Материалдар / Ашық сабақ мектепалды даярлық сыныбында "Достық көмек. Д әрпі мен дыбысы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ мектепалды даярлық сыныбында "Достық көмек. Д әрпі мен дыбысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбындағы Д дыбысымен танысу. Сабақ жаңартылған білім беру мазм.ны негізінде жасалынған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2022
598
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Достық көмек. Д әрпі мен дыбысы

Сабақтың мақсаты: 0.1.1.2. Сөздерді буынға бөледі, буын санын анықтайды.

0.1.3.1. Сұрақтарға жауап бере отыра сурет бойынша әңгіме

құрастырады.

0.2.1.2. Берілген суреттерден мәліметтерді тауып, аттарын

атайды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Саралап тапсырма беру, Пицца« әдісі, «Балмұздақ» әдісі, «Әңгімелесетін әріптестер» әдісі

Ресурстар: АКТ, постер, суреттер

ҰОҚ кезеңдері:

  1. Психологиялық ахуал.

«Жүректен жүрекке» бір-біріне тілек айту.

«Екі дос» әңгімесін тыңдау:

  • Балалар, қазір біз шағын ғана әңгіме тыңдайық.

Белсенді әдіс: ашық және жабық сұрақтар

  • Балалар, әңгімені тыңдай келе не байқадыңдар?

  • Достық деген не?

  • Әңгімедегі екі баланы дос деп атауға болады ма?

  • Досыңның болғаны жақсы ма?

  • Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын осы жұмбақтың жауабы бүгін біздің қандай әріппен танысатынымызды айтады.

Бала біткен соғады

Жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл доп. Доп сөзі қандай дыбыстан басталады?

  • Дұрыс айтасыңдар, Д дыбысынан басталады, яғни бүгін біз Д дыбысымен танысамыз.

Д дыбысымен таныстыру, Д дыбысынан басталатын сөздерді айту. Д дыбысының баспа және жазбаша түрімен таныстыру.

Д-ұяң дауыссыз дыбыс. Д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі және астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс желбезектері дірілдейді.

  • Д дыбысынан келесі сөздер басталады. Дала, дүрбі, домбыра, доға, доп, дәптер, дәрігер, дастархан, дельфин. Д дыбысы сөздің басында және ортасында кездесе береді. Ал сендер қандай сөздер білесіңдер? Қане осы сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтайық.






Сергіту сәті:

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Пойыз келеді

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Бәрі жол береді.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Жүгіріп өтпе

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Пойызды өткіз.

Қол бұлғап қалайыұ

Дол болсын деп біз!

Ал енді жұмыс дәптеріміздің ашып тапсырмаларды орындайық.

Саралап тапсырма беру:

1-тапсырма: Берілген сұраққа сызба бойынша жауап беру.

  1. Балалар қайда ойнады? (Сызба бойынша 3 сөзден тұратын сөйлем құрайды)

  2. Балалар немен ойнады? (Сызба бойынша 3 сөзден тұратын сөйлем құрайды)

  3. Доптың пішіні қандай? (Сызба бойынша 2 сөзден тұратын сөйлем құрайды)

  4. Достар қандай болады? (Сызба бойынша 3 сөзден тұратын сөйлем құрайды)

  5. Досыңның аты кім? (Сызба бойынша 3 сөзден тұратын сөйлем құрайды)

  • Жарайсыңдар балалар, ал енді осы жауаптардағы қай сөзден Д дыбысын естідіңдер?

Ал енді тақтадағы суреттерге назар аударып, олардың аттарын атайық.

Дартс, доп, домино осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.


2-тапсырма: «Пицца» әдісі

Әр пицца бөлігінде берілген тапсырмаларды орындайды. (Дыбыстық талдау жасаау, буындарды оқу)


3-тапсырма: «Балмұздақ» әдісі. Балмұздаққа Д дыбысынан басталатын суреттерді жапсыру.

4-тапсырма: Сызбалар бойынша сөйлем құрастыру


Рефлексия: «Әңгімелесетін әріптестер» әдісі

Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

  • жаңа оқылған 3 факті туралы;

  1. қандай дыбыспен таныстық?

  2. Д дыбысы дауысты ма дауыссыз ба?

  3. Д дыбысынан басталатын қандай жаңа сөз үйрендік?

  • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы

  1. сендерге берілген тапсырмалардың қайсысы жеңіл болды?

  • оларға қиын болып көрінгендер туралы

  1. сендерге берілген тапсырмалардың қайсысы қиын болды?

  • алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.

  1. Алдағы уақытта не үйренгілерің келеді?








































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!