400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жыл мезгілдері: қыс, көктем. Белгілері.: қыс және көктем мезгілдерінің белгілерін атап олардың ерекшелігін білуге білімдерін арттыру. Міндеттері: қыс және көктем мезгілдерінің белгілері туралы және осы мезгілдерге тән маусымдық құбылыстар бойынша білімдерін тереңдету 2. Дамытушылық: балаларды диалогты, монологты сөйлеу қаблеттерін және жана инновациялық технология түрлерін пайдалана отырып ой-қиялдарын , айналаға деген көз қарастарын дамыту.Байланыстырып сөйлеуге машықтандыру. 3. Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Әлеумет ,Коммуникация

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері: қыс, көктем. Белгілері.

Мақсаты:   қыс және көктем мезгілдерінің белгілерін атап олардың ерекшелігін білуге білімдерін арттыру.

Міндеттері: қыс және көктем мезгілдерінің белгілері туралы және осы мезгілдерге тән маусымдық құбылыстар бойынша білімдерін тереңдету

2. Дамытушылық: балаларды диалогты, монологты сөйлеу қаблеттерін және жана инновациялық технология түрлерін пайдалана отырып ой-қиялдарын , айналаға деген көз қарастарын дамыту.Байланыстырып сөйлеуге машықтандыру.

3. Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: бұрқасын,боран, оянады

Билингвальды компонент: Жыл мезгілі-времена года, қыс-зима,қар-снег, мұз-лед,аяз-мороз,суық-холодно, көктем-весна, жылы –тепло, жаңбыр-дождь,найзағай-молния, бәйшешек-подснежник.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, қима суреттер, дидактикалық ойын,фетрадан қиылған қыс және көктем мезгілдерінің бейне көріністері.

Алдын ала жұмыс: Ауа-райын бақылау, жыл мезгілдер туралы тақпақ, жұмбақ жаттату. көркем сөздерді жаттау, әңгімелесу.


Оқу қызметінің әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Дәлелді түрткі ьолатын кезең

Шаттық шеңбері

Арайлап таң аттты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Злраствуй солнце золотое,

Здраствуй небо голубое.

Здраствуй ветер ветерок,

Здраствуй милинки дружок.

Good morning ,good morning

Good morning toyou

Good morning ,good morning

I`m gled to se you

Бүгінгі оқу қызметіміз сайыс ретінде өтеді. Сондықтан екі топқа бөліндік. Оң жаққа қаршықтар тобы. Сол жаққа бәйшешек тобы отырады.

-Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбын білу үшін сендердің көмектерің қажет болып тұр. Сендер жұмбақ білесіңдер ме?

- Қане, айтыңдаршы.

Жұмбақтың дұрыс жауабын білу интерактивті тақтадан көрейік.

Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі тақырыбымыз: Жыл мезгілдері :қыс және көктем. Белгілері.

Көктем сөйлейді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені қыс ханшайымы сиқырлап көптеген тапсырмалар беріп тастады. Сендер маған сол тапсырмаларды орындауға көмектессеңдер мен өз уақытымда ораламын. Менің тапсырмаларым мына хаттың ішінде. Орындауға көмек бересіндер ме?


Балалар бәрі бірге шаттық шеңберін жасайды.
















Ия білеміз.

Жұмбақтар.

1.Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жұмбақтың шешуі : «қыс»

2.Бұлтты айдай желдеткен

Нөсерлеткен, селдеткен

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жұмбақтың шешуі : «Көктем» Интерактивті тақтадан «көктем» сөзін басқанда сөйлейді. Жұмбақтың дұрыс жауабын тексереді.

Балалар, тыныш отырып көктемді тыңдайды.

Ия көмек береміз.

Ұйымдастырушы-іздестіруші кезең

Өте жақсы! Олай болса екі топ өз білімдерімізді ортаға салып сайысқа түсейік.

Әр тапсырманы дұрыс орындасаңдар, «Қаршық» тобын қаршықпен, ал «Бәйшешек» тобын бәйшешек гүлімен бағалаймын.

Ал, енді1-тапсырманы көрейік: сұрақ –жауап. Бірінші «Қаршық» тобы «Бәйшешек» тобына сұрақ қояды.

Қаршық тобы:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар? Ай аттарын атап бер?

-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Қыс мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі болады?

Көктем тобы:

Көктем мезгілі қай жыл мезгілінен кейін болады?

Көктемде неше ай бар, атап бер:

Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Көктемнің ең алғашқы гүлі қалай аталады?

Жарайсыңдар!

Қыс тобына бір қаршық.

Көктем тобына бір бәйшешек.

Билингвалды сыңары:жыл мезгілі –времена года, суық-холодно,қар-снег, мұз-лед, аяз-мороз, жаңбыр-дождь,найзағай-молния, жыл-тепло, бәйшешек- подснежник.

2-тапсырма: «Қима суреттерді жылдам жина»

Балалар , сендер суретті дұрыс жинадыңдар ма тақтадан көрейік.

Жақсы,дұрыс жинапсыңдар. Екі топқа бір-бір ұпайдан.

3-тапсырма. Қыс және көктем мезгілдері туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Жарайсыңдар! Екі топта тақпақтарын жақсы айтты. Қаршық тобына бір қаршық. Бәйшешек тобына 1 бәйшешек.

Сергіту сәті.

Аппақ қарды басып біз

Шаңғы теуіп келеміз,

Сырғанап біз жүреміз.

Тоңып қалды қолымыз

Жаурап қалды бетіміз

Ысқылаймыз бәріміз

Жұдырықпен аяқты

Кәне, жылдам сыйпаймыз

Шаңғыны жылдам теуіп біз

Орнымызға барамыз.

4-тапсырма: Қыс тобы «Синквейн әдісі» бойынша қыс мезгіліне сипаттама берсін.

Мнемокесте арқылы көктем мезгіліне байланысты сөйлемдер құрап бер.

Көзге арналған жаттығуды орындайды.

5- тапсырма. Дидактикалық ойын: Қыс және көктем белгілерін тап»

Көзге арналған жаттығуды жасату.

6-тапсырма. Топтық жұмыс.

Жыл мезгілдерін жылдам құрастыр.

Өте жақсы. «Қаршық» және «Бәйшешек» топтары жыл мезгілдерін жақсы бейнелеп көрсетті. Екі топқа бір-бір ұпайдан ілеміз.






Қазір жылдың қыс мезгілі. Қыс мезгілінде үш ай бар: бірінші-желтоқсан,екінші- қантар, үшінші –ақпан. Жапалақтап қар жауып, жерді аппақ қар басады. Қыста күн суық болады. Далада қатты сықырлаған аяз болады.Өзен, көлдер мұз болып қатады. Жел тұрып боран, бұрқасын болады.

Қыс мезгілінен кейін көктем мезгілі болады.

Көктем мезгілі қыс мезгілінен кейін болады. Көктем мезгілінде үш ай бар:

Бірінші-наурыз, екінші-сәуір, үшінші-мамыр.

Көктем мезгілінде күн жылына бастайды.Табиғат оянып, жәндіктер тіріледі. Қарлар мен мұздар ериді. Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек шығады.Жыл құстары ұшып келеді. Сай-салалар суға толады. Көктем мезгілінде жел тұрады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ағаштар бүршік атып, гүлдейді.

2-тапсырма. Екі топта алдарындағы қима суреттерді жинайды. Интерактивті тақтадан дұрыс жинағандарын тексереді.

3- тапсырма. «Қаршық тобы»

Медина

«Ақ боран.»

Авторы: Ә.Табылды.

Ақ көрпесін жапты да,

Аяз кенет аптыға

Айналаны үрледі.

Ақ бораны гуледі.

Ақ боран-ау, ақ боран,

Алай-дүлей соқ боран

Ақ қар ұшып үйірілсін,

Ауламызға үйілсін.

Жас ұланмын шыныққан, Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймын шаттана.

Бәйшешек тобы: Дамир.

Көктем нұры.

Авторы: Аманисалов.

Қар еріді су ақты,

Күндер келді шуақты.

Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем сияқты.

Көктем келді көңілді,

Бау-бақшада орманда.

Құстар әні төгілді.

Жаңбыр жауып басылды,

Күлімдейді көкте күн.

Кемпірқосақ асылды,

Өрнегіндей көктемнің.

«Қаршық» тобы

Қар. Аппақ, жұмасқ.

Аппақ қар далада жауып тұр

Мұз. Қатты, жылтыр.Қатты мұз суда ериді.

Көктемде күн жылы болады. Көктем мезгілінде қар ериді. Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек гүлдейді.

Көктемде жаңбыр жауады.

5-тапсырма бойынша тапсырмаларын орындайды.1-бала интерактивті тақ-

тадан осы тапсырманы орындайды.

6-тапсырма бойынша екі топ жыл мезгілдерін фетрамен бейнелеп көрсетеді.

Рефлексивті түзету кезеңі

-Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?Сендерге осы екі жыл мезгілінің қайсысы ұнайды. Не үшін жақсы көресің? Қыс мезгілі қай жағынан ұнайды? Не үшін ұнамайды? Көктем мезгілі несімен ұнайды?Барлық жыл мезгілінің ерекше белгілері бар. Табиғи тамаша белгілерімен ерекшеленеді.Әр қашан бәріміз табиғатты сүйіп, аялауымыз қажет. Жарайсыңдар! Екі топтың алған ұпайларын санайық. Балалар бүгін сендер өз білімдеріңді көрсете отырып көктемге көмек бердіңдер.

Жарайсыңдар! Енді көктем ханшайымы өз уақытын да келетін шығар.(музыка ойнайды)

Көктем ханшайымы: сәлеметсіңдер ме,балалар ! Сендерге көп-көп рахмет. Мен сендерге өз уақытымда орала тын болдым. Мені құтқарғанда рың үшін , сендерге осы жыл мезгілдеріне байланысты боямақ кітапшасын сыйға тартамын. Мен сендерге өз уақытымда ораламын. Сау болыңдар.

Жыл мезгілдері:қыс және көктем.

Белгілері. Балалар өз ойларын айтады.

Тәриешіні тыңдайды.









Алған ұпайларын санайды.








Сәлеметсіз бе!

Рахмет. Сау болыңыз.








Күтілетін нәтиже.

Жаңғырта алады:жыл мезгілдері: қыс және көктем мезгілдерінің белгілерін ажыратып.

Түсінеді: мнемо кесте, синквейн әдісі бойынша жыл мезгілдерінің белгілеріне қалай сөлем құрауды, монологты, диалогты сөйлеуді.

Қолдана алады.интерактивті тақтаны, фетраны , үлестірмелі материалдарды





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
886
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі