400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ашық сабақ. Мен айналаны танып-білемін

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен айналаны танып білемін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының студенттеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән аты: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.

Оқытушы: Ахмедова Р.А


Сабақтың тақырыбы: Мен айналаны танып- білемін.Апта күндері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Аптадағы күндердің атауын жаттау, балалардың бойында уақыт туралы түсінік қалыптастыруды жалғастыру.

Дамытушылық: 7-ге дейінгі сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру, балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Әдептілікке, уақыттан өнімді пайдалануға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Тәжірибелік.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап,ойын.


Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, қоршаған орта.


Сабақтың көрнекілігі: 1-ден 7- ге дейінгі сандар, апта күндерінің атаулары жазылған қағаздар, таң, күндіз, кеш, түн көріністері бейнеленген суреттер, математикалық жұмбақтар.


Блингвальды компонент: Дүйсенбі- понедельник-mondey , сейсенбі- вторник-tuesday, сәрсенбі- среда-wednesday, бейсенбі- четверг-thursday, жұма- пятница-friday, сенбі- суббота- saturday, жексенбі- воскресенье-sunday.

Сабақтың құрылымы мен мазмұны.


I. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

2. Түгелдеу.


II. Жаңа материалды түсіндіру.

1. Шаттық шеңбері.

2. Білім сынау.

3.Көңілді ойындар.

4. Логикалық жұмбақтар.


Дәптермен жұмыс






Педагог өлеңдер мен жұмбақтарды өз қалпуынша таңдап алады. Балаларға оқып береді.

Апта ағайдың ұлдары:

Біріншісі- Дүйсенбі,

Екіншісі –Серсенбі,

Үшіншісі – Сәрсенбі,

Төртіншісі- бейсенбі ,

Алтыншысы – Жұма,

Жетіншісі – Жексенбі.

Педагог балаларды жеті ағайындымен ойнауға шақырады (апта күндеріне сәйкес, 16-кесте). Ағайындылар (апта күндері) ешқашан тәртіп бұзмайды , рет-ретімен жүреді. Біз сол тәртіпті жаттап алуымыз керек. Әр күннің атын атап, рет-ретімен орналастырады. Содан соң оларға реттік нөмер беріп, олардың астына 1-ден 7-ге дейінгі цифрлар жазылған карточканы қойып шығады. Балалар апта күндерінің атаулары мен тәртібін хормен айтып берулерін сұрайды: дүйсенбі – бірінші күн, серсенбі – екінші күн , ......т.б.

Содан соң кімнің қай күні не істегенін сұрайды.

  • Адамдар қай күні демалады ? Қай күндері жұмас істейді ? Бүгін нешінші күн , кешк қандай күн болды , ертең қандай күн болады ?

  • Дәптердегі №1 тапсырманы қарап шығып, апта күндерінің атауларын жаттап алуды ұсынады.

Содан кейін 2- тапсырма бойынша бұл үйлерде ағайынды жеті бала (апта күндері) тұратынын айтады. Үйлерді нөмерлеп шығамыз (нөмер жапыстырамыз).

«Кәне, балалар, ...алдында, ... кейін, ... мен ...арасында кім тұрады? » және тағы басқа сұрақтар қояды.

Математикалық жұмбақтар

  1. Жан-жаққа кетті зымырап,

Мысықтан қорыққан тышқандар:

Қорапқа кірді біреуі,

Соңынан кетті үшеуі.

Тығылды сонда нешеуі?

Shape1

Picture 2















Shape2

2.


  1. Жерде 1 алма
    Қолымда 7 алма
    Барлығын қосқанда
    Болады неше алма?


  1. Төменде үш қаз ұшады,

Үшеуі бұлтты құшады,

Өзеннен көрдік екеуін,

Айтқын қаз нешеу екенін?



  1. Аулада жүр балалар

Самат, Арнат, Сашалар

Келді және оларға

Сәуле, Шолпан ойнауға

Аулада барлығы қанша ұл бала ойнауда?



Жаңа материалды пысықтау.

Сабақты қорытады. Балалардан бугінгі сабақтанмен танысқандарын сұрайды.

Апта күндерін атап шығуды өтінеді және балаларды мадақтайды.

Кеңістікте бағдарлау қабілетін бекіту үшін №3 тапсырманы береді.

Сабақты аяқтайды және жеті ағайындыны (апта күндерін) үйлеріне шығарып салуға шақырады. Тағы бір рет санайды: бірінші – дүйсенбі №1 үйге кетті, екіншісі .... және т.б .

Мадақтау.

Оқу іс-әрекет кезінде жақсы қатысқан балаларды мадақтап , сыйлық береміз.

«Керемет, жарайсың, мен сені мен мақтанам» деп балалардың көңіл күйлерін көтерем.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
525
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі