Материалдар / Ашық сабақ Мен Отанымды сүйемін
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Мен Отанымды сүйемін

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақты жіберудегі себебім жас мамандарға керегі болар деген оймен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
909
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Мұқағали Мақатаев.

Отан туралы.

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 - шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау

2.2.2.1 - мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

2.3.3.1 - шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі. тарих

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут


Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған,

Мынау –басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау-оң қолым,

Мынау-сол қолым.

Барлық істі басқарған

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3,4 вагондарға бөлініп отырады.



1-топ:

«Бақыт» вагоны

2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны

3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны

«Қызыл гүлім-ай» би билету.

Жаңа білім

10 минут








Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Мұқағали Мақатаев.

Отан туралы.

«Жариялау» әдісі

Ашық және жабық сұрақтар қойылады

1-топқа Отан деген не? /Жіңішке сұрақ/

2-топқа Отанды не үшін сүйесің? / Жуан сұрақ/

3-топқа Отан деген сөзді қалай түсінеміз? /жуан сұрақ/

4-топқа Біздің Отанымыз? /жіңішке сұрақ/

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)











Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут






Қолдану Мұқағали Мақатаев.

Отан туралы.

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Түсіндіру.

Топтық, жеке жұмыс жүргізу.

Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

- Ал енді осы туып - өскен жерімізді тағы қалай атауға болады? Отан

- Отан деген не? ( оқушылардың пікірін тыңдау)

VI. Топтастыру

- Міне, балалар осының барлығы қандай Отан ?

- Ол әр адамның кішкене отаны. Осындай кішкене отандардан кең Отан шығады.

- Ол қалай аталады?

- Біздің Отан анамыз Қазақстан республикасы.

- Иә балалар.

- Ал енді осы Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз, егеменді)

- Еліміз егемендігін қашан алды? (1991 ж 16 желтоқсан)

- Отанымыздың астанасы қай қала?

- Қазақ халқын басқа ел қайдан біледі?

( Елтаңба, әнұран, туымыз арқылы )

VII. Картамен жұмыс

- Тақтадан не көріп тұрмыз балалар?

- Бұл Қазақстанның картасы

- Неше бөліктен тұрады?

- Астана қай жерде орналасқан? ( солтүстікте)

- Біздің тұрған жерімізді көрелік,қай жер?

-Батыс Қазақстан облысы . Кім көрсетеді?

Біздің ата -бабаларымыз, әкелеріміз осы Қазақстанда туып өсті. Бізде осында туып өстік. Өз ана тілімізде сөйлейміз. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Отанымыз бізді нанымен, суымен асырады. Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа мемлекеттер көп. бірақ ана әр адамда біреу – ақ. Ендеше Отан - ана да ол үшін біреу. Қазақстанның көп бөлігін далалы жерлер алып жатыр. Жеріміздің ұшы – қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарханын ақ нанға толтырған егістігі, суы мөлдір өзендері, пайдалы қазбалары өте көп.

Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері де көптеп тұрады. Олар бір - бірімен тату – тәтті.

VIII. Сөзжұмбақ шешу

Қызығушылықты ояту Сөзжұмбақ «Отан»






о









т









а








н


1.Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?
2.Отбасындағы әке атауы.
3.Ел сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?
4.Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі.

-Отан сөзін басқаша қалай айтуға болады?

Көп нүктенің орнына қарамен жазылған сөздерді қойып дауыстап кезектесіп оқиды. Сол оқыған сөздері бойынша топтың аты шығады



- Қазір бізге балалар сөзжұмбақ берілген. Сол  сөзжұмбақты шешу арқылы біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білеміз

1. Ұлттар бірлігі, татулығы

2. Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі

3. Ұлттың аты?

4. Сені өмірге әкелген мейірімді жан?

Қара түсті торкөздің ішіндегі сөзді бәріміз дауыстап оқиық. Отан

- Ендеше балалар бүгін біз сендермен белгілі қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын мұқағали Мақатаевтың «Отан » туралы өлеңіне тоқталамыз. Жазушы ағамыз өзінің Отанға деген ыстық сезімін өлеңмен жеткізеді. /қысқаша өмір баяны таныстырылады/

 ( Дәптерге күнді жазып, тақырыпты жаздыру, автор туралы түсінік беру)

Дәптермен жұмыс.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ол 1931 ж. 9 – шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9 -да тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8 – інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау дүниенің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз. «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты – Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған,. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата – әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады(“Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?”). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер,

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу



Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Оқулықпен жұмыс

А) мұғалімнің оқуы

Ә) оқушылардың оқуы

1-топ. Б) осы өлеңді ақын қандай көңіл күнмен жазған деп ойлайсыңдар?-Топ

2-топ. В) Ақын отанды неге теңейді?

8. Дәптермен жұмыс

Өлеңді пайдаланып Отанға, аспанға, тауға, гүлге қатысты көркем сөздерді тауып жазу

Отан – Ұлы Отан, мөп - мөлдір аспан, асқар тау, қауызын ашқан гүл.

Поэзия минуты

Қазақстан Отан туған жер туралы білетін өлең тақпақтарын айтқызу.

Жалғасын тап ойыны

1-топ 1. Отансыз адам -................

Отан үшін отқа түс..........

2-топ 2. Отан оттан да.................


Отанды сүю -...................

Қорытынды. Рефлекция.

- Сонымен балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Несімен? БББ кестесі бойынша :

Білетінім... Білгенім ... Білгім келеді... оқушыларды сөйлету.

- Отан деген не?

- Қазір тақтаға күн шығады. Сол күннің сәулесіндегі теңеулерді барлығымыз бірге айтамыз.






Таақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау



5 минут







Кері байланыс

3 минут



Смайликтер арқылы бағалау

немесе басбармақ әдісі бойынша









«Алма ағашы» әдісі 
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.






Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағаштарға жабыстырады.

Үйге тапсырма: көркем оқу.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?





Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Тест тапсырмасы. (слайд)

  1. Мұқағали нешінші жылы дүниеге келді?

А) 1932ж.

Ә) 1931ж.

Б) 1986ж.

  1. Мұқағалидің туған жері?

А) Жамбыл обл.

Ә) Нарынқолауданы

Б) Тараз

Б) драма

  1. 6. Әкесі нешінші жылы соғысқа кетті?

А) 1940ж.

Ә) 1941ж.

Б) 1942ж.

  1. 7. Мұқағали қандай тілдерді білді?

А) Орыс, Неміс, Қазақ

Ә) Ағылшын, Неміс, Орыс

Б) Орыс, Парсы, Түрік

  1. 8. Неше жасында жетім қалды?

А) 9

Ә) 10

Б) 12

  1. 9. Анасының аты?

А) Күлпаш

Ә) Нағиман

Б) Гауһар

 

Салыстыр. Өлеңнің тақырыбы мен тіліне ұқсайтын шығарма бар ма? Кіммен немесе кімнің шығармасымен салыстыра аласың? (Венн диаграммасы қолданылады).

 

  1. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!