400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мен және қоғам

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: дүниетану

Мектеп: «№5 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Бөлім

1.Мен және қоғам

Бөлімше

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Күні: 9.06

Искакова Думан Жаксылыковна

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Оқу мақсаты:

1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: өзін мектеп оқушысы екенін білу және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттайды.

Көптеген оқушылар: оқушылар өз өмірінің кейбір сәттерін талқылап, сипаттайды

Кейбір оқушылар: бір-бірімен қарым –қатынас жасайды, өзі туралы қызықты жайттарды айта алады

Бағалау критерийлері


1.Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттады.

2. Оқушылар өз өмірінің кейбір сәттерін талқылап, сипаттайды

3.Өзі туралы әңгімелеуге, сыныптастарының есімдерімен атауға, қарым-қатынас жасауға үйренеді.

Тілдік мақсат:

  • Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

  • Оқушы, мектеп, сыныптас, ұжым, мұғалім, тәртіп

  • Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады.

  • Диологқа байланысты талқыланатын мәселелер:

  • Басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыра үйдегі және мектептегі өмір туралы айта алады.




Құндылықтарды дарыту:

Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың қарым –қатынас ынтымақтастығы артады

Пәнаралық байланыс:

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Мен кіммін? Қажетті заттар, күн тәртібі.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар




Сабақтың басы

5 мин












Сабақтың ортасы


7 мин












7 мин



















3 мин







6 мин













2 мин

Оқушылармен сәлемдесу, амандасу.

Ширату

Балалар шеңбер құрып отырады. Әрбір бала кезектесіп өзі туралы хабарлайды.

-Аты –жөнің кім?

-Жасың нешеде?

-Өзіңе не ұнайды?

-Сен мектепалды даярлық сыныбында оқыдың ба?

-Сен онда не үйрендің?

Жарайсыңдар! Өте жақсы!



«Мектеп және мектеп қоғамдастығы туралы» тақырыбымен таныстырамын. Біз бүгінгі тақырып бойынша көптеген қызықты тапсырмалар орындайтын боламыз.

1-тапсырма

«Бақытты, мұңлы, ойлы»

Смайликтер таратылып береді. Әр смайликтер көңіл –күйлеріне мән беріп қараймыз.Әр көңілге мысалдар келтіру. Өмірмен байланыстырып айтады.

Оқушылар алдарында тұрған смайликтерден өздерінің бүгінгі сабаққа деген көңіл—күйлерін парақшаға жапсырады. Жұбымен сұрақ жауап арқылы талқылайды.



-Бүгін сіздер мектепке қандай көңіл-күймен келдіңіздер?

-Берілген тапсырмадан қандай әсер алдыңыз?

Рисунок 1 Тамаша!Жарайсыңдар!

2-Тапсырма


Жеке жұмыс

«Мектепке қадам»

-Балалар сіздер кімсіздер?

-Сіздер қайда келдіңіздер?

Ең алғашқы сіздерді кім қарсы алды?

Сынып деген не?

Сыныптастар дегенді қалай түсінесіңдер?

Біз қандай ұжым болдық?

Суретпен жұмыс:







-Мына суреттер бойынша не айтар едіңдер?

М.Б. Тамаша! Жарайсыңдар!

Сергіту сәті

Оңға , оңға түзу тұр ,

С олға , солға түзу тұр .

Алға қарай бір қадам ,

Артқа қарай бір қадам.

Жоғары – төмен қарайық ,

Орнымызды табайық .

3-тапсырма. Топпен жұмыс

Оқушыларға қима суреттер таратылып береді.

Оқушыға қажетті заттарды партаның үстіндегі сөмке макетіне салады. Салған суреттегі заттарға сипаттама беріледі.

-Сөмкеге қандай заттар салдың?

-Неліктен ол заттарды салдың?

-Заттар бір сөзбен қалай аталады?

Біз оқу құралдарын сөмкеге салдық. Біз оқушымыз.

-Оқушы оқу құралдарын қалай ұстау керек?

-Оқушы қандай болу керек?

М.Б. Тамаша! Жарайсыңдар!


Қорытынды: «Өрмек» жаттығуы.Оқушыларға орам жіпті беремін.Орам жіпті алған оқушы есінде қалған оқушының есімін атайды, оған қысқаша тілек айтады. Жіптің ұшын өзі ұстап түрып, орамды басқа оқушыға береді.Осы ойын арқылы олар бір-бірімен ынтымақтастықтарын нығайтады.

Дескриптор

-мектепке қажетті құралдарды анықтайды.

-мектеп құралдарының оқушыға қажеттілігін айтады.

-өзінің мектепке дайындығы туралы әңгімелейді.

-оқушы міндеттерін біледі.

-оқушылар сыныптастырының есімдерін біледі























смайликтер



















суреттер

















сөмке макеті,

қима суреттер











Орам жіп

Сабақтың соңы

5 мин










Рефлексия :

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ- неден қиналдыңыз ?

Балаң үйрек – кімге көмектестіңіз?

Ортан терек : көңіл –күйіңіз?

Шылдыр шүмек –не үйрендіңіз?

Кішкентай бөбек- қандай жестікке жеттіңіз?









Қосымша мәліметтер

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттер?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

Саралауға берілген тапсырмада оқушыға мұғалім тарапынан жеке көмек көрсетіледі.

Ресурс арқылы. 3- тапсырма






-«Бас бармақ», «Бағдаршам»әр топ бір-бірін, өзара бағалау, өз – өздерін бағалайды.




-Сергіту сәті.Байқам

паздық қабілетін дамытуға арналған сергіту.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
676
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі