400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ мектепалды топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындарды ойната отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы, ұйымдастырылған іс-әрекетке деген қызығушылықты ояту, бойларына ұлттық мәдениетті сіңіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды тобы тобы үшін

ұйымдастырылған іс-әрекеттің жоспары


Қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Набиева Г.Е.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қазақ тілі

Кіріктіру: танымдық дағдылар (математика негіздері), әлеуметтік дағдылар (қоршаған ортамен танысу), шығармашылық дағдылар (музыка).

Тақырыбы: «Ханталапай».

Білімділік міндеті: оқушылардың буынға бөлу дағдыларын, сұрақтарға толық жауап берулерін және суреттер бойынша өздігінен 4-5 сөйлем құрау дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық міндеті: сөздерді байланыстырып, сөйлемдер құрау арқылы ойын дамыту, сөздік қорын молайту. Ұлттық ойындарды ойната отырып игерген білімдерін бекіту.

Тәрбиелік міндеті: ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы, ұйымдастырылған іс-әрекетке деген қызығушылықты ояту, бойларына ұлттық мәдениетті сіңіру.

Көрнекі құралдар: қоржын, асықтар, суреттер, интерактивті тақта, робот тышқан, таратпа материалдар, үнтаспа.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу, триз, stem - технологиялары.


Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы:

І. Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбер (әдемі әуен қосылған соң, балалар өздері таңдаған шартты белгілермен амандасып, топқа бір - бірден кіреді) Кірген соң, жарты шеңберге тұрып, сұрақтарға жауап береді:

  • Балалар, біз сендермен сәлемдесудің неше түрін көрсеттік?

  • Балалардың жауабы (сәлемдесудің үш түрін көрсеттік: төс қағыстыру, қол алысу және иіліп сәлем беру).

  • Жақсы балалар! Жалпы, ежелден қазақ халқы осылайша сәлемдесіп, хал сұрасқан екен. Оның өзі үлкен бір дәстүр!

Олай болса, бүгінгі сабағымызға келген қонақтарымызбен амандасып алайық!

Үлкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

Барлығыңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз!


ІІ. Негізгі бөлім:

- Жақсы балалар, менің қолымдағы зат қалай аталады?

- Дұрыс, қоржын! Ал оның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

- Өте тамаша, асықтар екен, дұрыс таптыңдар!

- Ал, үлкен,ірі асықтарды біз қалай атаймыз? Жарайсыңдар, сақа деп атаймыз екен!

- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ханталапай».

- Балалар ханталапай деген не?

- Балалардың жауабы (ханталапай деген ұлттық ойын, оны асықтармен ойнайды).

- Жақсы, олай болса біз қазір сендермен әртүрлі асықтардың тапсырмаларын орындаймыз! (қоржыннан асықты алу арқылы тапсырманы орындайды). Түсінікті ме? Олай болса, бастайық!

- Айсұлтан келе ғой, көзіңді жұмып, қоржыннан бір асықты ала ғой!

- Тамаша, қызыл асықты алды, олай болса қызыл асық қай жерде жасырынып тұр екен? Қане, табайықшы!

- Иә, дұрыс айтасыңдар, белсенді тақтада. Олай болса, барлығымыз осы тақтаның алдына отырайық!


1 –ші қызыл асықтың тапсырмасы (интерактивті тақтада жеке).

Д/О «Сызба бойынша сөйлем құра»

Мақсаты: Сөйлем туралы бастапқы түсініктерін жетілдіру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын бекіту. Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді қалыптастыру.

Шарты: Суретте берілген сөздерді қолдана отырып сызба бойынша 3-4 сөзден тұратын хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер құрау

Берілген суреттер: бауырсақ, қазы, қымыз


2-ші көк асықтың тапсырмасы (жұптық)

- Көк асықтың тапсырмасын орындамас бұрын, ханталапай ойыны арқылы өз жұбымызды анықтайық

Алақай-ау, алақай,

Басталды ойын – ханталапай!

Бірдей түсті асық алған балалар жұптасып түрады.

Д/О «Алтыншысы артық»

Мақсаты: Балалардың сөзік қорын қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, азық-түлік атауларымен толықтыру. Зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдана білуді дамыту

Шарты: Берілген суреттер арасынан артығын табу. Берілген суреттерде не бейнеленгенін атау, жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдану. Неліктен артық екенін дәлелдеу.


- Жарайсыңдар балалар, енді орнымыздан тұрып, сергіп алайық

Сергіту сәті

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттарды білдіретін зат есімдермен, заттардың қасиеттері мен сапасын сипаттайтын сын есімдермен толықтыру. Сөздерді буынға бөлуді жетілдіру.

Шарты: Қазір әдемі әуен қосылған кезде билейміз, әуен тоқтаған кезде әрқайсымыз тоқтап, шартты белгілеріміз бойынша ортада тұрған затқа (домбыра, қамшы) сипаттама береміз:

- Бұл не?

- Түсі

- Неден жасалған?

- Не үшін қолданады?

- Сөйлем құрау

- Буынға бөлу


3-ші жасыл асықтың тапсырмасы (топтық)

(ханталапай ойыны арқылы екі топты анықтайық).


Д/О: «Ребустағы мақал-мәтелдер»

Мақсаты: Сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолдануға баулу.

Шарты: 2 топқа мақал-мәтелдер жасырынған ребус беріледі, қандай мақал-мәтел жасырылынып тұрғанын айтады.


- Жарайсыңдар, балалар! Ал, кәнеки барлығымыз жарты шеңберге тұрып, сабағымызды қорытындылайық.

«Еркін микрофон» әдісі. (Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында, балалардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды).

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.


ІІІ. Қорытынды бөлім:

- Балалар, сендерге ұйымдастырылған іс-әрекеті ұнады ма?

- Асықтардың барлық тапсырмаларын орындай алдыңдар ма ?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

- Қай тапсырма сендерге қызықты болды?

-Қай тапсырманы орындауда қиналдыңдар?

Балалардың жауаптары

Рефлексия

- Керемет, балалар! Сендер өздерінді алғыр, білімді, ақылды балалар екендіктерінді көрсеттіндер, жарайсыңдар дегім келеді! Олай болса, , кәнеки, асықтарды аламыз да 1-ден 10-ға дейінгі балдық жүйемен, өз-өзімізді бағалалап жіберейік.

- Рақмет!!!Олай болса келген қонақтармен қоштасайық!


Күтілетін нәтиже:

- қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді;

- қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған бұйымдарды біледі;

- интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолданады;

- сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолданады;













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
06.02.2025
286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі