жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ «Мен де атқа міне аламын» Алан Маршалл
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Өнер Сынып: 3 |
Мектеп: «№15 ОМ» Мұғалімнің аты-жөні: Искакова М.Н. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақ тақырыбы |
Атқа міну-өнер «Мен де атқа міне аламын» Алан Маршал |
||||
Оқу мақсаттары |
3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау; 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Шығарманың мазмұнынжоспар бойынша әңгімелейді Көпшілік оқушылар: Шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құрады Кейбір оқушылар: Оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтайды |
||||
Бағалау критерийлері |
|
||||
Тірек сөздер |
Шабандоз,атәбзелдері |
||||
Құндылықтарды дарыту |
«Азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін,білімді, білікті,рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал ету |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Өз ойын, пікірін білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысы, жалғау мен жұрнақты дұрыс қолдау арқылы қаза тілі пәнімен байланыс жасалады. Әлеуметтік ортада жол қауіпсіздік ережесін сақтау арқылы дүниетану пәнімен байланыс жасалады. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
||||
Алдыңғы білімді игеру |
Мәтінді түсініп оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын таба біледі. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 1-5минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Өткен тақыпқа шолу Топтарға бөліну Жаңаны ашу. Жұмбақты шеш Қамыс құлақ Тостаған тұяқ Мінсең қанат, Сүті дәрі Еті бал Ол не? |
слайд №1-3 |
|||
Сабақтың ортасы 6-14 минут
15-20 минут
21-28 минут
29-36минут |
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру Білу Алан Маршалл (1902-1984)-ағылшын жазушысы және публицист.Алты жасынан бастап сал ауруына шалдығып, мүгедек болып қалған. Соған қарамастан жүзуді, атқа мінуді үйренген. «Мен шалшықтан секіріп аттай аламын» деп аталатын кітап жазды. 1-тапсырма (Т,Ұ) «Автобус аялдамасы» әдісі -Мәтінді оқып,мазмұндау Үздік баяндаушыны анықтау Әр топтың үздік баяндаушысы басқа топтарға барып оқыған мәтіндерін баяндап береді Саралау:Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. ҚБ «Жарайсың! Өте жақсы! Керемет!» марапат сөздері арқылы бағалау. 2-тапсырма (Ж,ЖЖ) «Миға шабуыл әдісі» әдісі -Әңгіме қалай аталады? Ол кімге қатысты айтылған? - Әңгімені жазған кім? - Аланның өмірінде қандай қиындық болды? - Аланды сипатта. Ол алдына қандай мақсат қойды? Нені армандаған? -Боб неге өз атын берді? -Аланның әкесінің соңғы сөзінде қандай мән бар? -Аланның әкесінің ақылы туралы сен не ойлайсың? -Аланның іс-әрекетінен не үйрендің? ҚБ «Қол шапалақтау» Түсіндірме сөздік Ат әбзелдері – атқа міну үшін және шаруашылықта пайдалану үшін қолданылатын құрал-жабдық (айыл, ер тоқым, үзеңгі т.б ) түрлері. Шабандоз — ат бәйгесіне қатысатын спортшы. Шабандоз төзімді, епті, атқа жақсы отыратын болуы керек 3-тапсырма «Ыстық орындық» Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. ҚБ «Смайликтер»
4-тапсырма (Т)«Шығармашылық жұмыс» 1-топ. Жылқы малы туралы постер жасау 2-топ Аланға мінездеме бер 3-топ .Шығармаларды салыстыр. Қай шығармадан алынған ҚБ «Бір-бірін бағалау»
|
Оқулық 34 бет Слайд 4-5 Қосымша 2 https://www.google.kz/search?q=алан+маршалл+портреты
Оқулық 34-36 беттер Түсіндірме сөздік
6-слайд
7-слайд
Слайд №8
9-11 слайд |
|||
Сабақтың соңы 37-40 минут |
Рефлексия «Бес саусақ» әдісі 1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? 2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым? 3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым? 4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен? 5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақтаөзімдіқалайшасезіндім? |
Слайд №12 |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?
|
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген