жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Мектепке саяхат
Сабақ жоспары
Сабақ: дүниетану |
Мектеп: №12 мектеп
|
|||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Найманбаева Гульнар
|
|||||
Сынып: 1«А» |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Мектепке саяхат |
|||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты |
1.1.2.2 Мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау |
|||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар істей алады: Мектепте қандай бөлмелердің болатынын, олардың неге арналғанын біледі. |
|||||
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Мектеп бөлмелерінің ерекшелігін анықтайды, орналасқан жерін табады |
||||||
Кейбір оқушылар істей алады: Мектептегі бөлмелерді неліктен бұлай орналасуын түсіндіреді, сызба арқылы көрсетеді |
||||||
Бағалау критерийі: |
Мектептегі функционалдық аймақтарды атайды. Функционалдық аймақтардың орнын анықтайды. |
|||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Не істей алады? мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жері туралы өз бақылауларын түсіндіреді. |
|||||
Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология): |
||||||
Асхана, кітапхана, дәрігер бөлмесін, спорт зал бөлмелері |
||||||
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер |
||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: |
||||||
Асхана қай қабатта орналасқан? Спорт зал қай қабатта орналасқан? |
||||||
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? |
||||||
Өмірмен байланыстыра алады |
||||||
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар: |
||||||
Мәтінмен жұмыс |
||||||
Құндылықты дарыту |
Топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу. |
|||||
Пән аралық байланыс |
Математика, жаратылыстану, көркем еңбек.
|
|||||
Бастапқы білім |
Мектеп өмірімен таныс. Мектеп туралы біледі. |
|||||
Жоспар |
||||||
Жоспарланған
Уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||||
Басы
Ортасы
|
Ынтымақтастық атмосферасын құру Мектебің мынау класың, Осында он жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың.
Ширату . Мектеп. Асхана. Дәріхана. Осы сөздері айтылғанда оқушылар осы сөздерге қатысты іс-әрекетті қимылмен көрсетеді.
Сурет арқылы топқа біріктіру. 1. Асхана2 Кітапхана. 3. Дәріхана
Сабақ мақсатымен таныстыру. Мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау
Ұжымдық жұмыс: Ой қозғау: -Сендер
білесіңдер ме? Біздің мектепте қандай
бөлмелер бар және олар неге арналған? Суретпен жұмыс. Өзіңді суреттегі мектепте жүрмін деп елестет. Суретте қандай бөлмелер көрсетілген? Олар не үшін керек? «сол жақта», «оң жақта», «ортасында», «төменгі жақта», «жоғары жақта», «бірінші, екінші, үшінші қабаттарда», «жанында» сөздерін дұрыс қолдануын қадағалау.
1.Мектеп үшін бұл бөлмелердің маңызы бар ма? 2.Бұл бөлмелер біздің мектебіміздің қай жерлерінде орналасқан?
(М) Мадақтау. Жарайсыңдар!
(МТ)Сендер саяхаттағанды ұнатасыңдар ма? (оқушылар өз ойларын айтады) Олай болса мектепке саяхатқа шығамыз.Саяхат кезінде адасып кетпеу үшін қолымызда қандай зат болу керек? (Зерек оқушылар карта немесе сызба қажет екенін айтады.) Әр мектептің сызбасы болады, сызбада мектептің барлық бөлмелері көрсетіледі. Сызбаны оқушыларға таратып беру. Топтық жұмыс. Оқушыларды мектептегі асхана, кітапхана, дәріхана бөлмелерін анықтауға жіберу. Талқыланатын әр қызметші туралы ақпараттарды толықтыру үшін аңдатпа парағы беріледі. Аңдатпа парағы. *Орналасқан орны *Кім жұмыс істейді? *Қызметі қандай? *Нелер бар? «Галереяны шарлау» әдісі Дайын суреттер беру арқылы постермен жұмыс жасау. Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды. Кері байланыс орнату. 1) Топта жұмыс істеу ұнады ма? 2) Өзге топтың бақылау нәтижелерімен келісесіздер ме? Неліктен? «2 жұлдыз - 1ұсыныс» арқылы бағалау.
Сергіту сәті «Мектебім» әуеніне қимылдар жасау
Жұптық жұмыс «Көршіңмен ақылдас» әдісі Сыныпты жұптарға біріктіру. Әр жұп мектепке келушілерге көрсеткілері келетін бір ерекше орын туралы айту.(Акт зал, спорт зал, директор кабинеті, мұғалімдер бөлмесі, мектеп мұражайы т.б) Ж «Бас бармақ» әдісі арқылы –Жарайсындар жұптық жұмысты өте жақсы орындағандарың үшін бармақпен бағалап жіберейікші. Жеке жұмыс . Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма 1-тапсырма. Суретке мұқият қараңыз. Сынып бөлмелері, кітапхана, асхана, дәрігердің бөлмесі, спорт залы, көпшілік залы қай қабатта орналасқан?
Сіздің мектебіңізде бұл аймақтар қайда орналасқан? Сурет салыңыз. Дескриптор: Білім алушы Сурет бойынша мектептегі арнайы аймақтарды атайды; Өз мектебіндегі функционалдық аймақтардың орнын анықтайды.
2-тапсырма. Суреттерге мұқият қараңыз. Мектептегі бұл орындар қалай аталады? Сіздің мектебіңізде бұл орындар қайжерде орналасқан?
Дескриптор: Білім алушы Суретте бейнеленген мектептегі арнаулы орындарды атайды; - арнаулы орындардың өз мектебіндегі орнын сипаттайды. Сараланған тапсырма. Суретке қара мектептегі бөлмелерді неліктен бұлай орналасуын түсіндір, сызба арқылы көрсет.
|
Өлеңді қимыл қозғалыспен орындату.
Топқа біріктіру(асхана, кітапхана, дәріхана) суреттер арқылы.
Оқулықпен жұмыс
Мектеп сызбасы
Фотоаппарат
А
|
||||
Соңы |
Рефлексия. «Бағдаршам» арқылы Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Олардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұраймын. Жасыл карточка көтерген оқушылар – барлығын түсінді. - Не түсіндіңіз? Сары және қызыл карточка көтергендер: - Сіздерге не түсініксіз? Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білемін.
|
Жасыл ,сары, қызыл түстер арқылы түсінгенін анықтаймын.
|
||||
Мұғалімнің қорытындысы:
|
||||||
ұптар
бірі- бірін бағалайды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген