. Б дыбысы туралы не білдік? Б дыбысы қандай дыбыс? Б дыбысынан басталатын сөздерді ата. |
Іс-қимылмен өлең жолдарын қайталайды Доп лақтыру әдісі Суреттерді құрау Интербелсенді тақта |
||||
|
Сабақтың ортасы |
Тыңдалым. Бауырсақ пен құрт мәтіні Оқушылар мәтінді тыңдап , мәтін бауырсақ пен құрт туралы екенін біледі. «Топтық жұмыс «Мнемокесте» арқылы мәтіндегі кейіпкерге сипаттама беру.
|
Аудио жазба Мнемокесте |
||||
|
Бағалау. Өзара бағалау
|
Екі топ бірін- бірі бағдаршам түстерімен бағалайды. |
|||||
|
Видео жазба Б әрпінің жазбаша түрін көреді. Б әрпінің жазбаша түрін бірнеше оқушы тақтада жазып көрсетеді. |
Интербелсенді тақта |
|||||
|
«Ас атасы- нан» нақыл сөзге тоқталып, нанның дастарханға келу жолдарын оқушылар айтады. Жеке жұмыс Бидай сөзіне дыбыстық талдау және б дыбысының баспа түрін дәптерге жазу |
Дәптермен жұмыс |
|||||
|
|
Сегіту сәті. Бақа бақа балпақ Басың неге жалпақ Темір қалпақ көп киіп Басым содан жалпақ Жұптық жұмыс Буынға бөл, дыбыстық талдау жасау Бұзау, Бауырсақ, Бота, Бу сөздері Оқушылар сөздерге дыбыстық талдау жасап буынға бөледі. |
Тақпақты іс-қимылмен көрсетеді Карточкамен жұмыс |
||||
|
Сабақтың соңы |
Ұжымдық жұмыс «Галереяны шарлау» әдісімен сабақты бекіту. Сиқырлы қоржынға Б дыбысы бар сөздерді іріктеп салады. |
Суреттер |
||||
|
Рефлексия |
« Көңіл-күй паравозы » Сабақтан алған әсерлерің қандай? Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Смайликтер жабыстырады. |
Смайликтер |
||||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген