400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мен және менің дене мүшелерім" ІІ кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне қолдануға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы : Мен және менің дене мүшелерім

Мақсаты: баланың өзін-өзі жеке тұлға иесі екенін тануға,ойлау талдау әрекетін белсендіруге үйрету.

Білімділігі: өзінің адам әлемінің өкілі ретінде алғашқы түсініктерін қалыптастыру, адамдардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын көре білуге, адамды жануардан ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: өзінің адам ретінде әр түрлі кезеңнен өтетіні туралы ұғым беру,өзін-өзі тексеру дағдысын дамыту.

Тәрбиелігі: құрдастарына деген тілектестік қарым-қатынасқа , қызығушылыққа  тәрбиелеу.

 Әдіс –тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,М.Монтессоридің технологиясының әдістерінен көзбен көріп,қолмен ұстап көрсету.

Көрнекі құралдар: үлкен айна, күн шуағы, жұмсақ ойыншық-мысық, тақырып бойынша суреттер, қуыршақтар,

Қостілділік компонент: адам-человек

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің  іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

































Ұйымдастыру-

шылық-ізденіс -тік











































































































































































Рефлексиялық-түзетушілік


Балалар шеңбер жасай тұрады.

-Балалар менің қолымдағы не? /күн шуағы/

-Күн шуағы сендермен танысқысы және өз шуағымен сендерді жылытқысы келеді.

Кәне күн шуағымен амандасайық.

Сәлеметсің бе, алтын күн!

Сәлеметсің бе, көк аспан!

Сәлеметсің бе, самал жел!

Сәлеметсің бе, кішкене ағаш!

Сәлеметсің бе, қайырлы таң!

Сәлеметсің бе, қайырлы күн!

Біз жалықпаймыз амандасудан!

Ойын «Күн шуағы»

Күн шуағын шеңбер бойымен береміз.

-Міне күн шуағымен таныстық. Енді келген қонаққа өзіміздің әдемі күлімсіреген күлкімізді сыйлайық.

-Балалар , не көрдіңдер?

Жұмбақ:

-Жер бетіндегі ең күшті, әрі ақылды кім?

-Балалар біз Алтынды кім деп атаймыз ба? Райянды ше? –Ал Ерсұлтанды қалай атаймыз? Ол кім ?

-Балалар біз барлығымыз кім боламыз?

/Ұғымды қайталаймыз/

-Балалар жер бетінде көптеген адамдар өмір сүреді. Олардың бір-бірінен ұқсастығы мен айырмашылықтары бар. Кім айтады, адамдар бір-бірімен несімен ұқсайды?

-Барлық адамдардың бас, дене, қолы, аяғы бар. Әр адамның өз денесі мүшесі бар. Орнымыздан тұрып өз дене мүшемізді атайық.

-Балалар,біздің неше қолымыз бар?

-Қолдарымызбен біз не істейміз?

-Ал аяғымыз нешеу?

-Аяқтарымызбен не істейміз?

-Неше көзіміз бар?

-Көздеріміз бізге не үшін керек?

-Неше құлағымыз бар?

-Құлағымыз бізге не үшін керек?

-Басымыз нешеу?

-Басымыздың ішінде не бар?

-Дұрыс айтасыңдар,ал ми бізге неге керек?

-Ал мұрынымыз қайсы?

-Мұрынмен не істейміз?

-Ал ауыздарың қайсы?

-Ауыздың ішінде не бар?

-Тіл не үшін керек?

-Тіспен не істейміз?

-Неше құлағымыз бар?

-балалар біз бір-бірімізге ұқсаймыз,бірдей дене мүшелеріміз бар. Ал біз жануарға ұқсаймыз ба?

Олардың да адамдар сияқты дене мүшелері бар ма?

-Ендеше мына мысыққа көңіл аударыңдаршы,оның қандай дене мүшелері бар екен?

-Оның аяғы нешеу?

-Ал бізде ше?

-Ал мына мысықтың артындағы не нәрсе?

Қорытынды: адам жануарға ұқсамайды екен



/қыз бала мен ұл бала бейнеленген суреттер ілінеді/

-Ұл баланы қыз баладан қалай айырамыз?

Мысалы; Алиханды, Еркеназдан ше?

-Ер бала қандай киім киеді?

Ал қыз бала ше?





Ер балалардың шашы қандай?

Ал қыздардың шашы ше?

-Қыздар мен сендердің аналарың құлаққа сырға, мойынға алқа тағады, ал ер балалар мен сендердің әкелерің ондай әшекей бұйымдарын тақпайды.

-Сендердің аналарың  жұмысқа жиналғанда айна алдында тұрып не істейді?

Ал әкелер бұны ешқашашда істемейді

Сергіту сәті: «Біз кішкентай баламыз»

Біз кішкентай баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Жоғары,төмен қараймыз,

Біз тынығып аламыз.



Дидактикалық ойын: «Бұл кім?»


































/қонақтар да бізге күлімсіреді/



/адам/

Қыз,ұл деп атаймыз



-адамдар.





 Балалар жауабы.



Балалар өздерін айна алдында тұрмын деп елестетіп , қолдарымен дене мүшелерін көрсетіп атайды.

Балалардың жауабы.







































-мысықтың аяқтары, ал адамның қол мен аяқтары бар.

-мысық төрт аяқпен , ал адам екі аяқпен жүреді

-мысықтың құйрығы бар, ал адамда ол жоқ.







(Ұл бала мен қыз баланы киіміне қарап ажыратады екенбіз.



-Шолақ шалбар, жейде, олардың аяқ киімдері басқаша болады.

-Ал қыздар көйлек, етек, сарафан, әдемі блузка, тақасы бар туфли киеді.

 -қысқа

-ұзын, бұрым қояды, бантик тағады.



-ерін, көз, қабағын бояйды.

 Балалар қарайды, салыстырады.

 Блалар сергіту сәтін қуана орындайды



































Балалар өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: өзінің адам өкілі екендігін; дене мүшелерін, адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығын cыртқы белгілеріне қарап ажыратуды:

Игереді: адамдардың жасы есейген сайын, олардың бет-әлпеті, дауысы, жүріс-тұрысы өзгеретінін еcкере отырып,оларды атай білуі:

Меңгереді. бір-біріне ұқсаcтық пен айырмашылықты ажыратуды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
5924
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі