400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мемлекеттік тіл-менің тілім"

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша
Материалдың қысқаша нұсқасы


120 Гимназияда оқып жүрген 7 сыныптарда оқитын оқушылар арасында

22 қыркүйек Тілдер мерекесі күніне орай

«Мемлекеттік тіл-менің тілім!» мерекесіне күніне орай өткізілетін атты байқаудың бағдарламасы


Тақырыбы: Мемлекеттік тіл- менің тілім!

Күні: 21.09.2016ж

Өткізілетін орын: Акт залы

Уақыты: 12.30

Қатысушылар: «Бастауыш» сынып оқушылары


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мемлекеттік тіл-менің тілім!»

Байқауға қатысатындар: 4 «А», «Б», «В», «Г»  сынып оқушылары

Мақсаты: ҚР Тіл туралы» Заңы. Қазақстан халқы тілдерін насихаттау, тілге деген құрметті арттыру. Мемлекеттік тілдің әр қазақстандық азаматтың ізгі адамгершілік, жоғары парасат, достық, ынтымақ-бірлік, бейбіт өмір, игілікті істерге қызмет етуі тиіс екендігін санасына жеткізу. Тіл мерекесінің тәуелсіздік күнімен жалғас, мазмұндас екенін көрсету.

Көрнекіліктер: қанатты сөздер, мақал - мәтелдер. интерактивті тақта.
Байқау барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ресми бөлім. Ашылуы.

Экраннан «Қазақ елі» бейнекөрінісі көрсетіледі

Әнұран айтылады

Жүргізушінің сөзі

Құттықтау сөз. ОТІ бойынша директордың орынбасары Баятова. Б.Б.

Мерекелік іс-шара

Марапаттау рәсімі

Іс шараның жоспары:

Таныстыру кезеңі: Әр оқушы өз- өздерін таныстырады.

1.Викториналық сұрақтар

2. «Кім білгір» ойыны (қорап ойыны)

3. Күш сынасу «Екі топқа бөліп арқан тартысу)

4.«Кім тапқыр?» интеллектуалдық ойыны (Қазақстан, атамекен, тоғызқұмалақ)

5. Сурет таңда әріпке сөз құра

6. Қандай өнеріңіз бар? (ән айту, өлең оқу, би билеу, сурет салу, ою өрнек, т.б. )

7. «Жаңылтпаш айтып үйренейік»

8. Құпия суреттер. Әр тыңдаушыға 2 суреттен беріледі. Сол суреттерді мимика арқылы бейнелеп, жасыру керек.





9. Ұлттық тағам дайындай аласыз ба?

10. Ұлттық салт-дәстүрін ата

Кім жеңімпаз?


Жүргізуші: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, өз алдына жеке отау болып, «Тілдер туралы» Заң қабылданған қастерлі күні 22 қыркүйек «Қазақстан халқының тілдері күні» құтты болсын!

Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, тыңдаушылар, қонақтар! Бүгінгі кешімізді тіл мерекесіне арнаймыз. Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпіп ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндік пен ілгерішілдікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі, мемлекеттік тіл- қазақ тілінің мемлкеттік мәртебе алуы. Бүгінгі –«Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі құтты болсын!

-Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын!

-Бүгінгі салтанатты кешімізді ашу ретінде құттықтау сөзді ОТІ бойынша директордың орынбасары Баятова Бағила Балатаеваға береміз.

Келесі әділ қазыларға келетін болсақ, олармен танысайық: Әділ қазылар алқасы

1. ОТІ бойынша директордың орынбасары Баятова Бағила Балатаева

2. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жетекшісі Жанкулова Майра Балғабаевна


Жүргізуші:

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқадан

Болу керек кұдыретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі- сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр-салт-санасы, тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі және Туған тарихы.

Еске алуға қаншама ауыр және қасіретті болса да.

(М.Шаханов)



1. Виктариналық сұрақтар:


1. Қазақстан Республикасы қай жылы өз тәуелсіздігін жариялады?

2. «ҚР Тіл туралы» Заң қай жылы ең алғаш қабылданды?

3. Қазақстан қандай мемлекет?

4. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдары мен сусындарын білесіздер?

5. Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы не білесіздер?

6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңыз.

7.Тараз қаласының қандай көрікті жерлерін білесіздер?

8.Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерін атаңыз.

9. Мемлекеттік тілде тіл туралы қандай мақал-мәтелдер, өлеңдер білесіздер?

10. Қазақ халқының ұлттық салт- дәстүрінен не білесіздер?



Жүргізуші:

Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін


2. «Кім білгір» ойыны:

Тыңдаушыларға түрлі тапсырмалар бар қорапты лақтыру ойны арқылы сұрақтарға дұрыс жауабын тапқызу.

  1. Жеміс жидектерді қазақша атаңыз.

  2. Көрсетілген уақытты сағат тілімен айтыңыз. Мысалы, 14.30-сағат екі жарым

  3. Сыйлық

  4. Мақал-мәтел қазақша айтыңыз

  5. Жаңылтпашты қайталап көріңіз

  6. Көрермен сұрағы


3. Күш сынасу «Екі топқа бөліп арқан тартысу)



4. «Кім тапқыр» интеллектуалдық ойыны

Тыңдаушыны шығарып, берілген «Қазақстан» және «Атамекен» сөздерінен бірнеше сөздер құрату. Мысалы, «Қазақстан» сөзінен мынандай сөздер шығаруға болады: аз, қаз, ат, сан, саз, ақ, т.б. Ал «Атамекен» сөзінен мынандай жаңа сөздер құруға болады: ата, ат, мекен, кен, ен, ет, мен, кет, там, аман.


Жүргізуші:

Жасай бер, Отаным – сан ұлттар тұрағы,

Сөнбейтін өмірде достықтың шырағы.

Өсе бер, өркенде, орнасын нұрлы өмір,

Татылық, бірлестік – елімнің ұраны!








5. Әрптен сөз құра

DrawObject1

6. Қандай өнеріңіз бар? (ән айту, өлең оқу, би билеу, сурет салу, ою өрнек, т.б. )


Ана тілім-

Дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсіз менің қасіретім, шаттығым.

Сенсіз менің тазалығым, пәктігім.


  1. Жаңылтпаш айтып үйренейік

1.Бақбақ бақта бар,

Бақа да бақта бар.


2.Бас мақала

Баспаханада.

Баспаханада

Бас мақыла


8. Құпия суреттер. Әр топқа 2 суреттен беріледі. Сол суреттерді мимика арқылы бейнелеп, жасыру керек.


Жүргізуш: Қанша жұрт тілін үйренесің,

Со ғұрлы ана тілің шат.

Үйреніп жирен, жиренесің,

Өнерді дейді білу шарт,-

9. Ұлттық тағам дайындай аласыз ба?







10. Ұлттық салт-дәстүрі туралы айтып бер



Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы,-


Кім жеңімпаз? Әділқазылар алқасы жеңімпаз топты бағалауы керек.

24 гиназияның оқушылар мен қонақтар «Қазақстан халқының тілдері күні» мереке күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейіп, Қазақстан халықтарының ортақ тілі болып қалыптасуына тілектеспіз. Отбастарыңызға бақыт пен береке, елімізге әрдайым тыныштық берсін. Назар салып тыңдағандарыңызға көптен көп рақмет! Тойларыңыз тойға ұлассын! Мемлекеттік тілге арналған мерекелеріміз бен мерейлі ісіміз көбейсін!

Бүгінгі тілдер мерекесі күніне арналған салтанатты кешімізді аяқтаймыз, келесі кездескенше кош, сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
01.11.2023
747
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі