400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі балабақша тәрбиешілеріне қажет. Оқу қызметінде мектеп жасына дейінгі балаларға қоқыс туралы түсінік беріп, пайдасын білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Коммуникация.Әлеумет.

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту. Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы:Қоқысты сұрыптауға үйрету

Мақсаты: балаларды тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау және жою қағидаларымен таныстыру.

Міндеттері:Қоқысты жинау кезінде оны сұрыптау қабілетін қалыптастыру.Қала көшелерінде, үйде, балабақшада тазалықты сақтау қажеттілігін дамыту. Дәлдікке, қоршаған әлемге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Пәндік дамытатын орта:бейне көрініс, дидактикалық ойын, контейнерлер, шишадан жасалған заттар, пластиктен жасалған заттар, қағаздар.картон, баклашка қақпағы.

Сөздік жұмыс: сұрыптау

Билингвалды сыңары: қоқыс-мусор, сұрыптау-сортировать, шиша-стекляшка, қағаз-бумага.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Дәлелді түрткі болатын кезең

Шаттық шеңбер.

Арайлап таң атты ,

Алтын сәуле таратты.

Армысың алтын күн,

Армысың жер ана!

Армысың жан досым!

Міне менің қолым,

Жылуыма жылу қос.

Жарайсыңдар!

Топқа Күлше қыз жылап кіреді, қолында қорабы бар.

Сәлеметсің бе Күлше қыз! Саған не болды ?Балалар көмек береміз бе Күлше қызға. Қорабыңды маған бер Сен балалармен бірге отыра ғой.

Балалар шаттық шеңберін бірге жасайды.




Сәлеметсіз бе! Менің өгей анам үйдегі қоқыстарды сұрыптап жина деп- бұйрық берді.Мен қоқыстардың барлығын мына қорапқа салып алдым. Қоқыстың не екенін және қалай сұрыптап жинайтынымды білмеймін. Сіздер көмек бересіздер ме?

-Иә, көмек береміз.

Ұйымдастырушы –іздестіруші кезең

-Балалар, мына суреттегі үйіліп жат қан не? Айтыңдаршы, қоқыс дегені міз не?Қоқыс қайдан шығады? Жері міз ластанбау үшін не істейсіңдер?

Қоқыстарды кімдер жинап жүр?

Ол қоқыстың барлығы қайдан шығады?

-Иә, дұрыс айтасыңдар. Біздің жер анамыз қоқыспен ластанып жатыр екен. Жерді тазалау үшін көптеген маман иелері қызмет етеді.Қоқысты арнайы жүк көліктерімен полигонға тасып төгеді. Қоқыстың пайдасы мен зияныда бар.Қоқыстың түрлері өте көп. Оларды біз қоқыс жәшікте ріне сұрыптап салуымыз керекБүгін біз қағаз,шыны,пластик түрлерін сұрыптаймыз. Сұрыпталған қоқыс түрлерін завод, фабрикаларда өңдеп, таза заттар жасап шығарады

Қоқыс туралы қандай тақпақ білесіңдер?

-Балалар қоқыстар қанша жыл өмір сүреді?

Иә, қағаз-2-10 жыл, шыны-1000 жыл, пластик -500 жыл өмір сүреді. Қоқыс қалдықтарын жинап тасимыз, сұрыптаймыз, қайта өңдеп,қалған қалдықтарды көмеміз. Қоқыс қағаз түрлерінен қораптар, әжетхана қағаздарын, пластиктен бутылкалар,ыдыстар жасап шығарады. Шиша қалдықтарынан банкалар,бөтелкелер тағыда басқа қажетті заттар жасайды.

Сергіту сәті Көшемен жүріп келеміз,

Қоқыстарды тереміз

Сұрыптап жинам аламыз.

Біріншісін шелекке, екіншісін себетке

Еңкейіп жүріп тереміз

Еңбектенсек бәріміз

Таза болады жеріміз

Дидактикалық ойын: Қоқысты сұрыптап жәшіктерге сал.

Мақсаты: Қоқыс жәшіктерінің түсіне қарай қоқыстарды дұрыс сұрыптап салуға үйрету.

Балалар, сендерді алдарыңда не тұр? Қоқыстың қандай түріне жатады? Қақпақтан не жасауға болады?

Шығармашылық жұмыс. Балалар алдарындағы қақпақтарды жапсыра отырып гүл жасайды.

Жарайсыңдар балалар,біздің жеріміз қоқысқа емес, жайқалған гүлге толды. Балалар бәріміз еңбектене отырып, гүл жасадық. Еңбек туралы кім мақал –мәтел біледі?Жарайсыңдар!Өте жақсы.

Үйіліп жатқан қоқыс. Қоқыс дегеніміз үйді жинағанда, тамақ ішкенде, біз пайдалан ған заттардың қалдығы. Адамдар бөтелкелер, тазала ғыштар, банкалар, қағаздар, ескі заттарды лақтырады.

Қоқыстарды жерге таста маймыз. Қоқысты қоқыс жәшігіне тастаймыз. Қоқыс тарды біздің аға-әпкелеріміз, аула сыпырушылар жинап жүр.

1.Терезеден қоқыс тастамаймыз

Айналаны ластамаймыз

Қоқысты жинап тазалайтын

Адамның еңбегін бағалаймыз.

2.Көшемен жүріп келеміз,

Қоқысты жинап тереміз.

Сұрыптап бөлсек қоқысты

Пайдасын оның көреміз.

3.Қоқыстарды сұрыптап

Жәшікке бөліп саламыз

Тазалықты сақтасақ

Таза болады қаламыз.


Қоқыстар көп жыл өмір сүреді.













Сергіту сәтін бәрі бірге жасайды.







Балалар ойынға белсене қатысады



Баклашканың қақпағы қоқыстың пластик түріне жатады.

Қақпақтан гүл,ойыншықтар жасауға болады.


Әр бала өз гүлін тақтаға іледі. 1.Еңбектің наны тәтті Жалқаудың жаны тәтті

2.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.


Рефлексивті түзету кезеңі

Балалар, бүгінгі оқу қызыметіміз ұнады ма? Қоқыс қайдан пайда болады екен? Қоқыстың қандай түрлерімен таныстық? Қоқыстарды өңдеп, заттар жасауға бола ма? Шынылардан, қағаздан ,пластиктен не жасауға болады? Жарайсыңдар! Балаларды мақтап-мдақтау.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Күлше қыз балаларға алғысын айтады.

Күтілетін нәтиже.

Жаңғырта алады:Қоқыстың не екенін және түрлерін ажыратады.

Түсінеді:Қоқысты қалай сұрыптап жинау керектігін, қайтып өңдеп зат шығаруға болатынын.

Қолданады:қалған қоқыс заттарын гүл жасауға қолданды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
1126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі