400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ Мен және менің отбасым.Отбасындағы мерекелер. Дүниетану 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ дүниетану пәнінен өткізілді.Яғни Қмж бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №265

Мұғалімнің аты-жөні: Қосанова Самал Рахатқызы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2. А. Менің отбасым және достарым


Күні:



Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

    1. Мен және менің отбасым. Отбасындағы мерекелер


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.6.1. Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау.

1.1.1.3. Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым- қатынастың маңызын түсіндіріп,мысалдар келтіру.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Отбасылық мерекелер туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты әңгімелейді.

Кейбір оқушылар: Отбасындағы мерекелердің маңызын түсініп, ажырата алады.


Бағалау критерийлері

*Отбасы мерекелерін атайды.

*Отбасы мүшелері мен олардың арасындағы қарым-қатынасты

ажыратады

*Отбасындағы мерекелерді өткізу рәсімін анықтайды

*Қамқорлықтың маңыздылығын түсініп, мысалдар келтіреді.


Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат:Оқушылар диалогке қатыса отырып,өз болжамдары мен пікірлерін айта алады.Қарым –қатынас жасау қабілеті артады.

Пәндік лексика мен терминология:

Мереке - оқиға –

Диалогқа ,жазылымға берілген тапсырмалар:

-Саған отбасыңдағы қандай мереке ерекше ұнайды? Неге?

-Отбасының басқа адамдардан айырмашылығы неде?

-Отбасылық мереке деген не?


Құндылықтарды дарыту

Отбасы құндылықтарын қастерлеуге,үлкенге –құрмет,кішіге –ізет көрсетуге, жауапкершілікке,өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарауға ,шығармашылыққа , ынтымақтастыққа баулу


Пәнаралық байланыс

Математика – мерекелерді санап, айтуда

Көркем еңбек – отбасылық күнтізбе жасауда ,шақыру қағаздарын ,ашық хат жасауда


Бастапқы білім

Отбасындағы мерекелер туралы түсініктері бар


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин

1 мин


2 мин






1 мин




1мин

Ұйымдастыру

Ширату: “Шашылған жапырақтар”

Оқушылар шеңбер құрып тұрады

Тақтаға ағаш суреті ілінеді.

Шашылған сары, жасыл жапырақтарда жазылған отбасы мүшелерін ағашқа орналастырады.


К.Б “Серпілген доп” әдісі

-Отбасы деген не?

-Отбасының басқа адамдардан айырмашылығы неде?

-Отбасылық мереке деген не?

Топқа бөлу

Ағаштағы сары, жасыл жапырақтарды алу арқылы топқа бөлемін

І- топ “Жасыл жапырақтар”

ІІ –топ “Сары жапырақтар”

Ата, аже, ана, әке, іні,қарындас,аға,

тәте, бала,көке, т.б







Сабақтың

ортасы



2 мин















1 мин

1 мин



5 мин









1 мин



1 мин







3 мин











1 мин







3 мин





1 мин

1 мин



3 мин









1 мин







3 мин











1 мин











1 мин

2 мин


(Ұ.ж) “Миға шабуыл”

“Қара, ойлан, бөліс” әдісі

Оқушыларға отбасылық мереке туралы суреттер көрсетіледі

Оқушылар суреттегі көріністі атайды,әңгімелейді.



К.Б. “Еркін микрофон” әдісі

-Саған отбасыңдағы қандай мереке ерекше ұнайды? Неге?

Бағалау: Жарайсыңдар!


(Т.ж) “Үш құлақ” әдісі

Топ мүшелері рөлдерін (Баяндамашы –тапсырманың нәтижесін баяндайды Хатшы- кері байланысты

ұйымдастырады, Интерьер – сұхбат жүргізеді) анықтайды.


І-топ Ұлттық дәстүрлерді атайды

ІІ- топ Отбасындағы дәстүрдің біреуін қалай қолданатынын сипаттайды


К.Б. “Серпілген сауал” әдісі

-Отбасыңда қандай дәстүрлер бар?

-Отбасыңда қандай мерекелер өткізіледі?

Бағалау: “Бас бармақ” тәсілі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру: мереке- оқиға-



(Т.ж) “Елшілер” әдісі

“Орындап көр”

Әр топ отбасылық күнтізбе жасайды.

Мерекеге дайындық жоспарын жасайды,шақыру қағазын,ашық хат дайындайды.

1 – топ Туған күнді жоспарлап, шақыру қағазын жасайды.

2 – топ 8- наурыз мерекесін жоспарлап, ашық хат

дайындайды.


К.Б. “Тақия» әдісі

-Отбасылық мереке деген не?

-Мерекені қалай өткізуге болады?

-Мерекеге қажетті заттардың тізімін ата

Бағалау: “Бас бармақ” тәсілі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.


(Ж.ж) “Көршілер” әдісі

Сен білесің бе? айдары бойынша дереккөздерден көрсетемін.

Жұптар бір-бірінен қуанышты жағдайға сүйінші сұрайды


К.Б. “Сұрақ –бізден, жауап-сізден” әдісі

-Сүйіншіні қай кезде сұрайды?

Бағалау: “Бас бармақ” тәсілі арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.

(Ұ ж) “Жалғастыр” ойыны

Оқушыларға кішкентай баланың суреті бар үлестірме таратылады.

Әр оқушы суреттегі балаға ат қояды.


К.Б. “Бақыт құсы”

-Балаға есімді кім қояды?

-Сенің есіміңді кім қойды?

Бағалау : Жарайсыңдар!


Жеке жұмыс: «Ойлан, тап» әдісі

Әр оқушы таратылған үлестірме бойынша дастархан басындағы отбасы мүшелерінің орнын анықтайды.


К.Б. “Тақия» әдісі

-Отбасы мүшелерін дастарханға қалай отырғызар едің?

-Төрге кімді отырғызасың?


Бағалау : “Бас бармақ” тәсілі арқылы өз-өздерін бағалайды


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Сурет бойынша отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы туралы әңгімелеңіз.Өз отбасыңдағы адамдардың қамқорлығына мысал келтіріңіз.



Дескриптор:

-суреттерде берілген қарым-қатынасты сипаттайды.

-өз отбасындағы қарым-қатынасқа мысал келтіріп айтады.


К.Б. жазбаша түрде беріледі


Сараланған тапсырма:

Суретке мұқият қараңыз.

Бұл отбасында қандай қарым-қатынас қалыптасқан?

Белгілеңіз және ойыңызды түсіндіріңіз.












Суреттер



























АКТ мен байланыстыру



12 бөлікке бөлінген А 3 қағазы, жапсырма, түсті қағаз ,т.б

Ашық хат,шақыру қағазы










«Сүйінші» сұрау салтына байланысты бейне жазба көрсету

















Сабақтың

соңы



3 мин






Рефлексия “Шашылған жапырақтар”

Оқушылар сабақты қандай деңгейде түсінгенін анықтап, жапырақтарды ағашқа орналастырады.

Барлығын түсіндім – ағаштың жоғарғы бөлігі

Енді түсініп келемін – ағаштың орта бөлігі

Түсінбедім- ағаштың төменгі бөлігі








Қосымша ақпарат

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Ұжымдық ,топтық, жұптық, жеке жұмыстарда

барлық оқушылар отбасылық мерекелер туралы білді.Қабілеті жоғары оқушыларға сараланған тапсырма беру арқылы қолдау көрсеттім

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Әр оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін білу үшін бағалауды ұйымдастырамын

“Бас бармақ” әдісі арқылы бағаладым


Кері байланыс: «Еркін микрофон» әдісі, «Серпілген доп” әдісі, “Серпілген сауал” әдісі, Сұрақ –бізден, жауап-сізден” әдісі, “Тақия» әдісі арқылы кері байланыс жасадым

Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критериийлері мен дискрипторлар қолдандым




Денсаулық және қауіпсіздік техникасын

сақтау
Белсенді тапсырма орындау барысында оқушылардың дұрыс отыруын,оқу құралдарын ретімен пайдалануын қадағалау.

Парта бұрышынан,

қаламның ұшынан сақтану

Рефлексия


Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары нақты, айқын, мақсатыма жеттім.

Сабақ барысында оқушылар отбасындағы мерекелер,отбасындағы дәстүрлер туралы, мереке күндерін жоспарлауды білді.

Оқушылар әрекетіне , тапсырмаларды орындалуына қарай отырып, түзетулерді енгіздім.Дербес жұмыстарда оқушылардың белсенді қатысуына ықпал жасадым

Сабақта саралау тапсырмасы тиімді болды.





Тапсырмалар барысында уақыт аралығына үлгердім.

Мен өз жоспарыма тапсырмалар орындау барысында жұптық,топтық жұмыстарда оқушының белсенді қатысуына жетекші болдым.

Қорытынды бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Топтық жұмыста «Елшілер» әдісі, «Үш құлақ» әдісі

2.Жұптық жұмыста «Көршілер» әдісі

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады? (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.Кері байланыс, бағалау

2.Ширату жаттығулары

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.Іскерлік ойындар,іс-әрекетті әдіс,оқу-зерттеу іс-әрекеті,ХХІ ғасырдың 8 дағдысын жүзеге асыру арқылы оқыту әдістері көмектестінін білдім

2.Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
935
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі