Ашық сабақ: "Мен жəне мені қоршаған орта"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Мен жəне мені қоршаған орта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тəрбиешілеріне арналған, балалардың қоршаған орта туралы білімдерін тексеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен және мені қоршаған орта»

Мақсаты: балаларды туған жерге, қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Өлі және тірі табиғатпен таныстыру. Құстар мен өсімдіктерді, жануарларды қорғауға және қамқорлық жасай білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,табиғат көрінісі, сурет

Ұйымдастыру бөлімі: балалар, бізге қонақтар келіп отыр. Барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңбер құрып, қонақтармен амандасайық.

Балалар ортаға шығып, шаттық шеңберін құрып, амандасады.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң, Алтын Күн!

Қайырлы таң, Жер-Ана!

Сәлеметсіңдерме, достарым,

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Тамаша, балалар. Орнымызға отырайық. Балалар, біз бүгінгі ұйымдастырылған сабағымызды бастамас бұрын, тобымыздың көңіл-күйін анықтап алайықшы.

-Балалар, сендердің көңіл-күйлерің қалай?

-Жақсы.

-Балалар, біз қай елде тұрамыз?

-Қазақстан.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем.

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Қар ериді, жаңбыр жауады, күн жылынады, кемпірқосақ шығады, адамдар қысқы киімдерін шешіп, жұқа киімдерін киеді.

-Олай болса, құлпырған шуақты көктемдей, табиғаттың керемет сұлулығын тамашалап, жақсы көңіл-күймен бүгінгі ұйымдастырылған сабағымызды бастаймыз. Балалар, бізді не қоршап тұр? Табиғат.

-Бізді қоршаған әлем (табиғат) – жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер, су, топырақ.

-Тамаша балалар.

- Міне, балалар, қараңдаршы біздің еліміздің табиғаты қандай тамаша. Бізде кең байтақ дала да, аспан мен тілдескен таулар да бар. Ұлан байтақ жерімізде аңдар мен құстар мекендейді.

-Балалар қарайды.

-Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер?

-Жылқы, сиыр, қоян, қасқыр.

-Жануарлардың неше түрі бар?

-Екі, үй жануарлары және дала жануарлары.

-Жақсы, балалар, керемет.

-Енді, мынау үй жануарларының төлдерін атаңдаршы.

- Жылқынікі – құлын, сиырдыкі – бұзау, түйенікі – бота.

Үй жануарлары үйде, ал дала жануарлары далада орманда өмір сүреді. (Үй жануарларын адамдар бағады, тамақтандырады. Ал дала жануарлары өздерінің тамақтарын өздері тауып жейді)

Балалар бізге хат келген екен. Ішінде не жазылып тұр екен. Ашып оқимыз ба?

-Иә

-Мен – орманшы аталарыңмын. Мұнда бірнеше тапсырмалар берілген. Сендер тапсырманы дұрыс орындасаңдар, кішкене болса да табиғатқа өз пайдаларыңды тигізген болар едіңдер. Кане тапсырманы орындаймыз ба?

-Иә.

-Табиғаттың неше түрі бар?

-Екі

-Тірі табиғатқа нелер жатады?

-Жануарлар, адамдар, өсімдіктер, құстар, жәндіктер.

-Өлі табиғатқа нелер жатады?

-Тау, тас, күн, су, жер.

-Тірі табиғат пен өлі табиғаттың айырмашылығы қандай?

- Тірі табиғат өседі, ал өлі табиғат болса өспейді. Балалар мынау гүл. Ол қандай табиғатқа жатады? Тірі. Ал мынау тас, ол – өлі табиғат.(Ұстап көріп, айырмашылығын айтады.

-Сылдырлап, мөп-мөлдір болып ағып жатқан не?

-Өзен суы.

-Суды ластауға бола ма?

-Болмайды. Балалар сендер судың қандай қасиетін, пайдасын білесіңдер?

Стаканда су құйылып тұрады. Балалар суға қарап оның түсін, пайдасын айтады.

(Оның түсі жоқ, оны біз ішеміз.Сусыз өмір жоқ).

Тәжірибе: екі стаканда таза су тұрады, біріншісіне біз құм саламыз, ал екіншісіне ештене салмаймыз. Балалар суың қайсысы таза, қайсысы лас су екенін ажыратып, ішуге болатынын, болмайтынын айтуы керек.

Бірінші станандағы су –таза, оны ішеміз, ал екінші стакандағы су - лас, біз оны ішпейміз. Сондықтан суды ластауға болмайды.

Ал, балалар енді құмға назар аударайық, үстелдің үстінде тұрған құмның түсі қандай?

-Сары, ал мендегі құмның түсі қандай?

-Қоңыр, не себепті?

-Себебі, бұл құм дымқыл, мен оған су қостым.

Жақсы, балалар, манағы стакандағы құмға қараңдаршы, ол ерідіме?

-Жоқ, құм суда ерімейді.

Ал, енді қалыптар арқылы дымқыл жіне құрғақ құмның пішінін анықтайық. (Қалыпты құрғақ құмға салғанда пішіні сақталмады, ал дымқыл құмға салғанда пішіні сақталды)

Ал, балалар тәжірибе жасады, ал осы тәжірибе арқылы құмның қандай қасиеттерін байқадыңдар?

Құрғақ құм: түсі – сары, суда ерімейді, пішіні жоқ

Ал дымқыл құм: түсі – қоңыр, суда ерімейді, пішіні бар.

-Жарайсындар, балалар. Енді, таза ауада тыныс ала отырып, сергіту жаттығуын жасап алайық.

Сергіту сәті: Қоюланып қара бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп,

Жапырақты жамылып,

Жата қалды көбелек.

Жарайсыңдар, балалар. Балалар сендер табиғат туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.

Ағашты кесуге болмайды, олар бізге таза ауа береді

Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ

Көбелектерті өлтірмендер, ол әдемілік белгісі

Құсты атуға болмайды, құс адамзат досы.

Жасыл шөпті жұлуға болмайы, ол біздің жерімізге көрік береді.

Бір тал кессең, оң тал ек.

Ағаш ексен аялап,

Басында болар саябақ

Керемет балалар.

(Тыйым сөздерді суреттен тауып, айту)

Біз орманшы атаның тапсырмаларын орындау арқылы табиғатты қорғап, аялау керек екендігін білдік.

Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты: «Ұшты-ұшты»

-Мен құстың атын айтсам, қолдарынды сермейсіңдер, ал заттың атын айтсам бір қалыпты тұрасыңдар.Мысалы ұшты-ұшты қарлығаш ұшты – балалар құстар секілді қанаттарын қағады.

Керемет, балалар, жарайсыңдар, өте тапқыр екенсіңдер.

-Балалар, біз апсырмаларды дұрыс орындадық па?

-Иа.

-Дұрыс айтасыңдар. Балалар біз табиғатқа қамқорлық жасау арқылы оның көркеюіне, өсуіне қол ұшымызды тигіземіз. Балалар табиғаттағы алуан түсті гүлдер, биік таулар, жарқырап сәулесін шашқан күн, таза ауа адамдарға денсаулық пен қуаныш сыйлайды екен, яғни бізде табиғаттың бір бөлшегіміз. Олай болса, табиғат анаға алғысымызды айттық. Енді табиғатқа

-Күніміз ашық болсын!

-Суымыз тұнық болсын!

-Ауамыз таза болсын!

-Гүліміз жақсы өссін, - деген тілектерімізді білдіріп, мына суреттерді табиғат ананың жанына іліейік.

Керемет, жарайсыңдар балалар. Бүгін сендер табиғатқа қамқорлық жасау қаншалықты маңызды екенін түсіндіндер. Енді бүгіннен бастап сендер «Табиғат қорғаушыларысыңдар». Мен сендерге «Мен табиғат қорғаушысымын» деген билет қағазын тапсырамын.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2020
26132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі