400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мен армандайтын мектеп" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мектеп туралы ойларымен бөліседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ : қазақ тілі мен әдебиеті

Бөлім: «Білім. Ғылым.Инновация»

Тақырыбы: Мен армандайтын мектеп

Мектеп: СҚО, Петропавл қаласы,

«№27 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Күні: 20.04.2018 ж.

Мұғалімнің есімі: Абильмажинова Гулмира Каниевна

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.А1. Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау.

8.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Тақырыптың идеясын ашады, тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды ажыратады

  • Эссе құрылымын біледі, сөйлемдер құрастырады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды қолданады, өз көзқарастарын білдіреді

  • Кейбір өзекті ақпараттарды анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Тақырыптың ортақ ойын анықтап, бүгінгі замануи мектептермен салыстырады.

  • Эссе жазады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  • Сұрақтарға жауап береді

  • Идеясын ашады

  • Өз көзқарасын білдіреді

  • Мәліметті салыстырады, қорытындылайды

  • Эссе жұмысын жүйелі, нақты, дәлелдеп жазады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Артықшылық, өзекті, кемшілік, жаңаша, өркениетті, білімпаз

Диолог құруға/шығарма жауап арналған пайдалы тіркестер:

Талапқа сай, компьютермен жабдықталған, қатал талап, өркениетті елдер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Сенің мектебің саған ұнай ма?

  2. Жаңашыл мектепте оқушыларға қандай талап қойылады?

  3. Жаңашыл мектептің оқушылары қандай?

  4. Жаңашыл мектепте қандай пәндер оқытылуы керек деп ойлайсың?

  5. Жаңашыл мектеп қандай болуы керек?

Не себепті ....... деп ойлайсыз?

Мектептер не себепті жаңашыл болуы керек деп ойлайсыз?

Алдыңғы оқу:

Мектеп туралы 1 сыныптан таныс, сөздік қорлары бар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 минут





Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг: «Бұлт үстіндегі саяхат»

1.Көздерін жұмады, терең тыныс алады

2.Ойша саяхатқа шығады (бұлттың үстінде)

3.Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге апарады. (таңқаларлық оқиға болуы мүмкін

4. Сыныпқа оралу.

-Бұл тренингтің сабаққа қатысы бар ма?

- Біз не істедік?

Күтілетін жауаптар: армандадық, саяхат жасадық, демалдық

Топқа бөлу. «Шашылған суреттер» қиылған суреттерді алып, топтасып, түсініктеме береді.

1-топ. Пернетақта

2-топ. Оқу құралдары

3- топ. Компьютер

Ой қозғау. Топтың атауларына қатысты ойлары тыңдалады да сабақ тақырыбы ашылады және сабақ мақсатымен таныстырылады.

Сөздік жұмысы: ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, отқа түс күймейсің, қол- жетімді, көңілінен шығады, таудай, тарыдай.

Көңілді музыка








Шашылған суреттер


Ортасы

7 минут
























5 минут

















10 минут


















































8 минут

1-тапсырма. (топтық жұмыс) Сюжетті суреттерді көркемдегіш құралдарды пайдалана отыра сипаттайды

1-топ.Сюжетті суреттер бойынша scanning жасайды (негізгі ақпараттарды айтады).

2-топ. «Алгоритм» әдісі бойынша берілген сюжетті суретке сипаттама береді.

Алгоритм:

1. Суреттерге сүйеніп әңгіме тақырыбын табу

2. Суреттер тізбегінен 5 сөз айту

3.Суреттер тізбегінен 5 сөз тіркесін айту

4. 5 сөйлем құрастыру

3-топ. «Ойлан –жұптас – пікірлес» әдісі бойынша сұрақтар төңірегінде дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарастарын айтады.

ҚБ.: «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі. Топтар бір-бірінің жұмысын бір сөйлеммен түйіндеп бағалайды.


Саралаудың түрі: Нәтиже немесе жауап бойынша саралау.

А деңгейлі оқушы – сөздерді атайды, сөз тіркестерін құрастырады

В деңгейлі оқушы – сұраққа жауап бере алады

С деңгейлі оқушы- өз ойын толық дәлелдеп айтады


2- тапсырма. «Кейіпкерлер әлемі» әдісі .(топтық жұмыс). Мәтін бойынша әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.


ҚБ.: «Бұрыштар» әдісі. (өзін-өзі бағалау)

Әр бұрышқа әртүрлі пікір ілінеді. Оқушылар өздерінің жауаптарына жақын бұрышқа тұра алады, толықтай келісемін, келісемін, толықтай келіспеймін, келіспеймін.


Саралаудың түрі: Қарым-қатынас формалары бойынша саралау.

А деңгейлі оқушы - қарапайым сұрақтар қояды

В деңгейлі оқушы – интерпретациялық сұрақтар қояды

С деңгейлі оқушы - өз идеясын, ойын жеткізеді


3- тапсырма. «Мен армандаған мектеп» тақыры-бына эссе жұмысы (жеке жұмыс)

Оқушыларды қолдау мақсатында берілетін суреттер, сөздер, сөз тіркестері: артықшылық, өзекті, кемшілік, жаңаша, өркениетті, білімпаз, талапқа сай, компьютермен жабдықталған, қатал талап, өркениетті елдер, ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, отқа түс күймейсің, қол жетімді, көңілінен шығады.

Эссенің құрылымы:

  • Тақырыпқа қатысты екі тезис

  • 1-ші тезиске қатысты ой-пікір, көзқарас, оларды дәйектеуші материалдар

  • 2-ші тезиске қатысты ой-пікір, көзқарас, оларды дәйектеуші материалдар

  • Қорытынды


Ойлау дағдыларының деңгей-

лері

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Қолдану

-Эссенің құрылымы мен дамуын сақтай отыра жазады


-Көркемдегіш құралдарды пайдаланады

-тақырыптың мәнін ашады



-көркемдегіш құралдарды орынды қолданады


-мәселенің жаңашылды

ғын ескереді


Жинақ

тау

-Қорытынды жасайды

-өз көзқарасын білдіреді


Саралаудың түрі: Мақсат бойынша саралау.


А деңгейлі оқушы- берілген сөздер мен сөз тіркес-терін қолдана алады

В деңгейлі оқушы –берілген сөз тіркестерін қолдана отыра өз көзқарасын білдіреді

С деңгейлі оқушы- өз шығармашылық қабілетін көрсетеді



4-тапсырма. «Дана үкі» әдісі. (топтық жұмыс) Оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Оқушылар тапсырмаларды орындайды және ортаға шығып түсіндіреді.

Көркемдегіш құралдарды белсенді қолданып орындайды: ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, отқа түс күймейсің, қолжетімді, көңілінен шығады, таудай, тарыдай.


1-топ: «Мен армандайтын мектеп» тақырыбына интервью жасайды.


2-топ: «Жаңашыл мектеп» тақырыбына жарнама жасайды.


3-топ: «Замануи мектеп» тақырыбына президентке бейнеүндеу жасайды.


ҚБ.: «Бір минут» әдісі. Оқушылар бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша кезекпен тоқтаусыз, қатесіз сөйлейді.


Саралаудың түрі: Мақсат бойынша саралау.


А деңгейлі оқушы- сабақта қолданылған сөздерді еске түсіреді

В деңгейлі оқушы – сөз тіркестерін еске түсіреді

С деңгейлі оқушы– толық сөйлемдерді еске түсіреді

Сюжетті суреттер




интербелсенді тақта












интербелсенді тақта













интербелсенді тақта

суреттер















































интербелсенді тақта
























Соңы

5 минут


«Шеринг» әдісі бойынша қорытындылау./Оқушылар шеңбер болып отырып, біріне – бірі бір затты лақтыру арқылы сөз алып, бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап ой қорытады./

Мысалы:

1. Сенің арман мектебің

2. Мен елімнің болашағымын

3. ....


Үй тапсырмасы: Болашақ мектептің жобасын сызу немесе жоба жазу


Кері байланыс. «Бір ауыз сөз». Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады: ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б.
















тақтаға стикерлер жапсырады





Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі).

Сабақ барысында

1-тапсырма бойынша саралау:

Нәтиже немесе жауап бойынша саралау.

А деңгейлі оқушы – сөздерді атайды, сөз тіркестерін құрастырады

В деңгейлі оқушы –сұраққа жауап бере алады

С деңгейлі оқушы- өз ойын толық дәлелдеп айтады

2-тапсырма бойынша сарлау.

Қарым-қатынас формалары бойынша саралау.

А деңгейлі оқушы- қарапайым сұрақтар қояды

В деңгейлі оқушы –интерпретациялық сұрақтар қояды

С деңгейлі оқушы-өз идеясын, ойын жеткізеді

3-тапсырма бойынша саралау.

Мақсат бойынша саралау.

А деңгейлі оқушы- берілген сөздер мен сөз тіркес-терін қолдана алады

В деңгейлі оқушы – берілген сөз тіркестерін қолдана отыра өз көзқарасын білдіреді

С деңгейлі оқушы- өз шығармашылық қабілетін көрсетеді

4-тапсырма бойынша саралау.

Мақсат бойынша саралау.

А деңгейлі оқушы- сабақта қолданылған сөздерді еске түсіреді

В деңгейлі оқушы –сөз тіркестерін еске түсі-реді

С деңгейлі оқушы – толық сөйлемдерді еске түсіреді

1-тапсырма.


ҚБ.: «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі. Топтар бір-бірінің жұмысын бір сөйлеммен түйіндеп бағалайды.



2-тапсырма.


ҚБ.: «Бұрыштар» әдісі. (өзін-өзі бағалау)

Әр бұрышқа әртүрлі пікір ілінеді. Оқушылар өздерінің жауаптарына жақын бұрышқа тұра алады, толықтай келісемін, келісемін, толықтай келіспеймін, келіспеймін.



4-тапсырма.

ҚБ.: «Бір минут» әдісі. (өзін-өзі бағалау) Оқушылар бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша кезекпен тоқтаусыз, қатесіз сөйлейді.



Пәнаралық байланыс:


- информатика пәнімен байланыс болды,

кабинет жабдықтары қолданылды.



- орыс тілі пәнімен байланыс ( сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын табады)


-өзін-өзі тану пәнімен байланыс болды, адами құндылықтары дамиды


-музыка пәнімен байланыс (әуен тыңдалды)


Денсаулық және қауіпсіздік:


-қауіпсіздік ережесімен таныстырылды

-әуен тыңдалды


АКТ-мен байланыс:


- интербелсенді тақта арқылы суреттер, сөздер мен сөз тіркестері берілді.


Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі):


-«Мәңгілік Ел»

идеясының

3,4-тармағымен байланысты




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі