400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мен және табиғат. Й дыбысы мен әрпі" 1 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. 1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 сынып


Мұғалімнің аты-жөні: Амиржанова Ж.К

Оқу бағдарламасына сәйкес

оқу мақсаты

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

Мәтін сұрақтары бойынша толық жауап беруге үйренеді, сөздерді тұтас оқу дағдысы қалыптасады, сөздерді көркем әрі сауатты жазуды үйренеді.

Көпшілігі:

Оқушылар буындап немесе тұтас оқи алады, түсініп оқиды,

Й дыбысы кездесетін сөздерді жазады.

Кейбір оқушылар:

Сөздерден сөйлем, сөйлемнен мәтін құралатынын үйренеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мәтін неден құралады?

  • Сөйлем нелерден құралады?

  • Сөз неден қралады?

  • Дыбыс деген не?

  • Әріп деген не?

  • Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

  • Сөйлем соңына не қойылады?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Алдыңғы сабақта

И дыбысының дауысты дыбыс екені мен ү дыбысы кездесетін сөздердің мағынасын түсіну.

Тілдік мақсат

Тай, сайман, үйшік,оймақ, қаймақ.

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Басы

5 минут








Ортасы

25 минут














































Соңы

5 минут

Қ.Баянбайдың «Керек» өлеңі арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру.

Ие керек итке,

Ине керек жіпке.

Икем керек іске,

Иық керек жүкке.

Оқушыларды пазлдар бойынша 4 топқа бөлу.

  • Ширату сұрақтары арқылы ой қозғау.


Электронды оқулықты пайдалана отырып,

Й дыбысы және әрпімен танысу.

Йогурт сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  • «Йогурт» сөзінде барлығы неше дыбыс бар?

  • Бұл сөзде неше буын бар? Себебі, ...

  • Енді осы «Й» дыбысын зерттеп көрейік. Й Й Й

  • Яғни Й дыбысы қандай дыбыс екен?

  • Ол сөздің барлық буынында кездеседі.

  1. Тыңдалым.

  • Үйшікте ит бар ма?

  • Теңізде кит бар ма? (Өз мекендеріне қондырады)

  • Сайда ай бар ма?

  • Аспанда тай бар ма? (Орындарын табу)

  • Қайықта жан бар ма?

  • Қалада мал бар ма? (Бар-жоқ)

  • Қой мөңірей ме?

  • Сиыр маңырай ма? (Дыбыстап көрсетеді)

  1. Оқылым.

Бағандағы сөздерді оқып талдау. Сөздік жұмысын жүргізу. Оқыту.

Сөздер буындап, тұтастай оқытылып, сөздегі дыбыстың өзгеруіне және буынның қосылуына байланысты жаңа сөз пайда болатындығына назар аудартылады:

Ата ай ой май сай

Атай сай қой шай сайман, т.б.

С е р г і т у с ә т і


  1. Жазылым

Дәптермен жұмыс

Й дыбысы элементтері арқылы жазып үйрену, ауада жазу.

Оқушылардың Йй әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті қолдану.

  • SMK-дан алынған бейнежазба арқылы й дыбысының дауысты дыбыстан кейін келетінін айту. «Й» дыбысының дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, соңында келу үлгілеріне назар аударту.


  1. Топтық жұмыс.

Топқа бөлінген пазл, лего, сурет, киндер жұмыртқасы бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.

Пазл – шашылған әріптерден сөздер құрастырып жаз. Бір-біріңді тексер.

Лего – фигураларда жазылған кеспе әріптер бойынша сөздер құрастыр. Тақтаға шығып оқиды. Сөйлем құра.

Киндер жұмыртқасы – ішіндегі сөздерді буынға бөл. Буын санын анықта, себебін түсіндір. Жасыл жұмыртқа сөйлем құрастыр.

Сурет қиындысы – шыққан сурет бойынша мәтін құрастыр.

  1. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

Егер «М»-дан бастасаң,

Тағамның бір түрімін.

«М»-ны алып тастасаң,

Түнгі аспанның нұрымын.

Май – масло – oil

Ай – луна - moon


Кестедегі сөздерден адамның аттарын құрастыру жұмысын ұйымдастыру.

Оқушылар «Ай» сөзіне түрлі қосымшаларды жалғау арқылы адам есімдерін шығарады: Айдос, Айдар, Айжан, Айнұр, т.б.

Бұл сөздер қалай жазылатынына жауап беру.

Сөйлемде кездескен й әрпінің орнын анықтау.

Рефлексия «Ыдысты таңда», өз смайликтері арқылы көрсетеді.

  • Мен жетістікке жеттім.

  • Досым арқылы үйрендім.

  • Бүгін сабақта көңіл күйім болмады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі