жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Мен әлемді сүйемін 8-сынып
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Маңғыстау
облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта
мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Мерзiмі:
25.02.2020ж
Мұғалiм :
Байтерекова Айгерім Мекебайқызы
Сынып: 8 «Ғ» Оқушылар саны: 22
Тақырыбы: Мен әлемді сүйемін. №23 сабақ
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: қамқорлық, мейірімділік, жауапкершілік
Мақсаты: Оқушылардың әлем, табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: оқушылардың әлем мен адамның біртұтастығы туралы түсініктерін кеңейту; Дақытушылық: оршаған әлемге қамқорлық жасау дағдыларын дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. «5 Т – ережесі» 1. Тәртіп 2. Талап. 3. Тыныштық. 4.Тазалық. 5.
Татулық. 1. Жағымды көңіл күйге келу. «Су асты патшалығына саяхат» Көзімізді жұмамыз,терең тыныс аламыз. Бүгін су астына саяхат жасаймыз. Көз алдыңызға мұхит жағасын елестетіңіз. Толқынның бір -бірімен алысқан шолпылына, шағаланың даусына құлақ түріңіз. Жалаң аяғыңыздың астындағы құмды сезініңіз. Мұхиттың ортасындағы қара нүктеге сіздің көзіңіз түсті. Ол нүктенің жақындап келгенде кит екенін білдіңіз. Ол сізді мұхит астына саяхат жасауға алып кетуге келді. Ақырын киттің арқасына отырып, мұхиттың астына саяхатқа кеттіңіз. Киттің арқасында отырып, өзіңізді жайлы және қауіпсіздікте сезіну, су түбіне саяхат жасау қандай тамаша!Айналаңызға назар аударыңыз: кемпірқосақ секілді бір-бірінен өткен әдемі, түрлі түсті балықтар көздің жауын алады. Мұхиттың түбіне терең жүзе отырып, айналаңыз қалай өзгергенін байқайсыз,әдемі су өсімдіктері су түбінде қалқиды. Қараңыз қандай үлкен балықтар, ал енді келесі жаққа қараңыз,қандай үлкен сегізаяқ, ол сізге күлімсіреп қарайды, жүзі жылы. Су астында қандай қызықты әлем! Сездіңіз бе, мұнда қандай тыныштық?! Өзіңізді толық тыныштықта сезініңіз. Ал қазір жоғарыға өзіміздің әлемге кетуге дайындалыңыз. Айналаңызды есте сақтардай тағы қарап шығыңыз. Айналаңыздағы су асты әдемі гүлдерге және бойыңыздағы тыңыштықты сезініңіз. Бұл тыныштық сізге таза аудай әсер етеді. Кит сізді келген жолыңызбен су бетіне шығарады. Киттен түсіп,сізге жақсы саяхат жасатқаны үшін оған алғысыңызды айтып, ол алыстап кеткенше көзбен шығарып салыңыз. Өзіңіз сыныпқа қайтып оралып, орындығыңызға отырасыз. Су түбінен алып келген тыныштықты жүрегіңізде, бойыңызда сақтап, көзімізді ашамыз.Рахмет. |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру. №23-сабақ. 95-97 беттер. «Тиінді
құтқару» мәтінін оқып келу. Авторы
Ө.Тұрманжанов.
|
Ө. Тұрманжанов – (15 желтоқсан 1905ж Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөген ауылы – 1978ж Алматы) балалар жазушысы, фольклоршысы. |
3. Сабақтың дәйексөзі. Ағаштың жемісін жеймін десең,түбіне балта шаппа. Сайф Сарай (ер балаларға 2 рет, қыздарға 2 рет айтқызып, дәптерге жаздырту). Сұрақтар:
|
СаифСараи (1321, Сарайшық қаласы -1396 ж. ш., Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі. |
4. Бейнеролик көру. (Мұғалім сыйы) Табиғат ресурстары мен қоршаған ортаға қамқорлық (бейнеролик) Сұрақтар:
|
1.https://www.youtube.com/watch?v=7NGMzQg-d4Y 2.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%B8%D1%84_%D0%A1%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B8 |
5. Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді.
|
|
«Табиғатым» әні Өлеңін жазған Ғ.Сабитов. Әнін жазған Ұ.Жолдасов. 1.Бұлбұлдар
сайраса есiңе ал |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №23-сабақ. Дәптермен жұмыс. «Табиғат тазалығы – адамзат амандығы» тақырыбында эссе жазу. 2.№24, « Түнгі қонақтар» М.Дүйсенов әңгімесін оқу. |
|
Баяу музыка қойылады Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет! Сау болыңдар! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген