400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мен әлемді сүйемін 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың әлем, табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Мерзiмі: 25.02.2020ж
Мұғалiм : Байтерекова Айгерім Мекебайқызы

Сынып: 8 «Ғ» Оқушылар саны: 22

Тақырыбы: Мен әлемді сүйемін. №23 сабақ

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, мейірімділік, жауапкершілік


Мақсаты: Оқушылардың әлем, табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушылардың әлем мен адамның біртұтастығы туралы түсініктерін кеңейту;

Дақытушылық: оршаған әлемге қамқорлық жасау дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. https://www.youtube.com/watch?v=7NGMzQg-d4Y

  2. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%B8%D1%84_%D0%A1%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B8


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

«5 Т – ережесі»

1. Тәртіп

2. Талап.

3. Тыныштық.

4.Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

1. Жағымды көңіл күйге келу.

«Су асты патшалығына саяхат»

Көзімізді жұмамыз,терең тыныс аламыз.

Бүгін су астына саяхат жасаймыз. Көз алдыңызға мұхит жағасын елестетіңіз. Толқынның бір -бірімен алысқан шолпылына, шағаланың даусына құлақ түріңіз. Жалаң аяғыңыздың астындағы құмды сезініңіз. Мұхиттың ортасындағы қара нүктеге сіздің көзіңіз түсті. Ол нүктенің жақындап келгенде кит екенін білдіңіз. Ол сізді мұхит астына саяхат жасауға алып кетуге келді. Ақырын киттің арқасына отырып, мұхиттың астына саяхатқа кеттіңіз. Киттің арқасында отырып, өзіңізді жайлы және қауіпсіздікте сезіну, су түбіне саяхат жасау қандай тамаша!Айналаңызға назар аударыңыз: кемпірқосақ секілді бір-бірінен өткен әдемі, түрлі түсті балықтар көздің жауын алады. Мұхиттың түбіне терең жүзе отырып, айналаңыз қалай өзгергенін байқайсыз,әдемі су өсімдіктері су түбінде қалқиды. Қараңыз қандай үлкен балықтар, ал енді келесі жаққа қараңыз,қандай үлкен сегізаяқ, ол сізге күлімсіреп қарайды, жүзі жылы. Су астында қандай қызықты әлем! Сездіңіз бе, мұнда қандай тыныштық?! Өзіңізді толық тыныштықта сезініңіз.

Ал қазір жоғарыға өзіміздің әлемге кетуге дайындалыңыз. Айналаңызды есте сақтардай тағы қарап шығыңыз. Айналаңыздағы су асты әдемі гүлдерге және бойыңыздағы тыңыштықты сезініңіз. Бұл тыныштық сізге таза аудай әсер етеді.

Кит сізді келген жолыңызбен су бетіне шығарады. Киттен түсіп,сізге жақсы саяхат жасатқаны үшін оған алғысыңызды айтып, ол алыстап кеткенше көзбен шығарып салыңыз.

Өзіңіз сыныпқа қайтып оралып, орындығыңызға отырасыз. Су түбінен алып келген тыныштықты жүрегіңізде, бойыңызда сақтап, көзімізді ашамыз.Рахмет.


2. Үй тапсырмасын тексеру.

№23-сабақ. 95-97 беттер.

«Тиінді құтқару» мәтінін оқып келу. Авторы Ө.Тұрманжанов.
Сұрақтар:

  1. Паркке келген Анарбайды не қуантты?

  2. Дариға мен Анарбай тиінді неліктен құтқарып алды?

  3. Адамның қоршаған табиғатты сүюінің мәні неде деп ойлайсыздар?

  4. Кейіпкерлердің іс-әрекетінен қандай үлгі алдыңдар?

  5. Өздерін қоршаған ортаға қандай қайырымды іс жасап жүрсіздер?

Ө. Тұрманжанов – (15 желтоқсан 1905ж Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөген ауылы – 1978ж Алматы) балалар жазушысы, фольклоршысы.

3. Сабақтың дәйексөзі.

Ағаштың жемісін жеймін десең,түбіне балта шаппа.

Сайф Сарай

(ер балаларға 2 рет, қыздарға 2 рет айтқызып, дәптерге жаздырту).

Сұрақтар:                                                        

  1. Дәйексөзді мағынасын қалай түсінесің?
    Оқушылардың жауабын қорытындылаймын.

СаифСараи (1321, Сарайшық қаласы -1396 ж. ш., Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі.

4. Бейнеролик көру. (Мұғалім сыйы)

Табиғат ресурстары мен қоршаған ортаға қамқорлық (бейнеролик)

Сұрақтар:

  1. Жер Ананың бізге берген сыйы дегеніміз не?

  2. Неліктен біз Жерді Анаға теңейміз?

  3. Жер Анаға жасаған қиянаттың салдары қандай болды?

  4. Жер планетасын сақтау үшін қандай ережелер бар?

  5. Табиғатты қорғау барлық адамның қолынан келеді ме ?

  6. Табиғатты қорғауда мен не істеу керекпін?

  7. Табиғатқа қалай қамқорлық жасай аламыз?

  8. Табиғат алдындағы жауапкершілігіміз қандай?

1.https://www.youtube.com/watch?v=7NGMzQg-d4Y

2.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%B8%D1%84_%D0%A1%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B8

5. Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

  1. топ: «Табиғатқа мейірімді жүрекпен» тақырыбына кластер жасау

  2. топ: «Табиғатқа мен жауаптымын... » табиғат кейіпіне еніп, өскелең ұрпаққа хат жазу

  3. топ: «Біз табиғаттың қамқоршысымыз» тақырыбында сахналау

  4. топ: Оқулықтағы 4-тапсырма Ғұлама ғалымдардың ой пікіріне өзіміздің ой-пікірімізді жазу.


  1. Топпен ән айту.

«Табиғатым» әні

Өлеңін жазған Ғ.Сабитов.

Әнін жазған Ұ.Жолдасов.

1.Бұлбұлдар сайраса есiңе ал
Өмiрдiң сырласу кешi бар
Сүюдi бiлмейтiн адамдар
Осынау өмiрде несi бар

Қайырмасы:
Табиғатым. Махаббатым
Табиғатым. Махаббатым
2.Мен сенi сағынам көктемде
Аққу қаз төбемнен өткенде
Шерлi бiр домбыра дiрiлден
Әсем бiр ән-күйлер төккенде
Қайырмасы:
Табиғатым.Махаббатым
Табиғатым.Махаббатым
3.Мен сенi сағындым асылым
Сен жаққа қараймын жасырын
Толқиды кеудемде жас жүрек
Айта алмай ешкiмге жан сырын
Қайырмасы:
Табиғатым.Махаббатым
Табиғатым.Махаббатым
Табиғатым.Махаббатым
Табиғатым.Махаббатым


7. Үй тапсырмасы.

1. №23-сабақ. Дәптермен жұмыс.

«Табиғат тазалығы – адамзат амандығы» тақырыбында эссе жазу.

2.№24, « Түнгі қонақтар» М.Дүйсенов әңгімесін оқу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Баяу музыка қойылады

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет! Сау болыңдар!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
1266
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі