400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. мектепалды даярлық сынып Дыбыс қалай тарайды?

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық сыныптарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Жаратылыстану.

Мектеп: Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі


Күні:

Мұғалім есімі: Урынгалиева Г.Д.


Оқушылар саны: 25

Келмегендер:0


Тақырыбы:

Дыбыс қалай тарайды?


Сабақты қамтитын оқу мақсаттары:

2.5.3.1 дыбыс көздерін жіктеу

2.1.2.7 Тәжірибе жүргізу және нәтижелерін кесте түрінде келтіру


Сабақ мақсаты:

2.5.3.1 дыбыс көздерін жіктеу

2.1.2.7 Тәжірибе жүргізу және нәтижелерін кесте түрінде келтіру Зерттеу жұмысы арқылы дыбыс көздерін анықтау, тәжірибенің негізгі белгілерін анықтау, нәтижені кестеге түсіру.


Бағалау

критерийлері:

  • Дыбыс көздерін анықтайды

Тәжірибенің нәтижесін кестеге түсіреді.


Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылар бойында құрмет, ынтымақтастық, жалпыадамзаттық жауапкершілікті дарыту


Пәнаралық байланыс

дүниетану, физика, қазақ тілі, музыка



Осыған дейін меңгерілген білім

1-сыныпта өткенді қайталау.


Жоспарланған уақыт 25мин

Іс-шаралар

Ресурстар

2мин

1) Ортада күлімсіреп тұрып қоңырау соғу арқылы назарларын аудару, өзімді таныстыру.

-Мына қоңырауды соққан кезде не естисіздер?

-Бұл дыбыс бізге таныс па?

-Бұл дыбысты не арқылы естіп жатырмыз?

-Қане, құлағымызды басайықшы, енді қалай естіліп тұр?

Балалар, біздер тағы қандай дыбыстарды білеміз, естіп жүрміз?

Терезе ашамын. Қане, не естіп тұрмыз?

Терезені жабамын. Енді қалай естіліп тұр манағы дыбыстар?

Олай болса дыбыстарды екі топқа бөледі екенбіз.

А) Қатты дыбыс

Б) Бәсең дыбыс

қоңырау

1мин

4мин 2 топқа

2) Сіздерге топтық тапсырмалар беріледі. Алдымыздағы суреттерден не көрдік, өмірде солар қалай дыбыстайды, соны саламыз. Мен қоңырауды соққан кезде бастаймыз, келесі соққанда тоқтатамыз.

1 топ: Жан – Жануар дауыстарын салады

2 топ: Доп ортаға шығып ойнайды

4 топ: Құстар дауысын салады

3 топ: Музыкалық аспаптар шертіп көреді

суреттер

2мин

3) Балалар, осы дыбыстардың адамға пайдасы бар ма?

Ендеше, көзімізді жұмып аз ғана саяхат жасап қайтайық.

-Не естідіңіздер?

-Не елестеді?

Музыка тыңдау

4мин

4) Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Әлқисса» бірге тыңдайық.

Рахмет. Біз білмейтін тағы қандай аспаптардың дыбыстары естілді?

күй

4мин

5) Енді әр топтан бір – бір оқушы шығып арқаласып тұрады да, манағы тобының дыбыстарын қайталайды.

-Бұдан не түюге боладын- Не пайда болды?

-Демек дыбыстың адам денсаулығына зиянды жағы бар ма екен?


3мин

6) Балалар, сіздермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.

1топ алақан ысқылайды

2топ саусақ бастарын тарсылдатады

3топ сандарын ұрады

4топ арасында аяқты бір соғамыз.

Бұл ойын «Тропикалық ойын» деп аталады.


2мин

7) Балалар, манадан дыбыстың түрлерімен танысып, айтып, жасап қарап жатырмыз. Ендігі білетін ақпаратымыз өте ерекше.

Бейнежазба немесе слайд

2мин

8) Кері байланыс.

-Дыбыс сөзін 3 тілде қалай атаймыз?

-Музыка сабағында дыбысты қалай белгілейміз?

- Қазақ тіл сабағында қалай белгігілейміз?



1мин

9) Бағалау: Олай болса балалар бүгінгі сабақ ұнаса көк түсті көтереміз. Әлде де көмек керек болса қызыл түсті көтереміз.

Қоңырау соғамын өзім.

Көк қызыл түстер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
498
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі