жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Мемлекеттің функциялары (қызметтері)"
Сабақтың тақырыбы: Мемлекттің функциялары (қызметтері)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімгерлерге Мемлекттің функциялары оның түрлері,жүзеге асырудың нысандары туралы толық ақпарат беру.
Дамытушылық: Білімгерлерге құқықтық білім бере отырып, өз ойларын еркін, сауатты және нақты жеткізу қабілеттерін арттырып, жан-жақтылыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелілік : Білімгерлерді патриоттыққа, өз отанын сүю, елін құрметтеуге, өз құқықтарын білуге, барынша отанын қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау,түсіндіру, Сұрақ-жауаптар, «Теріс сөз», Бой сергіту сәті
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, бейнеролик, қима-қағаздар, визуальды лекция.
Сабақтың барысы: Білімгерлерді екі топқа бөлу
Топатардың аты: 1. «Заңгерлер»
2. «Фемида»
І. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу,білімгерлерді түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру, сабаққа зейіндерін аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Басқару нысаны
1. Мемлекеттік басқару формасы
2. Негізгі басқару формалары
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
«Теріс сөздер» ойыны
яихраноМ – Ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару
формасы ( яихраноМ – Монархия)
акилбупсеР – Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын,не болмаса өкілдік мекемелері құратын басқару формасы (акилбупсеР - Республика)
темікҮ- өкілді органдардың қабылдаған заңдарын орындайтын және мемлекеттің саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін орган. (темікҮ – Үкімет)
акилбупсеР саларА- бұндай басқару формасы бар елдерде президенттің өкілеттілігі парламенттің өкілеттілігімен тең дәрежеде болады. (акилбупсеР саларА – Аралас Республика)
кіттнедизерП акилбупсеР – бұл мемлекеттерде президент, парламент мемлекет және үкімет басшысының өкілеттігін қоса атқарады. (кіттнедизерП акилбупсеР –Президенттік Республика)
кіттнемалрап акилбупсеР – бұл мемлекеттерде мемлекеттік басқару билігіндегі елеулі орынды парламент алады. (кіттнемалрап акилбупсеР – Парламенттік Республика)
ІV. Жаңа сабақ.
Мемлекеттің функциялары (қызметтері)
Мемлекет функцияларының(қызметінің) түсінігі
Мемлекет функцияларының түрлері
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары
Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады.
Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты,олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді.
Мемлекет функциялары – ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.
Әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді.
1.Тұрақты функциялар - мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.
2.Уақытша функциялар - төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.
Экономикалық функция - Салықтарды орнату, несие беру, инвестициялар, жеңілдіктерді анықтау, әлеуметтік инфрақұрылым.
Қорғаныс функциясы - Мемлекеттер арасында жанжалды шешу, олардың әскери қақтығысының алдын алу
Әлеуметтік функция - Минималды еңбекақыны, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақыны орнату
Саяси функция - жалпы халық билігін білдіретін парламентті құру процесі, конституциялық құрылымды қорғау, мемлекеттік егемендікті сақтау
Дипломатиялық функция - Идеология, шаруашылық жүйесінен тәуелсіз барлық елдермен жағымды қатынасты сақтау.
Экологиялық функция -табиғатты қорғау заңнамасы ғаламдық қарулы жанжалдың алдын алу үшін мемлекеттердің саяси ынтымақтастығы
Құқық қорғау функциясы- Құқық шығармашылық әдісі (заң өңдеу және қабылдау), құқық қолдану әдісі (құқықтық жауапкершілікті қолдану), ұйымдық-құқықтық (баға белгілеуді реттеу, ереуілдерді реттеу).
Сыртқы экономикалық функция - Бір бірімен территориялық
байланысқан елдердің ынтымақтастығы (ТМД)
V. Бой сергіту сәті:
Берілген суреттерден 10 айырмашылықты табу қажет.
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады.
Құқықтық және 2 ұйымдастырушылық нысандар.
1.Құқық шығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет.
2.Құқық қолданушы - бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс.
3.Құқық қорғаушы – бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
1.Ұйымдастырушылық – реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізу мен байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы.
2.Ұйымдастырушылық – шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен байланысты жедел техникалық және шаруашылық жұмысы.
3.Ұйымдастырушылық–идеологиялық – бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.
VI. Жаңа сабақты қорыту:
Викториналық сұрақтар.
1-ші сұрақ Мемлекет дегеніміз не ?
1.Әлеуметтік қоғам.
2.Саяси ұйым.
3.Мәдени орталық
2-ші сұрақ Мемлекет функциясы дегеніміз не?
1.Мемлекет қызметінің негізгі бағыты.
2.Сыртқы сауда қатынасы.
3.Құқықты қолдану шарты.
3-ші сұрақ Тұрақты функция дегеніміз не ?
1.Барлық кезеңде жүзеге асырылатын функция.
2.Уақытша жүзеге асырылатын функция.
3.Жартылай жүзеге асырылатын функция.
4-ші сұрақУақытша функция дегеніміз не?
1.Төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін тоқтатады
2.Өз еркімен тоқтатады
3.Барлық кезеңде қызмет атқарады
5-ші сұрақ Мемлекеттің ішкі функциясы:
1.Ішкі міндеттерді шешу қызметі
2.Аралас міндеттерді шешу
3.Келісім шартқа отыру
6-шы сұрақ Негізгі функция дегеніміз не?
1.Нақыт міндеттелген қызмет
2. Қосымша қызмет
3.Ақылы қызмет
7-ші сұрақ Мемлекеттің сыртқы функциясы деген не?
1.Сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызмет
2.Салық салу қызметі
3.Ішкі қатынастарды қалпына келтіру
8-ші сұрақ Құқық қорғаушы қызмет дегеніміз не ?
1.Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
2.Шаруашылық қызметті қорғау
3. Сыртқы қатынастарды сақтау
9-шы сұрақ Ұйымдастырушылық – реттеуші деген не?
1.Белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын жасау
2.Ішкі қатынастарды сақтау
3.Шығыс құжаттарын толтыру
10- шы сұрақ Сыртқы функцияны атаңыз
1.Меншік құқығын тоқтату
2.Мемлекеттік қорғау,бейбіт тәртіп сақтау
3. Салық төлеу
VІІ.Білімгерлерді бағалау және үйге тапсырма беру.
Білімгерлерді біліміне және жаңа сабақты түсінгеніне қарап бағалау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген