400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мектептегі тәртіп ережелерін құрастырамын. Сұраулы сөйлем" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу. Бастауыш сынып жас мамандарға көмек болар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:. Мектептегі тәртіп ережелерін құрастырамын. Сұраулы сөйлем

Мұғалімнің аты-жөні: Балтаболатова Б

Күні: 29.11.2017ж

СЫНЫП: 2 «А»

Қатысқаноқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.3.7.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою

2.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Сабақ мақсаты:


Барлық оқушылар: Сұраулы сөйлем құрастырады

Көпшілік оқушылар: Сөйлемді тыныс белгісіне қарай дауыс ырғағымен оқиды.

Кейбір оқушылар: Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып айтады.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология. Сөйлем, нүкте. Сұрақ белгісі, леп белгісі

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.

Сөйлем нелерден құралады?

Сөйлем соңында қандай тыныс белгілер қойылады.

Тірек білім

Сөйлем түрлеріне ажыратады.

Алдыңғы оқу

Сөйлемнің түрлерін біледі

Бағалау критерий

Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажыратады

Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы

5 минут

Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Психологиялық дайындық. 
-Қуанамын мен де, Өзін көрсетеді. 
Қуанасың сен де, Жанындағы досын көрсетеді 
Қуанайық достарым, Бір-бірінің қолдарынан ұстайды. 
Арайлап атқан күнге ! Қолдарын жоғары көтереді. 

Топқа бөлу. Түрлі – түсті стикер бойынша топқа бөлінеді.

Ширату





Топқа бөлу.

стикерлер

Жаңа білім

10 минут




Ой қозғау. Сұрақ – жауап:
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтіннің қандай бөліктері болады?
- Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма?

- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?

- Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Қызығушылығын ояту.

- Балалар, тақтадағы жазуға қарайықшы, не жазылып тұр? Кім оқиды? (сұрақ - жауап әлемі)
- Тағы қандай әлемдер болады деп ойлайсыңдар? (ертегілер, хайуанаттар, құстар, кітаптар, балалар, сиқырлар, т. б.)
- Бүгін сабақта сұрақ - жауап әлеміне саяхат жасаймыз.
- Балалар, тақтаның алдынан тағы нені байқадыңдар? (шарлар)
- Балалар, қараңдар, мына шарлардың ішінде бір нәрсе бар. Бұл не нәрселер? Не істейміз?
- Қалай аламыз?
ә) Оқушыларға шардағы қағаздарды алғызып, сөйлемді оқытып сұрақтарға жауап алу.
1 - шар: - Сенің атың кім?
2 - шар: - Нешінші сыныпта оқисың?
3 - шар: - Сабақтарың нешеде басталады?
4 - шар: - Сабақтан бос уақытта не істейсің?
Сұрақтар: - Оқыған сөйлемдерің қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар?(сұраулы сөйлемдер)
- Неге?
- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Есіңе сақта! Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Топтық жұмыс. 38-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.

  • Мәтінді түсініп оқы.

  • Қарамен жазылған сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Оның қандай сөйлем екенін айт.

  • Аян сұрағына қандай жауап алды?

«Қағып ал» стратегиясы.

Мақсаты: 1 –топ жұмбақ шешеді. Жұмбақ шешуін табады,барлайды. Қалған топ сол жұмбақ шешімі бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем құрастырады.

1-топ: Жұмбақ жасыру:
Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады. (қар)

2-топ: Хабарлы сөйлем

3-топ: Сұраулы сөйлем

4топ: Лепті сөйлем

Оқулық,

Суреттер












Топтық бағалау.

Басбармақ



Ортасы

10 минут

Қолдану. Топтық жұмыс.

39-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

  • Мәтіндегі сұраулы сөйлемдерді теріп жаз.

«Теңге ілу» ойыны. Топтың бір мүшесіне тапсырма.

Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.

  1. Айгүл ауылға барды.

  2. Әміре сурет салды.

  3. Гүлназ гүлге су құйды.

  4. Әсия сабақ оқыды.

40-жаттығу. Жұптық жұмыс. Сұрақтар бойынша жұппен диалог құра

Оқулық

Топтық тапсырма

сұрақтар

Сергіту сәті

2 минут

Видео. «Мекетептегі тәртіп ережелерін құрастырамыз»

Видео көру арқылы мектеп ережесін құрастырады.

видео

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

1-тапсырма Сөйлемдердің соңынан тиісті тыныс белгісін қой.

.

Дескриптор Білім алушы

- айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін ажыратады;

- сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

«Кім жылдам ?» ойыны.

Сөйлем оқимын, сөйлем бойынша оқушылар тиісті тыныс белгіні көтереді.

Жеке топтық тапсырма













. ! ? белгілер

Кері байланыс

3 минут

Өзін – өзі бағалау. «Шкала» социометриясы


«Шкала» термометр суреті

Үйге тапсырма: 42-жаттығу. Ереже жаттау

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

АКТ-мен байланыс

Әдебиеттік оқу пәнімен байланыс

Қалыптастырушы тапсырма

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2479
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі