Материалдар / Ашық сабақ Мектепалды даярлық тобы Тақырыбы:"Елін сүйген Елбасы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Мектепалды даярлық тобы Тақырыбы:"Елін сүйген Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы:"Елін сүйген Елбасы" Мақсаты:Балаларға еліміздің Елбасын,рәміздерімізді таныстыру.Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.Өз Отанын,елін,туған жерін сүюге ,құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2021
183
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту,жапсыру

Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Елбасын, рәміздерімізді таныстыру. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.
- Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақтілекті жолдайық.

Қайырлы күн,бақшамыз!

Қайырлы күн,достарым!

Қайырлы күн,апайлар!

Бүгінгі оқу қызметімізді әнұранмен бастайық!

Әнұран орындалады.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
- 1 желтоқсан күнін Тұңғыш Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
- Балалар, бұл кім?
- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасшымыз бар. Оның есімі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.Ал Тұңғыш презитентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасшымыз Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.

Мынау – Нұр-Сұлтан қаласы.

Ал мынау балалар, елбасшымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
- Балалар Елбасшымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Елбасымыз Нұр аға,
Салғызып Алтын Ақорда.
Көркейтіп елін қазақтың,
Көрсетпей өмір азабын. Інжу:

Қазақ елі – Қазақстан,
Болашаққа үн қосқан.
Жақсы күнге жетелеп,
Елбасым менің – Нұрсұлтан. Аяна:


- Отан туралы тақпақ білеміз бе?

Отан деген- атамекен,
Отанымды сүйемін мен.
Отан жерім,Отан елім
Міне,менің Қазақ жерім.   Асанали


Отаным менің Қазақстан,
Мәңгілік сенімен мақтанам.
Саяңда жүрсем әрдайым,
Күлімдеп жүрем бақ табам. Әбілмансур


Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан! Адиля


Қазақстан менің Отаным,
Атыңды әнге қосамын.
Шарықтап өсіп,дами бер,
Біліміммен үлес қосамын. Аян


Отаным менің Қазақстан,
Атыңнан сенің айналам.
Бас иіп саған өтемін,
Жасай бер жаса, Қазақстан! Бекжігіт Алинұр

Тәрбиеші:
- Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
- Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Алихан:

Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен – тек,
Елдің ашық қабағы.
Өмірзақ:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

Дильназ:
Құт береке – шаңырақ,
Орын алған – ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.
Алинұр:
Тәуелсіздік жолында,
Талай - талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – елтаңбам.
Балалар, дидактикалық ойын ойнайық.

Дид ойын: «Не жетіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.

Дәстүрден тыс ұсақталған жіппен күнді жапсыру.

Балалар олай болса бір сергіп алайық.

Сергіту сәті
- Балалар, біз нені жабыстырдық?
- Күннің түсі қандай?
- Күннің пішіні қандай?
- Тудың түсі қандай?
- Күнді
- Сары
- Домалақ
- Көк
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
- Біз қай елде тұрамыз?
- Біз бүгін не жабыстырдық?
- Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
Келген қонақтарға сау болыңыздар дейік.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін
Игеру керек: Рәміздерді құрметтеуді.























































Келісілді ____________ Бекітілді ____________

65 «Бал бала» б/б № 65 «Бал бала» б/б

әдіскері З. Ж. Ахметова меңгерушісі Г. Е. Диханбаева

«___» ____________ 2021ж «___» ____________ 2021ж









«Достық» мектепалды даярлық тобының

«Елін сүйген Елбасы» атты тақырыптық оқу қызметі.












Тәрбиеші: А.Ж.Юсупова












Нұр – Сұлтан қаласы



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!