жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Мен бақытты баламын" 4 сынып
-
Мектеп:
Сабақтың тақырыбы: Мен бақытты баламын
Күні
Мұғалімнің есімі Шамбетова Д
Сынып 4 Ғ
Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімінегізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндір;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады. Оқиғалардың маңызды тұстарын талдауға, салыстыруға қатыса алады.
Көптеген оқушылар: Талдау жасай отырып, мәтіннің негізгі ойын анықтай алады.
Кейбір оқушылар: Өзі үшін құнды заттардың (нәрселердің) атауын жаза алады, не үшін құнды екенін дәлелдей алады.
Бағалау критерийлері:
Кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды.
Оқиғалардың маңызды тұстарын талдауға, салыстыруға қатысады. Талдау жасай отырып, мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
Құндылықтарды дарыту
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлай отырып, бақыт ұғымын кеңінен түсіндіру, өзінде барды бағалауға, қанағатшылдыққа
тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар
Жаратылыстану, Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
Ғаламтор желісін пайдалану
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
білім
Жалпы құндылық туралы ұғымдары қалыптасқан, өз-өзіне, өз іс-
әрекетіне баға бере алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы 1-7 мин
Сабақтың ортасы
8-15 минут
16-20 минут
21-27минут
28-37минут
Психологиялық дайындық
Қорықпайық, саспайық .
Жаман әдетті тастайық
Зейін қойып,қанекей
Сабағымызды бастайық
Үй тапсырмасын тексеру: «Кезбе тілші» әдісі
Әр топтан бір оқушы «кезбе тілші» болып, басқа топтағы оқушылармен сұхбаттасады (өткен сабақ бойынша сұрақ қояды)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау мақсатында
«Броундық қозғалыс» ойыны. Сынып ішіне қағазға жазылған сөздер жасырылады.. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша сөздерді жинайды.Сөздердің үлгісі: (Денсаулық –зор байлық).
Сөздерді құрастырып мақалды оқиды. Шыққан мақал бойынша ойларын ортаға салып, талқылайды.
Топқа бөлу
І топ «Бақыт»
ІІ топ «Арман»
ІІІ топ «Қуаныш»
Әр топтан топ басшысы сайланып , оларға бағалау парақшасы беріледі. Берілген критерийлер бойынша топ басшысы белгі қойып отырады.
№
Оқушының аты-жөні
Үй тапсырмасына дайын
Қажетті сөз тіркестерін табады
Өз ойын айқын жеткізеді
Өзі үшін құеды заттарды атап, жаза алады
1
2
3
Түсіну . «Бақыт» деген – не? Түрік халық ертегісі
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі жұптық жұмыс
Оқушыларға әдістің шарты түсіндіріледі. Жұптық жұмыс бойынша өздеріне берілген әңгіме бөліктерін оқиды, іштей ойын жүйелейді, жұптарымен бөліседі, топта талқылайды
Шарты: Оқушылар өздерінің оқыған ертегі бөліктерін 10 тірек сөз немесе сөз тіркестері бойынша айтып жеткізеді.
Саралау: Қортынды негізінде саралау жүргізіледі. Оқушыларға бір тапсырма берілседе оларың нәтижелері әртүрлі болады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып,олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу
ҚБ «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды
Дескриптор
шығарны түсініп оқиды
шығарманың мазмұнын ашаты қажетті сөз тіркестерін табады
Сөздік жұмыс
Бозбала – жеткіншек
Сергіту сәті « Пантонимо» ортақ тақырып бойынша
Шарты: жазылған сөздерді көзбен көріп, қимылмен көрсетеміз
1.Мен ұйқыдан тұрып, жуынып, тамақтандым
2. Біз ән айтып, билеп, шапалақтадық
3. Біз жүгірдік, секірдік, отырдық
Қолдану . Топтық жұмыс
І топ «Отбасында ,өмірде бақытты болу үшін не істер едің?»
деген сауал аясында ой толғаныстарын постерге топтастыру түрінде жазады
ІІ топ Денсаулығыңды күтуге арналған ережелер құрастыру
ІІІ топ Денсаулық туралы мақал –мәтелдер жазу
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.
ҚБ «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды
Талдау . Өзіндік жұмыс
«Әдебиет лотосы»
Мақсаты: оқыған әдеби шығармалардың кейіпкерлері туралы кестені толтыру. Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек.
Мәтінде маған ұнаған, үлгі болған сөз
Менің қорытынды ойым
Сабақты қорыту
«Бақыт аукционы» ойыны
Шарты: Алдарыңа ақ парақ таратамын. Параққа «бақыт» дегенді қалай түсінеміз ,жазамыз. Бір –бірімізбен ауысып оқимыз.
-денсаулық
-ата-ана
-білім
-өнер
-жағымды мінез-құлық
Үй тапсырмасы: Тас қашайтын шебер мен бозбаланың мінез-құлқын бағалап, салыстыру
Слайд 1
Слайд 2
Слайд
Кесте
Слайд 3
Оқулық
Лото ойынының жабдықтары
Қосымша ақпарат |
|
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. |
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау парақтары |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген