Ашық сабақ Мектепалды даярлық тобы Тақырыбы:"Білім еліне саяхат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Мектепалды даярлық тобы Тақырыбы:"Білім еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы:"Білім еліне саяхат" Мақсаты:Балалардың дыбыстар жайты түсініктерін кеңейту,буынға бөлуге үйрету.Дыбыстық талдау арқылы ой- өрісін дамыту.Дәстүрден тыс гратаж әдісін пайдалана отырып,баланың шығармашылығын дамыту.Шыдамдылыққа,ұқыптыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:«Қатынас»,«Шығармашылық»

Бөлімі: Сауат ашу,сурет салу.

Тақырыбы: «Білім әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың дыбыстар жайлы түсініктерін кеңейту ,буынға бөлуге үйрету . Дыбыстық талдау арқылы ой-өрісін дамыту.Дәстүрден тыс граттаж әдісін пайдалана отырып,сурет салу арқылы баланың шығармашылығын арттыру . Шыдамдылыққа баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекілік құралдар:

Үлестірілмелітапсырмалар,қыстырғыштар,қызыл және көк текшелер.Дайын үлгіде жасалған қағаз,таяқша және сүлгі.

Тәрбиешінің іс әрекеті:

Балалар бүгінгі күніміз ерекше болмақ,өйткені бүгінгі оқу қызметімізге қонақтар келіпті.Ендеше қонақтармен амандасаып алайық.

Шаттық шеңбер

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық!

Қайырлы таң,бақшамыз!

Қайырлы таң,достарым!

Қайырлы таң,апайлар!

Ғажайып сәт:

Есік қағылып Пошташы сәлем-сауқат беріп кетеді.

Балалар бізге кімнен сәлем-сауқат келді екенін білу үшін ,ашып көрейік.

Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен Білім ханшайымымын!Мен сендерге өзімнің сиқырлы микрафонымды жолдадым.Бұл жай микрафон емес,сиқырлы микрафон.Бұл арқылы мен сендерді толық естіп отырамын.Бірақ мен сендерге қояр бірнеше сұрақтарым бар,егер сол сұрақтарға толық ,дұрыс жауап берер болсаңдар,мен сендерді өз Білім әлеміме шақырамын!

Балалар мұқият тыңдайық!

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Ал дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Жарайсыңдар балалар,сұрақтарымның бәріне толық жауап бердіңдер!Олай болса мен сендерді өз таңғажайып әлемімде күтемін.

-Білім ханшайымы :Балалар, Көңілді дыбыстар әлеміне қош келдіңдер!

(музыка ойнайды)

Дауысты мен дауыссызкіреді.

Дауысты: Сәлемдостар ,қызықтыәріптерәлеміне қошкелдіңдер!

МеніңатымДауысты ,қараңдаршы мен сондайәдемімінқыпқызылалмадай,

қып-қызылраушангүлдеймін ,

айғайлапәндете де аламын

А-А-А-А

О-О-О-О

Е-Е-Е-Е

Ы-Ы-Ы-Ы

Ал сен мен сияқтыәндетеаласың ба?

Дауыссыз:Сәлемдостар ,меніңатымДауыссыз мен көкпеңбекаспандаймын, көкбұлттаймын, шайдайашықбоптұрамын. Туғажақынтүсім. Көктеңіздеймін.Өзімкішкенеқысылыптұрамын,ұялшақпынменненшыққандыбыстақысылыпшығады.

Т-т, М-м, Б-б, к-к,

Дауысты:Көрдің ба сеніңқасындаәрқашандаменіңжүруім керек .

Дауыссыз: Дауысты менсенімендауласпаймынекеуміздіңқайсымыздыбалаларкөпбіледіекентексеріпкөрейік

Дауысты: жақсы ,меніңдайындапәкелгентапсырмаларым бар

Достарорындаймыз ба?

Балалар Дауысты мен дауыссыздың тапсырмаларын орындамас бұрын,есімізге түсірейікші.

-Дыбыстан не құралады?

-Ал буыннан не құралады?

-Сөзден ше?

-Ал сөзден не құралады?

Өте дұрыс ,балалар ендеше дауыстының тапсырмасын орындайық.

1-тапсырма

Дидактикалық ойын: «Өз үйіңді тап!»

Дауыссыз: менің де тапсырмам бар!

2- тапсырма

Олай болса дауыссыздың тапсырмасын орындамас бұрын ,бір ойын ойнап алайық.

Дидактикалық ойын: «Тез ойла,тез ойна!»

3-тапсырма

Дидактикалық ойын:«Қай дыбыстан басталады?»

Жарайсыңдар достар!

Ендігі келесі тапсырма :

Дид ойын: «Дыбыстық талдау»

Балалар сендер шаршаған боларсыңдар,олай болса орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Білім ханшайымы:

Балалар менің сендерге дайындаған жұмбақтарым бар,сол жұмбақтың шешімін тапсаңдар,қызықты үстел үсті тапсырма орындайсыңдар .

Балалар жұмбақ шешуге дайын болсаңдар,мұқият тыңдайық.

Жұмбақ:

Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым. (Жемістер)


Сырты қызыл,

Өзі тәтті

Ол не? (Алма)


Доп жатыр жемісі бар,

Қабат-қабат терісі бар? (Орамжапырық)


Аласа талда алуан алма,

Алқызыл болмай аузыңа салма. (Қызанақ)


Жап жасыл ,сопақ дақыл жерде жатыр,

Дер кезде жинамаң ,сарғайып кетер батыр. (Қияр)

Балалар жұмбақтың шешуі нелер туралы болды?Ендеше осы жемістер мен көкөністерді дәстүрден тыс қыру тәсілін пайдалана отырып сурет саламыз.

Шығармашылық жұмыс:

Дауысты мен Дауыссыз ,достар сендер екеуміз туралы да көп біледі екенсіңдер , жарайсыңдар!

Білім ханшайымы :Балалар сендерге таңғажайып әлемінің тапсырмалары ұнадыма?

Балалар сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар таңғажайып әлемі сендеге «Жарайсыңдар» деген баға береді.Жәнеде білімдеріңді одан әрі шыңдаңдар деген мақсатпен мен сендерге өзімнің кітаптарымды сыйға тартамын.Сау болыңдар!

Балалар енді біздің балабақшаға кететін уақытымыз келді,ендеше бәріміз бірге қайтайық.

Қорытындылау.

-Балалар бүгінгі оқу қызметімізде қайда бардық?

-Білім әлемінде кімдерді кездестірдік?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Қандай тапсырма қиын болды?

-Қай тапсырма сендерге оңай болды?

-Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Олай болса қонақтармен қоштасайық.


Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Кездескенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.





Күтілетін нәтиже:

Білу керек:дыбыстардың дауысты,дауыссыз болып бөлінетінін

Игереді:дауысты ,дауыссыз дыбыстарды айтудағы артикуляциялық ерекшеліктерді

Меңгереді:дауысты,дауыссыз дыбыстарды естігеніне сәйсек қызыл және көк текшелермен көрсетуді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2021
9435
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі