400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі. 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау. Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Жарма ауданы білім бөлімінің

«Новотаубинка бастауыш мектебі»КММ



Күні: 23.12.2019

   Сынып: 1

   Мұғалім: Жаксыбаева Толкын Токтаргазиновна

   Сабақтың тақырыбы

   Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі.

   Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.9.3. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

1.3.10.1. Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.

Сабақтың мақсаттары

   Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

   Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

   Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

   Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

   Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

   Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

   Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

   Аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

   Ғ дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

 

Психологиялық ахуал

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.


   – Балалар, бір-біріміздің жылы сөз арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

ІІ. Ой қозғау.

  1. «Ұшақ ұшыру» әдісі.

  2. Дыбыс пен әріпті қалай ажыратамыз?

  3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  4. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

  5. Й дыбысы қандай дыбыс?

Үй тапсырмасын оқу.Жұлдыздар тарату


Шаттық шебері











слайд

Сабақтың ортасы

 

 ІІІ. Жаңа сабақ.

Тыңдалым. Видео ғарыш туралы.


 Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне  ұшатын   адамдар.Аспан әлемінде де, көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?-Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып , аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз.Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Ю.Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан.Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері-Т.Әубәкіров және Т.Мусабаев деген ағаларымыз.Бұл кісілер   еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.Осы кісілер сияқты білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.- Аспанда тағы нелер болады,балалар?Ғарыш туралы бейнебаян көрсету

Балалар ғарыш, ғарышкер сөздері қай әріптен басталып тұр?

Ғ әрпінен.

Олай болса балалар біз бүгін жаңа әріппен танысамыз. (ғ дыбысымен таныстыру)


Ғ дыбысы мен әрпінің жазба және баспа түрлерімен таныстыру.

   Ғарышкерлер туралы видеоролик көрсету.


Таныстырылым

Видеоролик

I mektep Ғарыш



























Сен білесің бе? Т Мұсабаев туралы

   №1 Миға шабуыл. Оқылым:

1 тапсырма: «Буынға буын қос» ойыны (буындарды оқу).

Мәтінді хормен тізбектеліп оқып шығады. Содан кейін мәтінге байланысты сұрақтар қойылады.

Талғат аға қайда ұшты?

Ол кім?

Оны кімдер күтіп алды?


Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

 

   «Көңілді күн» Видеоролик.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

 

Сабақтың ортасы

 

 

   Оқушылардың дәптерлеріне ғ әрпін жаздыру.

 Дәптермен жұмыс

   №2 Артығын тап. Шығармашылық ізденіс.

   №3 Жаңылтпашты оқы.

   Торғай тоғайды ұнатады,
   Тоғай торғайды ұнатады.

   Жаңылтпашты жатқа айт

 

Оқулықпен жұмыс

 

 

Қызықты тапсырма

 

   №4 «Қай құс нені ұнатады?» ойынын ойнайық.

   Шағала нені ұнатады?

   Қарға ше?

   Қарлығаш ше?

Оқулық

   №5 «Адасқан буындар» ойыны.

Ойын

VІІ. Қорытындылау.

 «Сабақтың соңы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары».

1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу.

Тапсырма

Сөздерді тиісті суретпен сәйкестендіріп, сөз тіркестерін құрап жазыңыз. Заттың аты мен сынын білдіретін сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.


Дескриптор: Білім алушы

- сөздер мен суреттерді дұрыс сәйкестендіреді;

- заттың атын және сынын білдіретін сөздерді сауатты жазады;

- заттың аты мен сынын білдіретін сөздерді қолданып сөйлем құрастырады.

VІІІ. «Кері байланыс».

Рефлексия

Ұшақ суреттері























































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
438
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі