400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:  4

Күні:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

 Мен өз елімнің патриотымын

Мақсаты:

 

Оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру тәрбие сағатының мақсаты.

Күтілетін нәтижелер:

 

Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдайалады.

Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.

Керекті жабдықтар:

маркер, флипчарт.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

 

 

1. Ұйымдастыру. Тренинг «Саңырау телефон» -шеңберге тұрып, бір оқушының құлағына сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді басқаларына жеткізеді.

2. Топқа бөлу(қиық қағаздар арқылы)

1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.

2.Оқушылар қиық қағаздарды таңдап, топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту 

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Балалар, алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткеніміз


Әр оқушы айтады

Сұлтанбек: Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін.
Нұрасыл: ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт- дәстүрін дәріптейтін.

Елжас: ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға.

Умида: Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет ететін.

Айзада: халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 

жөн болар. 

Ақтілек: Патриоттық ең алдымен туған елінің тамыры терең тарихын білуден, бабаларымыз ғасырлар бойы жүріп өткен қилы замандардан сабақ алудан басталады. Елінің өткеніне құрметпен қарап, қазіргі замандағы даму барысына шын ниетпен үлес қосып, болашағына үмітпен қарап, өз елінің перзенті ретінде азаматтық парызын адал атқарған адамды ғана шын мәнінде нағыз отаншыл адам деуге болады. Сондықтан ең бірінші қадамымыз тарихымызды білуде жатыр.

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс-ақ, ендеше балалар тапсырмалар орындайық.

 1. Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру, әр жұмысты талдап, әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр жауапқа толық талдау жасау. 

Мағынаны ашу 

 

 

«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі.

  1. Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру

 2. Сұрақ-жауап ойыны. Сұрақтары.

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? –(тұлпар,шаңырақ,жұлдызша.күн

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

  5. Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

  7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

  8. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

  9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

  10. Конституция күні? – (30 тамыз)

  11. Облысымыздан шығатын газет? –

3.«Мақалды тап» ойынын ойнайық.

Отан -   да ыстық.

Отан  -нан басталады.

Отан туралы,туған жер туралы мақал-мәтел айту

Ән «Көк тудың желбірегені».


Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.

Б – білімімді арнайтын
О – отанымды қорғайтын
Л – лаңкестікті даттайтын
А – адалдықты жақтайтын
Ш – шуағымды шашатын
А – асулардан асатын
Ғ – ғарыш сырын меңгерген
Ы – ынтымақты тең көрген
М – менмендікті жек көрген
Қ – қазаққа қызмет ететін
А – арманына жететін
З – заңды жақсы білетін
А – алға қарай жүретін
Қ – қайырымды елімнің
С – салтанатты жерімнің
Т – толықтырам сенімін
А – абыройын, жігерін
Н – намысын қолдан бермейтін 

Бәрі: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің!


Міне, балалар, бүгін өздерің Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріктерінді, яғни, нағыз азамат болып қалыптасып келе жатқандарыңды көрсете білдіңдер. Ақын атамыз Жұбан Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі, 
– деген екен. 
Сондықтан өткенін құрметтейтін, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтайтын, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол.
Жолдарың ашық, болашақтарын жарқын болсын!

Сұрақтарға жауап беру

тақырып бойынша қысқаша әңгімелеу.

Екітілек, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалау. 





















































Хормен ән айту












                                             














                       

Қорытынды


Р ефлексия парағын толтыру.






Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
16.10.2023
436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі